ТАТУЛЫҚ пен БІРЛІК – басты байлығымыз
“Ассамблея” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Петропавлдағы Достық үйінде “Этносаралық келісім – тұрақтылық пен гүлденудің негізгі бағыттарының бірі” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Түрлі ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері жиналған үстел басында облыстағы этносаралық келісім, тұрғындардың қарым-қатынасы, тұрақтылық жағдайы талқыланды. Сөз алғандардың барлығы Қазақстандағы татулық пен бірлікті басты байлыққа теңеп, бұл жолда қандай шараларды күшейту …