«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІК

“Жеңіс” спорт кешенінде Солтүстік-Шығыс өңірлеріндегі қаржы полициясы органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс болып өтті. Оған Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыс-тарының командалары қатысты.Командалық есепте Павлодар об-лыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің қызметкерлері бірінші орынды жеңіп алды. Алаң иелері – екінші, қостанайлықтар үшінші нәтиже көрсетті. (Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының …

ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІК Read More »

“А” корпусы кандидаттары үшін АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“А” корпусы кандидаттарына тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі 2013 жылдың 15-і мен 27 мамыр аралығында Астана қаласында өткізетін болады.Қосымша тестілеу кестесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің kyzmet.gov.kz сайтында орналастырылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаменті.

ӘЙЕЛДІ ДЕ, ЖИЕНІН ДЕ ЖАЛМАДЫ ОТ…

Үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде облыста 234 өрт болып, одан 114 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 30 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Он тоғыз адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Өткен аптада жиырмаға жуық өрт оқиғасы орын алды.   Айыртау ауданының Лобаново елді мекенінде қайғылы оқиға тіркелді. Жеке тұрғын …

ӘЙЕЛДІ ДЕ, ЖИЕНІН ДЕ ЖАЛМАДЫ ОТ… Read More »

ДОСТЫҒЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛДІ

Бұрнағы күні Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған “Мен, сен, ол, біз – бәріміз тату отбасы” атты шара өтті. Аталмыш шараға қаланың бірқатар мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Кітапхананың бөлім жетекшісі Мапруза Жұмабаеваның айтуынша, шараның мақсаты – балаларға Қазақстан халқы бірлігі мерекесін тойлаудың еліміз үшін маңыздылығын айтып, оларды өзара …

ДОСТЫҒЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛДІ Read More »

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАНЫ ЖАҢҒЫРТЫП ЖҮРГЕН қос ұжымның концерті

 Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Әлқисса” фольклорлық ансамблі мен “Азия sound” тобының шығармашылық кеші өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Бұл екі топ та халқымыздың ұлттық музыкасын жаңғыртып жүрген өнер ұжымдары. Кеш бойы ұлттық туындыларды тыңдап, құлақ құрышын қандырдық. Концерт “Ақ ілме” күйімен ашылды. Жекелей орындауда Айдос Ақылбеков саз сырнайда, Жәмила Мұстафина қылқобызда ойнап, кештің сәнін …

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАНЫ ЖАҢҒЫРТЫП ЖҮРГЕН қос ұжымның концерті Read More »

ПАТРИОТТАР ТӘРБИЕЛЕП ЖҮРГЕН ПОЛКОВНИК

Адалдық, еңбекқорлық, Отанына деген ыстық сезім – Валерий Орловтың өмірінің негізгі өзегі. Ол – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіндегі “Әскери және дене тәрбиесі теориясы” кафедрасының аға оқытушысы.  Жанар ОМАРОВА,   М.Қозыбаев атындағы СҚМУ баспасөз орталығының қызметкері. Бүгінде мектеп қабырғасынан бастап жас жеткіншектерді әскери білім негіздеріне баулып, отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелейтін мамандарды даярлап …

ПАТРИОТТАР ТӘРБИЕЛЕП ЖҮРГЕН ПОЛКОВНИК Read More »

ЭТНОБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА облыс әкімінің гранты табыс етілді

Кеше облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Облыс әкімі, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы Самат Ескендіровтің қатысуымен болған жиында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр” деген тақырыпта өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Елбасы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру барысы сөз болды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік …

ЭТНОБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА облыс әкімінің гранты табыс етілді Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫ

Облыс тұрғындарының атаулы ақшалай табыстарының серпіні тұрақты өсу беталысын алып отыр және 5 жылға орташа жылдық өсім қарқыны 17,9%-ды құрайды. 2012 жылы алдын ала есептеу бойынша облыс тұрғындарының жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 43 381 теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық болды. Нақты ақшалай табыстары 2,6%-ға өсті.2012 жылғы үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫ Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАҒЫ ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы наурыз айында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 72 611 теңгені құрап, 2012 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 10%-ға өсті, нақты көріністе 2,6%-ға өсті.Орташа облыстық көрсеткіштен әрқайсысында 1,5 есе асып түскен, қаржылық және сақтандыру қызметінде (110 750 теңге), ақпарат және байланыс (107 423 теңге) жалақының ең жоғары мөлшері атап өтілді. Білім (60 434 теңге) …

2013 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАҒЫ ЖАЛАҚЫ Read More »

ЗИЯНДЫ және ҚОЛАЙСЫЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ САНЫ

2012 жылы қауіпті және залалды еңбек жағдайлары үшін өтемақы алатын жұмыскерлер саны 17,9 мың адамды құрап, 2011 жылғы деңгейден 16,1%-ға жоғары болды. 2012 жылы жеңілдіктерге және өтемақыға 1 278 млн. теңге жұмсалды.    2012 жылы статистика органдары ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердің …

ЗИЯНДЫ және ҚОЛАЙСЫЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ САНЫ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӘР КҮНІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ

Шаһарымыздың өзге ғимараттарынан бұл мекеменің айырмашылығы – кіреберіс есігіндегі ұзыннан-ұзақ созылған пандусында. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ғимаратқа кіріп-шығуына ыңғайлы етіп жасалған пандуссыз бұл мекемені елестету де мүмкін емес. Бұл – “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі” мемлекеттік мекемесі. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше егде жастағы мүгедектер мен …

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӘР КҮНІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ Read More »

