«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

Петропавл қаласы 2013 жылғы 4 наурыз №71 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2.Осы қаулының …

«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы Read More »

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр”

  Сәуірдің 24-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Қазақстан –2050” Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр” тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессия жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы …

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр” Read More »

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНУДЕ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімдігі жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында солтүстікқазақстандық бірнеше кәсіпкер “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттің демеуқаржысына ие болды. Онда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өңірлік кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына келіп түскен 18 өтініш қаралып, нәтижесінде барлығына қолдау көрсетілетін болды. Ондағы 13 кәсіпкер бағдарламаның “Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау” …

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНУДЕ Read More »

АСТАНАНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астананы дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңес Астана қаласын одан әрі дамыту және “ЭКСПО – 2017” көрмесін өткізуге әзірлік мәселелерін талқылауға арналды. Қазақстан Президенті өз сөзінде архитектура және қала құрылысы тақырыбын қозғай келіп, жаңа ғимараттардың маңайында да көлік қоятын орын жетіспейтінін атап көрсетті. – Жаңа үйлерді салу кезінде мен …

АСТАНАНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС Read More »

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы (Бесінші шақырылымның ХІVсессиясы)

Петропавл қаласы 2013 жылғы 12 сәуір №123 Петропавл қаласы 2013 жылғы 12 сәуір №14/1  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының …

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы (Бесінші шақырылымның ХІVсессиясы) Read More »

Статистикалық бизнес-тіркелім деректері бойынша

2013 жылғы 1 сәуірге облыста 9177 заңды тұлға тіркелген.Тіркелген заңды тұлғалар мөлшері бойынша төмендегідей бөлінді: 8478 (92,4%) – шағын (50 адамға дейін), 630 (6,9) – орта (51-ден 250 адамға дейін) және 69 (0,7%) – ірі (250 адамнан артық) кәсіпорындар.5501 заңды тұлға белсенді болып табылды (59,9%), 423 (4,6) уақытша жұмыс істемейді, 372-сі (4,1) – әлі жұмыс …

Статистикалық бизнес-тіркелім деректері бойынша Read More »

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕНДЕР ТЕКСЕРІЛДІ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары сот орындаушыларымен бірге әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүргендерді анықтауға кірісті. Рейдтер облыс орталығы мен аудандарда жүргізіліп жатыр. Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрген азаматтарды анықтау мақсатында әр демалыс күндері рейд өткізіп тұрады. Осы мақсатта АІІБ-де арнайы жедел топтар құрылған. Топқа жол сақшылары, сот орындаушылары мен әкімшілік полиция қызметкерлері біріктірілген. …

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕНДЕР ТЕКСЕРІЛДІ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

“Динамо” стадионында өткен солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының жазғы киімге көшу салтанатында ішкі істер органына жаңадан қабылданған онға жуық қызметкер ант берді.  Жиынға Ішкі істер департаментінің кезекшіліктен бос тәртіп сақшылары және Жол полициясы басқармасы мен мамандандырылған арнайы күзет қызметінің жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ салтанатты шара ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен өтті. Саптық қарауды облыстық Ішкі істер департаментінің …

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ Read More »

“ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ” ӨТТІ

Бұрнағы күні Петропавлда “Жайдарман ойындары” өтті. Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығында қалалық ашық мектеп лигасының финалистері, Қызылжар облыстық ашық лигасының жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Ғажайыптар” маусымындағы қалалық ашық мектеп лигасының жартылай финалына 8 құрама өткен болатын. Атап айтқанда, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептен “Жасstar” мен “Күлкі шпиондары”, №2 …

“ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ” ӨТТІ Read More »

ЕКІ ЖЫЛДА 98 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

2011 жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу үшін 395 млн. теңге бөлініп, ол 100 пайыз игерілді. Бұл қаражатқа көпқабатты 46 тұрғын үй жөнделді.2012 жылы бұл мақсатқа 812,5 млн. теңге жұмсалды, ол 43 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге Айыртау ауданында 47,7 млн. теңгеге – 2, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 56,3 млн. …

ЕКІ ЖЫЛДА 98 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық мәслихаттың кіші мәжіліс залында “Қазақстан жастары және зейнетақы жүйесі” тақырыбында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген шараға өңірлік жастар ұйымдарының көшбасшылары, жоғары оқу орындарындағы және колледждердегі жастар жетекшілері қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Онда Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Жанахмет Тасшығұлов хабарлама жасады.Ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

МЕКТЕП – ДАРЫНДЫЛАР ОРДАСЫ

Әлпеш ЖОЛАМАНОВА, А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі директорының орынбасары. Мектеп – келешек ел басқаратын, жер-суына иелiк ететiн, ел-халқын гүлдендiріп, мерейiн өсiретін, мәртебесiн биiктететiн жасампаз жандарды шыңдар киелi ұя. №3 Явленка орта мектебі үшін өткен 2012 жыл қай жағынан болса да табысты болды. Жаңа жылды тың ойлармен, жаңа жоспарлармен қарсы алған мектебіміздің педагогикалық ұжымы шығармашылық …

МЕКТЕП – ДАРЫНДЫЛАР ОРДАСЫ Read More »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҰБТ-дан қандай жағдайда босатылады?

