«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИПРДЕГІ БАНКТІК КҮЙЗЕЛІС өзге елдерді де алаңдатуда

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазіргі әлемдік қаржы жағдайы тікелей экономикаға ғана емес, әлемдегі әлеуметтік-саяси ахуалға немесе басқа да күтпеген оқыс оқиғаларға байланысты құбылып тұрады. Ол алдымен әлемдік қор биржасындағы саудаға ықпал етіп, оның индекстік бағамын төмендетеді. Мысалы, АҚШ-тың қор индексі өткен аптаның басында Кипрдегі банктерді қайта құрылымдау жоспарынан қауіптеніп, 0,3-0,4 пайызға төмен түсті. АҚШ-тың ол …

КИПРДЕГІ БАНКТІК КҮЙЗЕЛІС өзге елдерді де алаңдатуда Read More »

“ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” мейірімділікке тәрбиелейді

Петропавл қаласындағы тәрбие және даму мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары денсаулығында кінәрат бар алты жасар бүлдіршінге көмек қолдарын созды. Олар өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын “Мейірімді жүрек” атты қайырымдылық акциясына шығарып, одан түскен қаражатты Каринаны емдетуге берді.   Мектеп бағдарламасына енгізілген “Өзін-өзі тану” пәнінің оқушылардың мейірімді, қайырымды болып өсуіне тигізер пайдасы зор. …

“ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” мейірімділікке тәрбиелейді Read More »

“МҰРАГЕРІМІЗ” МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Наурыздың соңғы күндері мектебіміздің “Мұрагер” домбырашылар тобы Астана қаласында өткен республикалық “Көктем әуені” атты өнер сайысы-фестиваліне қатысып, аспаптық ансамбльдер арасында І орынға ие болды. “Хан шатыры” орталығында өткен сайысқа Теміртау, Екібастұз, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Астана қалаларынан өнерпаздар қатысты.   Құрамында 12 оқушы бар аспаптық ансамбльге мен және музыка пәні мұғалімі Жанар Ахметова жетекшілік етті. Фестивальда …

“МҰРАГЕРІМІЗ” МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ Read More »

ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ — мұғалім жеңісі

Айыртау ауданындағы Лавровка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп жүрген Жанар Құсайынова 33 жыл еңбек жолында тәрбиеші, аудармашы, хатшы болып жұмыс істеген. Өз мамандығы бойынша еңбек өтілі – 15 жыл. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген бірінші санатты мұғалім мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі …

ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ — мұғалім жеңісі Read More »

АЛЫС ЕУРОПАДА ДА, жақын Таразда да көзге түсе білді

Петропавл қалалық классикалық гимназияның оқушылары Тараз қаласында өткен республикалық және Польшада өткен Халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен оралды.   Халықаралық жалпы пәндер негіздері олимпиадасына қалалық классикалық гимназияның оқушылары осымен үшінші жыл қатысып келеді. Бұл олимпиада кезең-кезеңмен online режімінде өтеді. Балалар өздерінің таңдаған пәндері бойынша қатысады. Әр кезеңнің тапсырмаларын оқушылар қашықтықта орындап жібереді. Соңғы қорытынды кезеңге …

АЛЫС ЕУРОПАДА ДА, жақын Таразда да көзге түсе білді Read More »

ВОЛЕЙБОЛШЫ БАЛАЛАР ДА БАҚ СЫНАСТЫ

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында волейболдан балалар лигасының көктемгі чемпионат ойындары өтті. Аталмыш жарысқа қатысқан командалар үш жас бойынша сайысты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 12-13 жасар алаң иелеңдері үздік болса, 14-15 жасар солтүстікқазақстандықтарға қарсылас табылмады. Ал 16-17 жасар спортшылар арасында алматылық волейболшылар топ жарды.

ФУТБОЛ МАУСЫМЫ МӘРЕ АЛДЫ

31 наурызда, футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының биылғы маусымдағы бірінші ойыны ойналды. Маусымашар бірінші ойынында петропавлдық “Қызылжар” шымкенттік “Биік” құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

КРИСТИНАНЫҢ КҮМІСІ

Рига қаласында әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті.   Өңір атынан шаршы алаңға шыққан жерлес спортшы Кристина Яловенко 51 кг. салмақта екінші орынды жеңіп алды.

ЖАРАЙСЫҢ, НАЗГҮЛ!

Испанияның Малага қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтті. 70 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлес спортшы Назгүл Маратова үшінші орынды жеңіп алды.  

КӨЗ БҰЛДЫРАҒАНМЕН, КӨҢІЛ ЖҮЙРІК

Кембағал жандар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан облыстық жеке біріншілік өтті. Оған Айыртау, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы аудан мен Петропавл қаласынан 38 спортшы қатысты.   Сайыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Еркебұлан Аманжолов (Петропавл), Жанел Сүгірбаева (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) топ жарды. Ал шахмат ойыны бойынша петропавлдық Анатолий Несмеянов пен Айнагүл Ташенова үздік атанса, Владимир Павлов пен Жаныл …

КӨЗ БҰЛДЫРАҒАНМЕН, КӨҢІЛ ЖҮЙРІК Read More »

АЛАҢДА – АРДАГЕРЛЕР

Ардагерлер арасында шайбалы хоккей бойынша ел біріншілігі аяқталды.   Оған бес аймақтың құрамалары қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орынды павлодарлықтар жеңіп алса, ал екінші мен үшінші орынды тиісінше СҚО мен Теміртау құрамалары өзара бөлісті.

