«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КYРЕ ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Елорда мен өңірімізді байланыстырып тұрған күре жолдың бойында қысы-жазы көлік ағылып жатады. Сол себепті осы тас жолдың бойында орналасқан ауылдардың көпшілігінде тұрғындар қолдан жасалған бұйымдар мен тағамдарды, тұрмысқа қажетті заттарды саудалап, нәпақа табуды әдетке айналдырған. Сондай елді мекендердің бірі – Астраханка ауылы. Бұл ауыл арқылы өткен-кеткендер дерлік жол жиегінде орналасқан сауда-саттық …

КYРЕ ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА Read More »

Елу баланың екінші анасы

Бақытты отбасы. Ол қандай болуы керек? Әрине, отбасылық бақыт бала сүю қуанышына негізделгені айтпаса да түсінікті. “Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар” деген мақал да содан шыққан болар. Өмірін бала тәрбиесіне арнаған аналар әлемде жеткілікті. Бірақ біреудің баласын бауырына басып, өз баласындай мәпелеп өсірушілер кемде-кем. Саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған Сәуле Кеңесқызы солардың …

Елу баланың екінші анасы Read More »

Жас ұстаздар отбасы ҚАЛАДАН КЕЛДІ АУЫЛҒА

Кеше ғана оқуын бітіріп, дипломын құшақтаған жастардың бәріне бірдей облыс орталығынан жұмыс табыла бермейтіні анық. Солай болғанның өзінде де қалаға тұрақтағандарға тұрғын үй мәселесін шешу оңайға соқпайды. Бұл ретте білімі бар, жұмыс іздеп жүрген жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Осының бір дәлелі – 2009 жылы қолға алынған “Дипломмен – ауылға!” жобасы.  …

Жас ұстаздар отбасы ҚАЛАДАН КЕЛДІ АУЫЛҒА Read More »

“МЕН – ҚАЗАҚПЫН!” – ДЕП МАҚТАНАМЫН

Қайролла МҰҚАНОВ, Мәдениет қайраткері, білім беру ісінің ардагері. Алыстан алаш десе, аттанамын, Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын! Міржақып ДУЛАТОВ. “Мың өліп мың тірілген” қазақ халқы өзінің Отаны үшін не көрмеді, не істемеді?! Елін, жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді. Сонау XVIII ғасырдың бірінші ширегінде халқымыз …

“МЕН – ҚАЗАҚПЫН!” – ДЕП МАҚТАНАМЫН Read More »

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЕСКЕРІЛГЕН салиқалы шешім деп білемін

Кәрібай МҰСЫРМАН, облыстық мәслихаттың депутаты, “Қызылжар-Ақпарат” ЖШС директоры. Ауыл әкімдерін сайлау жайында ойланғанымда сонау тоқсаныншы жылдары бұрынғы кеңшарлардың негізінде құрылған өндірістік кооперативтердің (ӨК) төрағаларының қалай сайланғандығы есіме түсті. Айыртау ауданындағы бір ауылдың азаматтары шаруасы өрге баспай, өлмелінің күнін кешкен ӨК-нің басшылығына қолдарында “қызыл” да “көк” те дипломдары бар, жоғары білімді м-мандарды лайық көрмей, шетінен сынап-міней …

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЕСКЕРІЛГЕН салиқалы шешім деп білемін Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2013 жылғы 22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдігіне үміткерлерді тіркеу аяқталды. Аудандардың әкімдері ұсынған 578 үміткердің 572-сі тіркелді, олардың ішінде 11-і – аудандық маңызы бар қалалардың әкімдігіне үміткерлер және 561-і – ауылдық округтер әкімдігіне үміткерлер. 23 шілдеде сайлауалды үгіт басталды, ол 5 тамызда 24 сағатта аяқталады.

