«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ БҰЗҒАНДАР САЗАЙЫН ТАРТАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департа-ментінің атқаратын қызметтерінің бірі Қазақстан Республикасының “Табиғи мо-нополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңының сақталуын қадағалау болып табылады. Сондықтан департамент заңсыз әрекеттерге жол берген табиғи монополия субъектілерін әшкерелеп, оған кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіп отырады. Департаменттің баспасөз қызметі төмендегідей деректерді алға тартады. “Коммунсервис” …

ЗАҢ БҰЗҒАНДАР САЗАЙЫН ТАРТАДЫ Read More »

ЖУРНАЛИСТЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Өткен демалыс күндері өңірдің журналистер қауымы өздерінің төл мерекелерін табиғаты сұлу Аққайың ауданының “Оқжетпес” балалар демалыс лагерінде атап өтті. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қалам мен микрофонды өмірлік серік еткен жандардың қуанышына ортақтасқан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Әлішев пен Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев баспасөз, телевизия және радио қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.  

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!..

Фотоэтюд     Қашан да ардақтаған ел кемелін,Дарытқан сол ғибратты егделерім.Келешек ұрпақ жайлы толғанады,Парасат, ақыл кернеп кеуделерін.   Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

АУЫЛЫНА АДАЛ АЗАМАТ

Күлшат ІСЛӘМҚЫЗЫ. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында адам баласы – өз өмірінің ұстасы. Құбылып тұрған осынау заманда бойындағы адамгершілік қасиетін, отаншылдық сезімін сақтап, аянбай еңбек еткен адам ғана өмірдің күрделі сынағынан сүрінбей өтіп, шынайы бақыт шыңына көтерілері хақ.  

АҚСАҚАЛДЫҢ АЛҒЫСЫ ЗОР

“Әлемде медициналық қызметкерлердің көмегіне жүгінбеген жан жоқ шығар, сірә. Мен де солардың бірімін. Аяқ астынан науқастанып, аурухананың ота үстелінен бір-ақ шықтым. Ақ халатты абзал жандардың көмегімен дертімнен сауықтым”, – деп қолына дәрігерлердің аты-жөні жазылған бір жапырақ қағаз ұстаған қария келді редакциямызға. Өзін Ескендір Тасбай деп таныстырған зейнеткер осы мақала арқылы оны дертінен емделіп шығуға септігін …

АҚСАҚАЛДЫҢ АЛҒЫСЫ ЗОР Read More »

ҒҰМЫРЫ ТҰНҒАН ӨНЕГЕ

Айдана АСЫЛХАНОВА, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті. Ұстаз… “Ұстаз” десе, есіме өз ұстаздарым түседі. “Балаға үйретуден жалықпайтын”, жақсылыққа жетелеп, жамандықтан жирендіре білетін, өн бойынан мейірім мен қамқорлықтың, дана ойдың, тұп-тұнық ізгі сезімнің лебі есіп тұратын, тек менің ғана емес, барлық шәкірттерінің жүректерінен ерекше орын таба білген ұстаздарымды ұлағаттылық пен парасаттың биігі деп білемін. Осындай …

ҒҰМЫРЫ ТҰНҒАН ӨНЕГЕ Read More »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДА Қызылжар ауданында игі істер қолға алынуда

Орал ҚАППАСОВ, Қызылжар ауданының әкімі. Мемлекет басшысы электр қуатын үнемдеу саласында ішкі жалпы өнімге энергия жұмсауды 2015 жылға дейін кемінде 10 пайызға, ал 2020 жылға дейін 25 пайызға азайту міндетін қойып отыр.   Қызылжар ауданында шаруашылықтың барлық саласында электр қуатын үнемдеу және электр қуатының тиімділігін арттыру басым міндет болып саналады, өйткені ол энергетикалық, экологиялық және …

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДА Қызылжар ауданында игі істер қолға алынуда Read More »

ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУГЕ ЫНТАЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Марат МҰСТАФИН, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 28 қарашада барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген кеңесте энергияны, жылу мен суды үнемдеу, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерді есептеу аспаптарын орнату мәселелерін тұрғындар арасында түсіндіру бойынша шаралар қолдану қажеттігі жөнінде міндет қойды.

ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ дін жөніндегі семинарға қатысты

12-інші маусым күні Астана қаласында БАҚ өкілдеріне арналған “Дін саласындағы мемлекеттік саясат” тақырыбында семинар-дәріс өтті. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен “төртінші билік” өкілдері үшін өткізіліп жатқан семинар-дәріс барысында еліміздегі діни ахуал жан-жақты сараланды. Алдымен еліміздің дін туралы заңнамасы түсіндіріліп, діни бірлестіктер мен миссионерлерге қандай талаптар қойылып отырғандығы айтылды. Бұдан кейін дінтану саласының білікті …

ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ дін жөніндегі семинарға қатысты Read More »

ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІН МӘСЕЛЕСІ Астанада талқыланды