РИНАТ МУСИН – СПОРТ ШЕБЕРІ

Ридерде жасөспірімдер арасында шаңғы жарысынан ел біріншілігі өтті. Петропавлдық Ринат Мусин 15 шақырымдық қашықтықта үздік танылып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сонымен бірге Ринат пен Игорь Хмельницкий эстафетада үшінші болды.

БИАТЛОНШЫЛАРЫМЫЗ ҮШІНШІ ОРЫНДА

Ридерде жасөспірімдер арасында биатлоннан ел біріншілігі аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша жекелей сында Анастасия Кривоногова 2 және 3 орынарды еншілесе, облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте эстафета бойынша 3 орынға тұрақтады.

БҰЙЫРҒАНЫ ЕКІНШІ ОРЫН БОЛДЫ

Шымкент қаласында қысқы велоспорттан ел біріншілігі аяқталды.   20 шақырымдық жекелей сында Олег Земляков екінші орынды жеңіп алды. Вадим Галеев 100 шақырымдық топтық сайыста, Тарас Воропаев “Критериум” бойынша мәре сызығын екінші болып кесті. 40 шақырымдық топтық сайыста облыс құрамасы екінші орынға тұрақтады.

ҚАРАҒАНДЫДА ДА, ҚЫЗЫЛЖАРДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қарағандыда көркем гимнастикадан ел кубогы сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасы бірінші орынды алматылықтармен бөлісті.   Бәсекелі сайыстың қорытындысы бойынша қыздар арасында Виктория Переверзева, Тамара Бурлакова, Полина Мудрова, Екатерина Завацкая, Надежда Курочкина, Аделия мен Гилана Тұяқовалар, Карина Кұрымбаева, Дарья Шапкина, Олеся Колышева және Валерия Швец бірінші орынды иеленді. Ал Екатерина Завацкая жекелей сында 3-орынды …

ҚАРАҒАНДЫДА ДА, ҚЫЗЫЛЖАРДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ Read More »

КАРАТЭШІЛЕРІМІЗ ДЕС БЕРМЕДІ

Облыс орталығында каратэ-до шотокан бойынша ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Оған қатысқан жерлес каратэшілердің қоржынында 6 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бар.

АҚТАУДА АЛДА БОЛДЫҚ

Ақтау қаласында кекушинкай каратэ бойынша өткен ел біріншілігінде жерлес спортшы Райымбек Тимур (77 кг.) мен Ерлан Дүскинов (77,5 кг.) салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды. Шыңғыс Тұрсынов (55 кг.) екінші, ал Қадыржан Мұхамеджанов (65кг.), Әділбек Мырзағалиев (45 кг.) және Алтынбек Әнуәрбеков (35 кг.) үшінші орын алды.

ОЛЖАМЫЗ – ОН ҮШ МЕДАЛЬ

Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды алматылықтар, екінші және үшінші орынды шығысқазақстандықтар мен солтүстікқазақстандықтар жеңіп алды. Оған қатысқан өңір желаяқтары 13 медаль жеңіп алды. Жекелей сында 5000 метрге жүгіргендер арасынан Виктория Рыжикова өзінің шын жүйрік екенін дәлелдеп, мәре сызығын бірінші болып кессе, Сайлау Теміртасов екінші орынды жеңіп алды. …

ОЛЖАМЫЗ – ОН ҮШ МЕДАЛЬ Read More »

АСТАНАДА АЙБЫНЫМЫЗ АСТЫ

2013 жылғы 26 наурыз – 1 сәуір аралығында Астананың “Алау” спорт кешенінде еліміздің үшінші қысқы спартакиадасы өтті. Бұл үлкен жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші ретінде арнайы шақырылғандықтан, мен сайыстарды  көзбе-көз көріп, куә болдым және жасыратын несі бар, жерлестерімнің жетістіктерін тіледім. Виктор БОНДАРЕНКО, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры, халықаралық дәрежедегі төреші. Спартакиадаға өңірлердің және Астана мен Алматы қалаларының …

АСТАНАДА АЙБЫНЫМЫЗ АСТЫ Read More »

ЕРЛАН ШӘЙМЕРГЕНОВ – “АЙЫРТАУ БАРЫСЫ”

Саумалкөл ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалы мен ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен “Қазақстан барысы” қазақ күресі жарысының екінші кезеңі – аудандық іріктеу турнирі болып өтті.   Бағлан ҚОЖАҚОВ, журналист. Турнирдің салтанатты рәсімін аудан әкімі Амантай Сейфуллин ашып, Айыртау өңірінің балуандарына сәттілік тіледі. Жарыс бекітілген ережеге …

ЕРЛАН ШӘЙМЕРГЕНОВ – “АЙЫРТАУ БАРЫСЫ” Read More »