“ДАМУ” АУДАНДАРДЫ АРАЛАУҒА КІРІСТІ
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалындағы кәсіпкерлікті қолдаудың жедел орталығы аудандарды аралауды Бескөлден бастады. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Аудан әкімдігі жанына жиналған жұртты күнұзаққа екінші деңгейдегі банк филиалдарының өкілдері, жер және салық инспекцияларының қызметкерлері қабылдады. Мамандар жұртшылықты бизнес жолында қолбайлау болған кейбір мәселелерді бірге шешуге шақырып, оларға мемлекет пен қаржы институттары тарапынан қандай көмек …