ЕГІЗ БАЛА экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасының арқасында дүниеге келді

Экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасының арқасында үстіміздегі жылдың маусым айында алғашқы сәбилер дүние есігін ашты. Петропавлдық бақытты отбасы шекесі торсықтай егізбен толықты. Бүгіндері нәрестелердің жағдайы жақсы. Аталмыш орталық өткен жылдың тамыз айында №3 қалалық аурухананың негізінде ашылған болатын. Қазіргі таңда репродукция бөлімінде 3 репродуктолог-дәрігер, 3 эмбриолог-дәрігер және 1 андролог-дәрігер қызмет етіп жүр. Дәрігерлердің дені Алматы қаласындағы репродуктивті …

ЕГІЗ БАЛА экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасының арқасында дүниеге келді Read More »

АЛҒА БАСУШЫЛЫҚ БАР

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында көтерілген мәселелер өңірімізде рет-ретімен өз шешімін табуда. Облыста құрылған ақпараттық-насихат тобының мүшелері жұртшылықпен кезекті кездесуінде осылай деді. Олар облыс орталығындағы “Есіл су” РМК-ның еңбеккерлерімен кездесіп, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін жиналған қауымға хабардар етті.

АСАНҚАЙҒЫША ЖЕР АРАЛАП, АЙЫРТАУДЫ ТАҢДАҒАН АЗАМАТ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Жаңабай Пірманов Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыздың шеттегі отандастарымызды атамекенге шақырған Үндеуіне үн қосып, осыдан он жеті жыл бұрын бауырлас өзбек елінен екі інісімен бірге Қызылжар өңіріне қоныс аударған екен. Ердің жасы елуді еңсеріп қалған атпал азаматтың бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі – жүрек үніне құлақ асар тәуекелшілдігі болса керек.  

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2013 жылғы І жартыжылдықта ауылдық елді мекендердегі жүзеге асырылған инвестицияның үлес салмағы облыс бойынша жалпы инвестиция көлемінің 68%-ын құрады. 2013 жылғы қаңтар-маусымда ауылдық елді мекендердегі негізгі құралдарға салынған инвестиция 21 155,2 млн. теңгені құрап, ол 2012 жылғы деңгейге 132,3% болды. Ауылдық елді мекендердегі инвестицияның барынша көп көлемін жекеменшік кәсіпорындар жүзеге асырды, оларға облыс бойынша көлемнің …

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АҚШАЛАЙ ТАБЫСТАРЫ

2013 жылдың қаңтар-мамырына алдын ала есептеу бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 44 433 теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-мамырына алдын ала есептеу бойынша тұрғындардың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 2012 жылғы сәйкес кезеңдегіден – 9,1%-ға, нақты ақшалай табыстары 2,2%-ға өсті. Тұрғындардың атаулы ақшалай табыстары       Облыстық Статистика департаменті.

2013 ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ

Облыста 2013 жылдың бірінші жартысында орташа айлық еңбекақы 71 216 теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,1%-ға өсті.   Жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысының көтерілгені экономикалық қызмет түрлерінің бәрінде байқалды. Ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбекақы 13,8%-ға өсті. Өнеркәсіпте жұмыскерлердің еңбекақысы 17,2%-ға, құрылыста – 10,8%-ға, көлік және қоймалау – 8,8%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 3,9%-ға …

2013 ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ Read More »

ОБЛЫС АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

  2013 жылғы маусым айында облыста бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 77 137 теңгені құрап, 2012 жылғы маусым айымен салыстырғанда 3,9%-ға өсті, нақты көріністе 1,6%-ға кеміді. Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Мамлют (71 332 теңге) және Қызылжар (71 496 теңге) аудандарына тиесілі. М.Жұмабаев (68 209 теңге) және Ғ.Мүсірепов атындағы (68 961 теңге) аудандарда …

ОБЛЫС АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ Read More »

ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КІМ АЛА АЛАДЫ?

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын қалпына келтіру және дамыту, сондай-ақ тұрғындардың тұруына жайлы жағдай жасау үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетуді көздейді. Мемлекет тарапынан халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау бағыттарының бірі тұрғын үй көмегін көрсету болып табылады. Әлеуметтік көмектің осы түрі “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және “Аз қамтамасыз …

ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КІМ АЛА АЛАДЫ? Read More »