“БОЛАШАҚТЫҢ” ЖАЙ-ЖАПСАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Болашақ” бағдарламасының биылғы құжат қабылдау науқанының басталуына байланысты көшпелі брифинг өткізілді. Жиында “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Досхан Құдайбергенов студент жастар арасында түсіндірме жұмысын жүргізді. – Елбасының бастамасымен елімізде бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті қалыптастыру мақсатында 1993 жылы “Болашақ” бағдарламасы құрылғаны белгілі. 1994-2013 …

“БОЛАШАҚТЫҢ” ЖАЙ-ЖАПСАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Read More »

АҚШ-та ОҚЫП ЖҮРГЕН АЛТЫНБЕК — ауыл мектебінің түлегі

Жерлесіміз Алтынбек Малибаев – АҚШ елінің Колорадо университетінде телекоммуникация мамандығы бойынша білім алып жатқан жастарымыздың бірі. Ол Есіл ауданындағы Тауағаш орта мектебін үздік аяқтаған болатын. Талапты бала мектепте оқып жүріп, талай аудандық және облыстық олимпиадаларға қатысып, топ жарып, жеңімпаз атанған. Алтынбектен Американың оқу жүйесі туралы сұрап білдік.   – Алтынбек, туған жеріңнен жырақта, дүниенің арғы …

АҚШ-та ОҚЫП ЖҮРГЕН АЛТЫНБЕК — ауыл мектебінің түлегі Read More »

ЕКІНШІ КЕЗЕҢДІ “KEGOC” БАСТАЙДЫ

“Халықтық IPO” бағдарламасы бойынша 2013 жылдың екінші тоқсанында – “KEGOC” АҚ-ның, ал төртінші тоқ-санда “ҚазТрансГаз” АҚ-ы компанияларының бағалы қағаздары халықтың игілігіне ұсынылады деп ұйғарылып отыр. Сонымен қатар үшінші болып қатысуы мүмкін үміткер бар, ол – “Самұрық-Энерго” АҚ-ы. Өткен жылы бір компанияның, яғни “ҚазТрансОйл” АҚ-ның бағалы қағаздары халыққа ұсынылса, биыл екі немесе үш компанияның акциялары қор …

ЕКІНШІ КЕЗЕҢДІ “KEGOC” БАСТАЙДЫ Read More »

ТРАКТОР-МАШИНИСТ КУӘЛІГІН БЕРУ ережесіндегі өзгерістер

Қабдөш ДАРБАЕВ, облыстық аумақтық инспекцияның бас маманы, мемлекеттік инженер-инспектор. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1556 Қаулысымен “Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, суландыру және жол-құрылыс машиналарын, сол сияқты өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесі” бекітілді. Бұл ереже 2013 жылдың 12 …

ТРАКТОР-МАШИНИСТ КУӘЛІГІН БЕРУ ережесіндегі өзгерістер Read More »

“ТҮЙЕНІ ШАЙҚАЛТАТЫН ДАУЫЛ ТҰРСА, ЕШКІНІ АСПАННАН КӨРЕСІҢ”-нің КЕРІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күші болып келген АҚШ пен Еуропалық Одақ мемлекеттерінің мүмкіндіктері азайып, төмендеу сатысына ойысты. Ғалымдардың пікірінше, экономикалық дамудың алдыңғы қатарына шыққан Қытай, Үндістан, Бразилия және Ресейдің жаһандық дамуға жаңа қарқын беруге әзірге шамалары жетпейді. Сөйтіп, әлемдік экономиканың құлдырауы биылғы жылы да жалғасын табатын түрі бар. Әсіресе, бірқатар мемлекеттері …

“ТҮЙЕНІ ШАЙҚАЛТАТЫН ДАУЫЛ ТҰРСА, ЕШКІНІ АСПАННАН КӨРЕСІҢ”-нің КЕРІ Read More »

Жаңа сықақтар

Қойшыбай ШӘНИЕВ,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.   “ӘКІМ БОЛСАМ ЕГЕР МЕН…” (оқушы шығармасының ізімен) “Әкім болсам егер мен”…Тақ бұйырып астыма,Қамтыр едім жұмыспен,Кәріні де, жасты да. Ашық есік қабылдауКестесіне көшер ем,Мәселесін әркімніңҚолма-қол-ақ шешер ем.

Орысша жазатын балалар ақыны

Өңірімізде балалар ақыны Күлбаршын Мұқанова соңғы жылдары өзінің кішкентай оқырмандарға арналған өлеңдерімен әдебиетсүйер қауымнан оң баға алып жүр. Анығын айтқанда, бүгінгі таңда облысымызда одан дарынды балалар ақыны жоқ десем, артық айтқандық емес. Ол өлеңдерін орыс тілінде жазады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Күлбаршын Смағұлқызының әдебиетке жол тартуы қызық. Ол бұрынғы Целиноград облысының Алексеев ауданындағы Шілікбай ауылында …

Орысша жазатын балалар ақыны Read More »

“БІЗДІҢ ҮЙ – СІЗДІҢ ҮЙ” ДЕГЕНДІ бостан-босқа айтпайтын халық

Жанар ҚОЖАХМЕТОВА. Солтүстік Кавказдың халықтары өздерінің дәстүрлерімен, ғұрыптарымен және, әрине, тарихымен әрдайым ерекше. Әсіресе, қонақжайлылық оларға жағалай тән. Ас та төк сый-құрметі қандай: үстел үстінен кесеңді қоятын орынды әрең табасың, өздері болса үстіңе түсіп кете жаздайды. Олар “Қонақжайлылық – кавказдықтардың қастерлі парызы” деген мәтелдің мәңгілік екенін паш етумен келеді. Солардың бірі – меймандостығымен мәлім бабаларының …

“БІЗДІҢ ҮЙ – СІЗДІҢ ҮЙ” ДЕГЕНДІ бостан-босқа айтпайтын халық Read More »