Мен ауылдық мектептің 10-сыныбында оқимын. Қазіргі кезде мені қандай мамандық таңдау толғандырып жүр. Сабақ үлгерімім жақсы. Басылым беттерінен халықаралық олимпиадаларға қатысып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған оқушылар туралы оқимын. Ауыл мектептерінде оқып жүрген үздік оқушылар халықаралық олимпиадаларға қалай қатыса алады? Қатысу тәртібі туралы түсіндірсеңіздер екен. Арман.   Хатқа орай облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Күлпаш Қалғожинадан …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҰБТ-дан қандай жағдайда босатылады? Read More »

БІР ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР

Алма АХМЕТОВА, Бескөл орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Аудан орталығында орналасқан 100 жылдық тарихы бар Бескөл орта мектеп-гимназиясы алғашында бастауыш мектеп, одан беріде негізгі, орта мектеп болған. Аталмыш білім ошағы жүз жыл ішінде қаншама шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие берді десеңші! Бүгінде өзіндік қалыптасқан әдет-ғұрпы, тұрақты педагогикалық ұжымы бар.   Осы мектептің …

БІР ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР Read More »

“СУДАРУШКА” КӨРКЕМӨНЕР САЛОНЫ суретшілердің құтқарушы қайығындай…

Облыс орталығындағы Интернационал көшесінің бойында орналасқан “Сударушка” дүкені өзге сауда орындарына қарағанда ерекше. Мұнда өңірлік суретшілер, қолөнершілер, ісмерлер өздерінің қолдарымен жасаған өнімдерін сатылымға қойып, еңбектерінің жемісін көре алады. Бұл дүкеннің иесі Татьяна Мозгель суретшілер арасында кәсіпкерден бұрын, өнердің жанашыры ретінде танымал.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Мұнда қолөнер бұйымдарының түр-түрі қойылған. Аядай ғана бөлмеде көптеген …

“СУДАРУШКА” КӨРКЕМӨНЕР САЛОНЫ суретшілердің құтқарушы қайығындай… Read More »

ӘНШІ ЖҰПТАРҒА КӨҢІЛ ТОЛМАДЫ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Союз родных сердец” облыстық байқауы өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. Шығармашыл отбасыларды анықтап, олардың одан әрі дамуына септігін тигізу мақсатында ұйымдастырылған сайыс сахнаға 15 жұпты топтастырды. Байқауға Тимирязев ауданынан – екі, өзге аудандардан бір жұптан қатысты. Шымылдық ашылғанда сахнаға бірінші болып Пресновка Мәдениет үйінің қызметкерлері Жақсылық Наршабаев пен Ақтұрған Сәдуова …

ӘНШІ ЖҰПТАРҒА КӨҢІЛ ТОЛМАДЫ Read More »

“ӘЛҚИССА” мен “АЗИЯ SOUND” ән кешіне шақырады

Облыстық филармония жанындағы “Әлқисса” фольклорлық ансамблі 19-20 сәуір аралығында Ақтөбеде өткен халықаралық конкурста екінші орынға ие болып қайтты.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. 2009 жылы құрылған аталмыш ансамбльдің құрамында ұлттық музыканы жаңғыртып жүрген 14 өнерпаз жұмыс істейді. Жерлестеріміз бұл байқауда 15 өнер ұжымымен қатар додаға түскен. Олардың орындауындағы Ақан серінің “Балқадиша” әні жергілікті тыңдармандармен бірге ақтөбеліктердің …

“ӘЛҚИССА” мен “АЗИЯ SOUND” ән кешіне шақырады Read More »

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН!

Түркияда сәуірдің 23-і Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай Петропавлдағы “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі жылдағы дәстүр бойынша бүлдіршіндерді жинап, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының бүлдіршіндеріне арнайы кеш өткізді. Шараға жалпы 60-тан астам бала қатысса, солардың 25-і – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Балаларды мерекемен құттықтаған “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігінің …

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН! Read More »

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ СОҒЫП, МЕРТ ҚЫЛҒАН қашқын жүргізуші қолға түсті

 Облыс орталығында жаяу жүргіншіні соғып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Жәбірленуші жол-көлік апаты орнында жан тапсырған. Я.Гашек көшесі бойында жатқан ер адамның мүрдесін автобус жүргізушісі байқап, полицияға хабарлаған. Жер жастанған жігіт 1983 жылы туған, №2 жылу-электр орталығында жұмыс істеген. Ол жұмыс орнынан жаяу келе жатқан кезінде көлік астына түсіп, оның жүргізушісі оқиға орнынан …

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ СОҒЫП, МЕРТ ҚЫЛҒАН қашқын жүргізуші қолға түсті Read More »

БҰРЫНҒЫ ӘДЕТІНЕ БАСЫП, тағы бір қылмыстық істі арқалайтын болды

Полицейлердің қырағылығының арқасында бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасаған Петропавл қаласының тұрғыны қолға түсті. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған әйел адам істі бола тұра, бұрынғы әдетін жалғастырып жүрген жерінен ұсталды. Басқа қылмыс бойынша жедел шараларды атқарып жүрген полицейлер Серік Әлжанов пен Влас Клишинге бұл нәзік жан жақсы таныс. Ол осыған дейін бірнеше рет қала дүкендерінен …

БҰРЫНҒЫ ӘДЕТІНЕ БАСЫП, тағы бір қылмыстық істі арқалайтын болды Read More »