ТҰРҒЫНДАР БАСЫ ҚОСЫЛСА, тындырылатын істер ұлан-ғайыр

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы Петропавл қаласында біршама табысты жүргізілу үстінде. Оны қаладағы көптеген көппәтерлі ескі үйлердің шатырлары мен қасбеттеріне жаңарту жұмыстары жүргізіліп, олардың көріктене түскенінен байқауға болады. ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы үйлердің сыртқы көзге түсер кейпін ғана емес, сондай-ақ олардың ішкі коммуналдық жүйелерін, ортақ кірме дәліздерін, ескі есік-терезелерін …

ТҰРҒЫНДАР БАСЫ ҚОСЫЛСА, тындырылатын істер ұлан-ғайыр Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР Эктовтарды қарсы алды

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Сейсенбі күні кешкі сағат 19.30-да солтүстікқазақстандық спорт сүйер қауым Петропавл қаласының темір жол вокзалында Қазан қаласында өткен бүкіләлемдік универсиадаға қатысқан ерлі-зайыпты Евгений мен Ирина Эктовтарды салтанатты түрде қарсы алды.   Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Евгений өткен жылғы универсиадада үш қарғып секіруден үшінші болса, үстіміздегі жылы да бұл көрсеткішті қайталады. …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР Эктовтарды қарсы алды Read More »

ЕКІ АДАМДЫ ЖҰТТЫ ЕСІЛ…

Жыл басынан бері 24 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның төртеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары жалпы 60 адамды құтқарса, оның 22-сі – бала. Қайғылы жағдайға көбінесе демалушылардың сақтық ережелерін сақтамаулары себеп болуда. Соңғы күндері екі облыс тұрғыны суға батып кетті. Қайғылы оқиғалардың бірі Қызылжар ауданындағы Красная горка елді мекенінде тіркелді. Ауыл жанында ағып жатқан …

ЕКІ АДАМДЫ ЖҰТТЫ ЕСІЛ… Read More »

АТЛАНТ МҰХИТЫНЫҢ ЖАҒАСЫНДА домбыраны әуелеткен қызылжарлық ару

Әйгілі “Домбыра Патиға” тікелей қатысы бар жерлесіміз Сәния Қуанқызының ұлттық өнеріміз үшін жасаған ерлігі назар аударарлықтай. Ол жиһангездер отаны – Португалияда аспанмен астасқан ұлы теңізге домбыраның үнін естірту үшін киелі аспапты амалсыздан екіге бөліп шекарадан жасырып өткізген. Осы әрекеті үшін ол “Фейсбук” әлеуметтік желісіндегі “Домбыра Party” қауымдастығының батыр қызы атанды. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. – …

АТЛАНТ МҰХИТЫНЫҢ ЖАҒАСЫНДА домбыраны әуелеткен қызылжарлық ару Read More »

ЕРЖАН ТҮСІРГЕН ЕРЕКШЕ КЛИП бір миллион көрермен жинады

Осыдан он шақты жыл бұрын жастардың жүрегін әнімен жаулаған жергілікті “Тұмар” тобының экс-солисі Ержан Қабдуллин жаңа клип түсірді. “Лондон – Мәскеу – Астана” деп аталатын бұл бейнебаян бір айдың ішінде youtube.com порталында миллион көрермен жинап, Қазақстан шоу-бизнесін дүрілдетті.  Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Ержан жас әнші, продюсер әрі композитор ретінде кеңінен танымал. Бұл – оның алтыншы …

ЕРЖАН ТҮСІРГЕН ЕРЕКШЕ КЛИП бір миллион көрермен жинады Read More »

БІР АУДАННЫҢ 25 ЭТНОБІРЛЕСТІГІ БАР

Жұма күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығында “Салт-дәстүр” фестивалі өтті. Оның барысында өңіріміздегі этнобірлестіктердің жұмысы сараланған семинар да ұйымдастырылды.  Тоқтар ҒАЛЫМ, журналист. “Салт-дәстүр” фестивалін тамашалауға барған қонақтар әуелі аудан орталығының мақтанышы – “Астана” саябағы мен “Жастар” стадионында және салынып жатқан “Юра дәуірі” саябағында болды. Соңғысы 27 шілде күні салтанатты түрде ашылмақ. Экскурсиядан кейін “Нұр Отан” ХДП-ның …

БІР АУДАННЫҢ 25 ЭТНОБІРЛЕСТІГІ БАР Read More »