ӨТКЕННЕН САБАҚ АЛҒАН АБЗАЛ
Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “АТФ Финанс” АҚ-ның сараптамашысы Жанар Нұржанованың айтуынша, қазіргі уақытта дағдарыстың екінші толқынының болу қаупі өте жоғары. “Әрине, ол бізге жақсылық әкелмейді. Бюджетіміздің кіріс бөлігі негізінен мұнайдан түсетін пайдадан құралады. Әлемдік нарықта оның бағасы долларға тәуелді, ал АҚШ-тың өз ішіндегі де күрделі жағдайларға қарамастан, долларды ауыстыра қоярлықтай басқа құрал бәрібір жоқ. Алтын …