«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Жексенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында Ұлы Жеңіс күніне арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Оның құрметті қонақтары – ардагерлер, тыл еңбеккерлері, зейнеткерлер.  Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан” “Праздник” агенттігінің басшысы Анна Солдатованың ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға өңіріміздегі мәдениет саласының танымал өкілдері қатысты. Залда отырған көрермендер соғыс жылдарындағы, әскери әндерді тыңдай отыра, сол кезеңді көз алдыңа әкелетін театрландырылған …

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ Read More »

АҒА ҰРПАҚТЫҢ АСҚАҚ РУХЫН ПАШ ЕТІП…

Облыс орталығында Жеңіс күнін мерекелеуге тұрғындар көптеп жиналды. Бұл – бүгінгі ұрпақтың Отан үшін жанын беріп, қанын төккен ардагерлерге көрсеткен зор құрметтің белгісі. Тоқтар ЗІКІРИН, Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қолдарына алқызыл гүлдерін ұстаған қала тұрғындары мен қонақтары Театр алаңына жиналып, бүгінде қатары сиреген, үйлерінен аса шыға қоймайтын соғыс ардагерлерін көріп, қуанышты лебіздерін білдірді. – 9 …

АҒА ҰРПАҚТЫҢ АСҚАҚ РУХЫН ПАШ ЕТІП… Read More »

ЖАҢАРТЫЛМАЛЫ ҚУАТ КӨЗДЕРІ КӨРМЕСІ Германия елшісінің қатысуымен өтті

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының екінші қабатындағы фойеде “Жаңартылмалы қуат көздері. Германияда жасалған” тақырыбындағы технологиялық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшілік ісінің уақытша сенім артқан өкілі Михаэля Банцхафа, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев және облыстың мемлекеттік мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өкілдері қатысты.Тоқтар …

ЖАҢАРТЫЛМАЛЫ ҚУАТ КӨЗДЕРІ КӨРМЕСІ Германия елшісінің қатысуымен өтті Read More »

СӘУІРДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ

2013 жылғы сәуірде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір адамға шаққанда 15569 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9342 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6227 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар – 12350 теңге, жасөспірімдер 14-17 жасқа …

СӘУІРДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ Read More »

ОБЛЫС АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысында бір еңбеккердің орташа айлық атаулы жалақысы 72611 теңгені құрап, 2012 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 10%-ға өсті, нақты көріністе 2,6%-ға өсті.Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы – Қызылжар (62997 теңге) және Ғабит Мүсірепов атындағы (62888 теңге) аудандарда. Шал ақын (61769 теңге), Есіл (59399 теңге) аудандарында біршама төмен.Өңірлік бөліністе ауыл, …

ОБЛЫС АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда облыстың өнеркәсіптік өндіріс өсімінің қарқыны жалпы республикалық деңгейден 1,1 пайыздық пунктке жоғары болды. 2013 жыл басынан қолданыстағы бағамен 33,4 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндіріліп (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2012 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 3%-ға ар-тық болды.Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңіндегіден 3,2%-ға …

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ Read More »

БОЛАШАҚ – СЕРХЕТЯКА ТІКЕЛЕЙ ТЕМІР ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесті. Одан соң Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбанғұлы Бердімұхамедов “Болашақ стансасы (Қазақстан Республикасы) – Серхетяка стансасы (Түрікменстан)” өткелі арқылы елдеріміз арасындағы тікелей темір жол қатынасын ашуға қатысты. “Болашақ – Серхетяка” учаскесі Қазақстан, Түрікменстан және Иран арасын жалғастыратын …

БОЛАШАҚ – СЕРХЕТЯКА ТІКЕЛЕЙ ТЕМІР ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛДЫ Read More »

ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

9 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.    Ресми рәсімнен кейін ҚР Республикалық үрлемелі аспаптар оркестрі еліміздің Гимнін орындады. Осыдан кейін Құрметті қарауыл ротасы ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында салтанатпен …

ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Петропавл қ. 2013 жылғы 12 сәуір №14/2     Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2013 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы …

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Read More »

Мерекелік құттықтау

Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Еліміздің ең басты әрі маңызды мерекелерінің бірі – Жеңіс күні құтты болсын! Содан бері 68 жыл өте шығыпты, әйтсе де өзінің Отанын және бүкіл Еуропаны фашистік басқыншылардан азат еткен халықтың ұлы ерлігін жылдар көмескілей алмайды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс халықтың, майдан мен тылдың бірлігінің, ұрыс даласындағы жаппай …

Мерекелік құттықтау Read More »

ҚОС ҒАРЫШКЕР Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді

Гауһар МҰҚАТАЕВА, журналист. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров өңірімізге келген Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевпен және жерлес ұшқыш-космонавт Александр Викторенкомен кездесті.   Солтүстік Қазақстан өңірінен бірнеше ғарышкерлердің шыққанын атап өткен облыс әкімі жұмыс сапарымен келген қонақтарға тұшымды әңгімелері үшін алғысын айтып, алдағы уақытта да жақсы әріптестік орнатып, жемісті жұмыс істейтіндіктеріне …

ҚОС ҒАРЫШКЕР Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді Read More »

РҮСТЕМ ЖҰМАЕВ – “ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ”

Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Отан қорғаушы күні облыс орталығында қазақ күресінен “Қазақстан барысы” турнирінің облыстық кезеңі өтті. Балуандар бәйгесінде 32 спортшы өз аудандарының намысын қорғады. Шараға қатысқан облыс әкімі Самат Ескендіров күрес десе ішкен асын жерге қоятын қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. “Қазақстан барысының” үшінші кезеңіне қатысқан 16 жұп боз кілемде олимпиадалық жүйе бойынша …

