«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – қоғамдық кеңес бақылауында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылғы 15 сәуірде “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңға қол қойып, ол 21 мамырда заңды күшіне енген болатын. Соған орай “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының жанындағы Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасына бақылау және мониторинг жүргізу жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл заң халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды және …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – қоғамдық кеңес бақылауында Read More »

ӨРТТІ ШЕКАРАДАН ӨТКІЗБЕУ – МАҚСАТ

Орман өрттері шекараға қарамайды, жолында кездескеннің бәрін күлге айналдырады. Көршілердің мұңы ортақ. Қазір көршілес Ресей мен біздің мемлекеттің билік органдары табиғи апаттарды ауыздықтауда өзара әрекеттестікке ерекше назар аударып отыр. Бұған былтырғы жылы алғаш рет өткізілген Қызылжар ауданы мен Түмен облысының Қазан ауданы шектескен тұста орман-дала өртін жою бойынша бірлескен оқу-жаттығу дәлел.  Евгений ОБУХОВ, облыстық ТЖД-нің …

ӨРТТІ ШЕКАРАДАН ӨТКІЗБЕУ – МАҚСАТ Read More »

КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық ашық біріншілік өтті. Спорттық шараға ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ІІМ, ҚАЖК, Республикалық гвардия, ҚР Қаржы полициясы, ҚР ПКҚ, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ІІМ ІӘ, ҚР Кедендік бақылау комитеті он команда қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш шараны салтанатты түрде …

КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ Read More »

КӨШПЕЛІ КЕҢЕСТЕ ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бейсенбі күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі көшпелі кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде “Жұмыспен қамту – 2020”, “Дипломмен – ауылға!”, “Жастар тәжірибесі”, “Жасыл ел” бағдарламасына жастардың қатысуы және оның жүзеге асырылу барысы, өскелең ұрпақты саламатты өмір салтына баулу секілді бірқатар мәселелер қаралды. Сондай-ақ Тимирязев пен …

КӨШПЕЛІ КЕҢЕСТЕ ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР – ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕ

19 маусымда Петропавл қаласының орталық алаңында 2013 жылғы мектеп түлектерінің кеші өтті. Салтанатты шараға 1096 түлек қатысты. Олардың ішінде 60-ы – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 29-ы – “Алтын белгі”, 20-сы – “Үздік аттестат” және 48-і халықаралық марапат иегерлері болды. Облыс әкімі Самат Ескендіров мектеп бітіруші жұлдызды түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі. Ләйла ЖАНЫСОВА, …

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР – ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕ Read More »

ҚАПТАҒАН ҚАТЕДЕН ҚҰТЫЛУ ЖОЛЫ – ақшалай айыппұл салу

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Тіл тазалығын сақтауды насихаттап жүрген облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің хат қоржынына оқырмандардан осы тақырыпты қозғаған хаттар жиі түседі. Сондай шағым хаттардың бірін Петропавл қаласының тұрғыны Таласбай Мұсабаев жолдаған болатын. Хатында: “Петропавл қаласында орналасқан көптеген дүкендер мен мекемелерде, кәсіпорындарда ілулі тұрған қазақша мәтіндерге көз салсаңыз, қатеден бас ала алмайсыз. Мысалы, Ойқала ықшамауданындағы …

ҚАПТАҒАН ҚАТЕДЕН ҚҰТЫЛУ ЖОЛЫ – ақшалай айыппұл салу Read More »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНЫҢ ҚАУПІ

Жақында Халықаралық валюта қоры 2012 жылдағы әлемдік экономиканың даму деңгейіне қатысты өз мәлімдемесін жария етті. Оған сәйкес дүниежүзі экономикасының даму қарқыны 3,3 пайыздан аспайды. Ал Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттердің биыл экономикалық көрсеткіштері 5-6 пайызды құрайды екен.  Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ-ның Макроэкономикалық талдау және болжам жасау орталығының директоры Сара Алпысбаеваның хабарлауынша, биылғы …

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНЫҢ ҚАУПІ Read More »

КАПИТАН ДИАНА СМАҒҰЛОВА

Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Теледидардан жергілікті хабарларды көріп отырғанмын. Бір кезде облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта “Көңілді мәрелер” спорт шарасы өткендігі, оған үш топ қатысқаны, солардың бірі қалалық Ішкі істер басқармасынан құрылған команда екендігі жөнінде аталған мекеменің қызметкері баяндап жатты. Сол сәт менің екі көзім қазақша сайрап тұрған орыс қызында болды. Оның аты-жөнін, нақтылы …

КАПИТАН ДИАНА СМАҒҰЛОВА Read More »

“БАЛАРМАН” ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАСЫ авторлық бағдарламамен жұмыс істемек

Балдырған Ілиясов 25 жылдан астам уақыт ұстаздық етіп, 2009 жылы кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Араға жылдар салып, кәсіпкерлік пен өзінің сүйікті ісі ұстаздығын ұштастыруға бел буады. Сөйтіп, Елбасы тапсырмасымен бастау алған “Балапан” бағдарламасына үлес қосуды жөн санайды. Осылайша Балдырған Қамбарұлының қиялында пісіп-жетілген балабақша бүгінде шындыққа айналды. Таяуда Петропавлдағы Жұмысшы кентінде жекеменшік “Баларман” балабақшасы жұмысын бастады.  Ләйла …

“БАЛАРМАН” ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАСЫ авторлық бағдарламамен жұмыс істемек Read More »

КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – ұлттық экономиканы мамандармен қамту көзі

 Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында айтылғандай, кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді. Қазақстанда бүгінгі таңда 888 колледж жастарға білім беруде, соның 499-ы – мемлекеттік оқу …

КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – ұлттық экономиканы мамандармен қамту көзі Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ БАЗАРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

2012 жылы базарлардағы бөлшек сауда көлемі 11,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 26,4%-ға өсті. Облыс бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 4941 сауда орны бар 35 базар тіркелді.Базарлардың түрлері бойынша құрамдастырылған базарлар (жалпы санынан 45,7%), тауарлық мамандандыру бойынша – әмбебап (68,6%), сату түрлері бойынша – бөлшек сауда базарлары (88,6%) басым. Облыстық Статистика департаменті. 

АУДАНДАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 73 183 теңгені құрап, 2012 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 8,0%-ға өсті, нақты көріністе 2,6%-ға өсті.   Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Ғабит Мүсірепов атындағы (68 613 теңге) және Қызылжар (65 456 теңге) аудандарында атап өтілді. М.Жұмабаев (63 678 теңге), Шал ақын …

АУДАНДАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ Read More »

2012 ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ

Облыста 2012 жылы орташа айлық еңбекақы 68 921 теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға өсті. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысының көтерілгені экономикалық қызмет түрлерінің бәрінде атап өтілді. Ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбекақы 11,3%-ға өсіп, 49 818 теңгені құрады. Құрылыста жұмыскерлердің еңбекақысы – 11,3%-ға, білім беруде – 12,4, өнеркәсіпте – 13,0%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 13,1%-ға …

2012 ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ Read More »

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАСТЫҚ-ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰРАМЫ

Облыстағы 1000 ер адамға 1100 әйелден келеді, қалалық елді мекендерде – 1211, ауылдарда – 1027. 2013 жылғы 1 қаңтарға облыс тұрғындарының нақтыланған саны 579,5 мың адамды құрады, оның ішінде 276 мың адам – ерлер және 303,5 мыңы әйелдер немесе сәйкесінше 47,6% және 52,4%. 30 жасқа дейінгі ерлердің санының тұрақты артуы байқалады, 36 жастан бастап әйелдердің …

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАСТЫҚ-ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰРАМЫ Read More »

ӨҢІРДЕГІ ЖАНАРМАЙ және ГАЗ ҚҰЮ ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу мәліметтері бойынша 2013 жылы 1 қаңтар жағдайына Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 234 жанар-жағармай және газ құю станциясы (ЖЖҚС және ГҚС) есептелді. Үстіміздегі жылдың басына біздің өңірде заңды тұлғалардың меншігінде 201 бірлік жанармай құю және газ құю станциясы бар, жеке тұлғалар меншігінде – 33 бірлік, ЖЖҚС (ГЖҚС) түрлері бойынша облыста 204 – тұрақты, 24 – …

ӨҢІРДЕГІ ЖАНАРМАЙ және ГАЗ ҚҰЮ ҚЫЗМЕТІ Read More »

БАЙЛАНЫС: 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2012 жылы пошта мен курьерлік қызмет кәсіпорындары 405,2 млн. теңге сомасына, байланыс кәсіпорындары 5 661,4 млн. теңгеге қызмет көрсетті.    Телекоммуникация және пошталық байланыс саласы – дамуына зор мән берілетін экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды құрамдасы. Қалалық (жергілікті) телефон байланысы қызметтерінен түскен табыстар 2012 жылы 1 942,8 млн. теңгені құрады, Интернет қызметінен – 1 728,4 …

БАЙЛАНЫС: 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Read More »

2013 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-МАМЫРЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және…

2013 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі, – 4,5%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,5%-ға, бөлшек сауда 25,9%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-мамырда облыстың өндірістік кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 55,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 71% алатын өңдеу өнеркәсібінде 39,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,1%-ға …

2013 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-МАМЫРЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және… Read More »

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ұялы телефон ұрлағандардың ізіне түсті

Солтүстікқазақстандық полицейлер 18 маусымнан бастап “Ұялы телефон” республикалық жедел-алдын алу шарасын жалғастырды. Мақсат – ұялы телефонға қатысты қылмыстарды ашуды жандандыру. Облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция капитаны Әсет Жүкеновтің айтуынша, аталмыш шараның алғашқы күнінде ұялы телефонға қатысты 5 қылмыс тіркеліп, ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалған 4 қылмыс ашылса, оның екеуі өткен жылдың еншісіндегілер. Мәселен, …

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ұялы телефон ұрлағандардың ізіне түсті Read More »

ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛ ауылдасын балтамен ұрып өлтірді

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауылдасын өлтірді деген күдікпен психиатрдың есебінде тұрған 72 жастағы зейнеткер әйелді ұстады. 17 маусым күні кешке АІІБ-нің кезекші бөліміне Новоишим ауылындағы бір үйдің ауласында кісі өлтірілді деген хабар түсті. Аталған мекенжайға келген тергеу-жедел тобы үйдің ауласынан аудан орталығының 30 жасар тұрғынының денесін көреді. Тергеу барысында …

ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛ ауылдасын балтамен ұрып өлтірді Read More »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ”

Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаменті “Ашық есік күнін” өткізді. Бұл шара тұңғыш рет Есіл аудандық ішкі істер бөлімі негізінде ұйымдастырылды.– Бұл шараның мақсаты – полиция органдарының жұртшылықпен байланысын кеңейту, біздің қызметкерлердің жұмысының оң нәтижелері туралы шынайы және уақтылы ақпараттар тарату, полиция қатарына жастарды тарту, – деді облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция …

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” Read More »