БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛДЫ
Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлды өндіріп алу мақсатында борышкерлердің мекенжайларын аралады. Шара барысында екі мыңнан астам ескертпе таратылды. Әкімшілік заң бұзған азаматтарға қарыздарын уақтылы төлеу керектігі ескертілді. Айыппұл негізінен қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, ұсақ бұзақылық, көші-қон заңнамасы мен жолда жүру ережелерін сақтамағандарға салынған. Рейдке тәртіп сақшыларымен бірге студенттер мен полицияның …