РҮСТЕМ ЖҰМАЕВ – “ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ” Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ИЫҚТАРЫНА ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН КҮН

Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс орталығындағы “Динамо” стадионында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуге, Отан қорғаушы күнін атап өтуге, “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімнің құрылғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен өткен жиында өңіріміздің бірқатар полицейлері марапатталды. Өзімен бірге Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер Александр Викторенко, …

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ИЫҚТАРЫНА ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН КҮН Read More »

БҰҒАН ДЕЙІН “ТОП ЖАРЫП” КЕЛГЕН Тайынша ауданының жағдайы күмәнді

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өңір басшысы Самат Ескендіров барлық аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режімде кеңес өткізді. Онда 2013 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген жан-жақты талдау бойынша облыстық және аудандық бюджеттердің орындалу нәтижелері, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекақы бойынша берешек жағдайы талқыланды.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров өз баяндамасында үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында кейбір аудандардың жергілікті бюджет бойынша міндеттерін …

БҰҒАН ДЕЙІН “ТОП ЖАРЫП” КЕЛГЕН Тайынша ауданының жағдайы күмәнді Read More »

АЙБЫНДЫ ЕЛ ҚОРҒАНЫ – жауынгерлер сап түзеді

7 мамыр – Отан қорғаушы күні биыл елімізде мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет тойланды. Осыған орай облыс орталығында бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. ГүлбикеТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Мереке күні солтүстікқазақстандықтар 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңына жиналып, батыр аталардың рухына тағзым етті. Облыс әкімі Самат Ескендіров бастаған жұртшылық жерлес жауынгерлердің ерлігіне бас иіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. …

АЙБЫНДЫ ЕЛ ҚОРҒАНЫ – жауынгерлер сап түзеді Read More »

САХНАДА – САҚА ӘНШІЛЕР

Қалалық ардагерлердің халық хоры Есіл ауданының Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде қайырымдылық концерт беріп қайтты. Оны жергілікті ардагерлер мен оқу орнының оқушылары тамашалады. Облыс көлеміне әйгілі ұжымның концерті “Люблю тебя, мой край родной” хорымен басталып, “В лесу прифронтовом”, “Фронтовой вальс” әндерімен жалғасты. Галина Легких пен Николай Курков қосыла орындаған әйгілі “Смуглянка” әні тыңдаушыларды бір серпілтіп …

САХНАДА – САҚА ӘНШІЛЕР Read More »

“ЖАРАЛЫЛАР” ЕШКАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

Таяуда қалалық Мәдениет үйінің халық театры Валентин Крымконың пьесасы бойынша “Жаралылар” (“Раненые”) спектаклін жұрт назарына ұсынды. Оны режиссер Надежда Окунева сахналады.   Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Ұжым осы шығарманы алғаш рет осыдан 28 жыл бұрын Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арнап сахналаған болатын. Отан қорғаушылардың жауларын жеңу жолындағы жанқиярлық ерлігін, жаралы жауынгерлерді аман алып қалу жолында адамдардың …

“ЖАРАЛЫЛАР” ЕШКАШАН ЕСКІРМЕЙДІ Read More »

АРДАГЕР АНАТОЛИЙ ОВСЯННИКОВ – мақтанышымыз

Болат ӘБІШЕВ, Аққайың аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің басшысы. Жеңістің 68 жылдық мерекесі қарсаңында сол бір “толарсақтан саз кешіп, мұз жастанған” жылдарды еріксіз еске аламыз. Соған орай мен Солтүстік Қазақстан облысының Естелік кітабына есімі жазылған майдангер, Ұлы Отан соғысы мен өртке қарсы қызмет органдарының ардагері Анатолий Овсянников туралы айтқым келеді. Анатолий Дорофеевич 1925 жылы 14 …

АРДАГЕР АНАТОЛИЙ ОВСЯННИКОВ – мақтанышымыз Read More »

БІЗ КӨРГЕНДІ ЕШКІМНІҢ БАСЫНА БЕРМЕСІН

Сапура ТӘШЕНОВА, зейнеткер. 1932 жылы Алланың жазуымен біз, әке-шешем, туған-туыстарымыз Ресей Федерациясының Қазақстанға шекаралас Түмен облысына қоныс аударған едік. Оның себебі қуғын-сүргін, аштық кезінде сол жерлерге көптеген қазақтар барып, бас сауғалап, жан сақтағанды. Біз орналасқан жерде ел азаматтары күн көру үшін колхоз құрып, 50-60 үй болып, ауыл-ауылға жайғасқан. Соғыстың бастапқы жылдары біздің ауылдан 60 жігітті …

БІЗ КӨРГЕНДІ ЕШКІМНІҢ БАСЫНА БЕРМЕСІН Read More »

АРМЫСЫЗДАР, АРДАГЕР АТАЛАРЫМЫЗ?!

Облыс орталығындағы “Алтын бесік” балабақшасында Жеңіс күніне орай таңертеңгілік өтті.  Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шара барысында бүлдіршіндерді атаулы мейраммен құттықтай келген аталары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нөркеш Сағдат пен Иван Маловичко балабақша тәрбиеленушілеріне алғыстарын айтып, Қазақстанның аспаны әрқашан ашық болсын деген ортақ тілектерін жеткізді. Таңертеңгілік барысында әскери шеруге шығып, қоян-қолтық ұрыстың үздік үлгісін көрсеткен №6637 …

АРМЫСЫЗДАР, АРДАГЕР АТАЛАРЫМЫЗ?! Read More »