13 маусым күні Астана қаласында “ТМД елдеріндегі діндердің рөлі” тақырыбында Халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения елдерінің өкілдері қатысты.   Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш шараны ашқан Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф: – ТМД елдері тұрғындарының біраз бөлігі діншіл екендігіне қарамастан, дін ықпалынан елеулі арылған елдер болып табылады. …

ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІН МӘСЕЛЕСІ Астанада талқыланды Read More »

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ КӨКЕЙКЕСТІ КҮЙІНДЕ

“Нұр Отан” ХДП Петропавл қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы өтіп, онда “Балапан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы талқыланды.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Шолпан Каринова мәлім еткендей, бүгінгі күні облыс орталығында 51 мектепке дейінгі мекеме қызмет етуде. 2010-2014 жылдарға бағытталған аталмыш бағдарлама аясында биыл балабақшаларда 700-ге жуық қосымша орын …

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ КӨКЕЙКЕСТІ КҮЙІНДЕ Read More »

234 ЖАС САРДАР САПҚА ҚОСЫЛДЫ Олардың ішінде Қырғызстан мен Тәжікстанның азаматтары да бар

Өткен сенбіде Петропавл Әскери институты кезекті түлектерін ұшырды. Биыл алғаш рет әскери оқу орнын Қырғызстанның сегіз және Тәжікстанның он азаматы тамамдады. Әрі институт тұңғыш рет ең ірі көлемде жас офицерлерді даярлап отыр. Жас сардарлардың оқуды тамамдау рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықов, Қырғызстан Республикасы ІІМ …

234 ЖАС САРДАР САПҚА ҚОСЫЛДЫ Олардың ішінде Қырғызстан мен Тәжікстанның азаматтары да бар Read More »

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ардақтауға әбден лайық

Кеше Петропавлда Медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Дәстүрлі шараға қатысқан өңір басшысы Самат Ескендіров ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше үлес қосқан медицина қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс етті. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Өзінің құттықтау сөзінде Самат …

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ардақтауға әбден лайық Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ӨКІЛЕТТІГІН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктің қайталануын жоюға және жергілікті атқарушы органдар өкілеттігін кеңейтуге бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарланды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстан Республикасына келді. “Ташкент-2” әуежайында Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Ислам Каримов және Өзбекстанның жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин қарсы алды. “Көксарай” резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Басшысы Ислам Кәрімовтің тар ауқымдағы келіссөздері өтті. Елбасымен бірге тар ауқымдағы келіссөздерге ҚР Сыртқы …

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ Read More »

Мешіттің оқырмандарымен кездесу

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам Кенжетай Дүйсенбайдың ұйымдастыруымен “Қызылжар” орталық мешітінің кітапханасында оқырмандар қауымымен “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды.    Роза ЫСҚАҚОВА, “Қызылжар” орталық мешітінің кітапхана меңгерушісі. Аталмыш отырыста ҚМДБ тарапынан жарық көрген діни әдеби кітаптар және газет-журналдар келген қауымға кеңінен насихатталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында “Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана …

Мешіттің оқырмандарымен кездесу Read More »

ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Медицина қызметкері күні мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен “Астана медицина университеті” АҚ базасында “Үздік дәрігер” және “Үздік ауыл дәрігері” республикалық байқауының қорытынды кезеңі болып өтті. Конкурсқа тәжірибелік еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар дәрігерлер қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 24 үміткер бақ сынады: олардың 15-і – “Үздік …

ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ҚОСТАНАЙЛЫҚ МАРГАРИТА БИСЕНОВА – ҮЗДІК САРАПШЫ

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Медицина қызметкері күніне орай “Кәсібіндегі үздік маман” байқауы шеңберінде “Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәуелсіз сарапшы” аталымының қорытындысы шығарылды.    Бұл байқау осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Іс-шараның мақсаты – жоғары білікті, дарынды, тәуелсіз сарапшыларды анықтау, қолдау және ынталандыру, сондай-ақ олардың беделін арттыру.

ҚАН ТАПСЫРУ – адам жанына араша түсу

14 маусым – Бүкілдүниежүзілік донор күні. Осыған орай облыстық Қан орталығында өз еркімен қан тапсыру акциясы өткізілді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Таңғы сағат 8-ден түскі 3-ке дейін донорлар қан орталығына жиналды. Солардың бірі – Өрікбай Жұматаев (суретте). Гуманитарлық-техникалық колледжде ағаш шебері болып қызмет ететін ол жыл сайын қан тапсыруды әдетке айналдырған. “Бүкілдүниежүзілік донор күнінде …

ҚАН ТАПСЫРУ – адам жанына араша түсу Read More »

Виктория Переверзева – Азия чемпионатының жүлдегері

  Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Командалық көпсайыста Қазақстан құрамасының құрамында ел намысын қорғаған жерлес гимнасшы Виктория Переверзева үшінші орыннан көрінді. Бүгінде көркем гимнастика бойынша Қазақстанның спорт шебері Виктория 6 жасынан бастап спорттың бұл түрімен айналысып келеді. (Өз тілшімізден).