Тәрбиеленушілеріміз топ жарып жүр
Кенжегүл ХАМЗИНА, облыстық ұлттық спорт мектебі директорының орынбасары. Қазақ күресі мен тоғызқұмалақ ойыны – ата-бабамыздан мирас болып қалған асыл мұрамыз. 2004 жылы Петропавл қаласында облыстық ұлттық спорт мектебі ашылғаннан бері өңірдің жас жеткіншектерін аталмыш спорт түрлеріне баулу жұмысы қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта біздің мектепте, қазақ мектеп-гимназиясында, Ақжар, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев аудандарында ашылған бөлімдерде …