«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІ ТӘЛІМГЕР

Облысымызда талай жылдар бойы жастардың терең білім алуына атсалысып жүрген ұстаздар аз емес. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Күләш Рахметова солардың қатарынан. Ол әріптестерінің арасында үнемі алда бола білді.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі та-быстары үшін Ыбырай Алтын-сарин атындағы медальмен марапатталған Күләш Жетпіс-байқызы 25 жыл бойы Әбу Дос-мұхамбетов атындағы …

БІЛІКТІ ТӘЛІМГЕР Read More »

Шешім қабылдау – үйренетін үдеріс

Облыс орталығында “СҚО белсенді жастары” ЖҚБ-ы “Сорос-Қазақстан” қорының қолдауымен “Жастардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Шараға өңірімізден 15 жас қатысты. Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау үдерістеріне өңір жастарын қатыстыру тетіктерін қарастырып, жастарды жан-жақты дамытуға қолдау көрсетуді мақсат еткен семинар-тренингті ұйымдастырған “СҚО белсенді жастары” ЖҚБ төрағасы Сергей Беловтың пікірінше, бүгінгі жастардың басым …

Шешім қабылдау – үйренетін үдеріс Read More »

ДІНДЕ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ ЗОР

Облыстық балалар мен жасөпірімдер шығармашылығы орталығында “Әйел және дін” тақырыбына арналған форум болып өтті. Шараға ғалымдар, оқытушылар, қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері және студенттер қатысты.    Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шараға қатысушылар әйелдің қоғамдағы орны жайлы сөз сөйлеп, діни тәрбие төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ гендерлік теңсіздік жайында сөз қозғалған форумда “Қазақ тарихындағы әйелдердің …

ДІНДЕ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ ЗОР Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСЕДІ

Арай НҰҒЫМАНОВА, облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы. 1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда – базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСЕДІ Read More »

“НЕПТУН” ЖАНЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

Сәуірдің 17-сі күні сағат 19.30-да СҚО ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің орталық байланыс тетігіне “Нептун” аквапаркінде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Облыс орталығының Медведев көшесінде орналасқан аквапаркке жеткен өрт сөндірушілер “Нептуннің” ғимаратына жапсарлас салынған жылу қазандығы шатырының ағаш қоршауы өртенгенін анықтады. Тілсіз жаумен күресу кезінде демалыс орнынан 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың …

“НЕПТУН” ЖАНЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ Read More »

КІСІ ӨЛІМІНЕ ЖОЛ БЕРІЛГЕН ЖОҚ

Жыл басынан бері облыста 205 өрт болып, одан 100 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 27 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Он үш адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.  Айыртау ауданының орталығында төрт пәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен жергілікті өртсөндірушілер отты ауыздықтау барысында 55 жастағы үй …

КІСІ ӨЛІМІНЕ ЖОЛ БЕРІЛГЕН ЖОҚ Read More »

187 ҚҰТҚАРУШЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Облысымызға Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан 187 құтқарушысы көмекке келді. Мақсат – өңіріміздегі көктемгі су тасқынының алдын алуда жергілікті әріптестеріне көмек қолын созу, төтенше жағдайға тап болған көмекке зәру халыққа кәсіби қызмет жасап, шаруашылық нысандарды бақылау. Есіл өзенінің жайылма алқаптарында орналасқан елді мекендердің үйлері мен аулаларын су басуы ықтимал. Бұдан басқа қар күрт еріген …

187 ҚҰТҚАРУШЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ Read More »

ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы “Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/33 бұйрығына сәйкес, “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу азаматтардың өтініштері негізінде өткізілетіндігін хабарлайды.Тестілеу өтуге ниет білдірген азаматтар …

ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗІЛЕДІ Read More »

“2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормаларын белгілеу туралы”

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаң-тардағы Заңының 27-бабының 1-тар-мағы 5) тармақшасына, Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 нау-рыздағы №221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шы-ғымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 1) тармақ-шасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Белгіленсін:1-ші қосымшаға сәйкес …

“2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормаларын белгілеу туралы” Read More »

Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін дәрі құралдарын беру туралы (Бесінші шақырылымның XІІІ сессиясы)

Петропавл қ.     2013 жылғы 19 наурыз №13/5 “Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:1. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын, өкпе гипертензиясымен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емделу кезінде рецепт бойынша қосымша тегін Бозентан (Траклир) дәрісі берілсін.2. Осы шешім оны …

Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін дәрі құралдарын беру туралы (Бесінші шақырылымның XІІІ сессиясы) Read More »

“БИ-ЛОГИСТИКС”АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҰСТАЛДЫ

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Г. есімді азаматтан 1000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікпен “Би-Логистикс” АҚ-ның СҚО бойынша филиалының директорын ұстады. Күдікті бұл тұлғаны автокөлік түріндегі арнайы техниканың тұтқындалған мүлкін сату жөнінен лоттар бойынша аукцион жеңімпазы деп тану, сондай-ақ, оның аталмыш мүлікті еш …

“БИ-ЛОГИСТИКС”АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

ЖАЛҒАН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРЫП, салықтан жалтарған қылмыстық топ құрықталды

Қаржы полициясы 6 жылдан астам уақыт аралығында қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ұзақ-мерзімді тексеріс нәтижесінде 2006-2013 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару мен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсету мақсатында 25-тен астам жалған кәсіпорын құрған ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Қылмыстық топты Ресей азаматы П.Войлошников басқарған, …

ЖАЛҒАН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРЫП, салықтан жалтарған қылмыстық топ құрықталды Read More »

“ШАҢЫРАҚ” ШАЙҚАЛМАЙДЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де студенттердің “Шаңырақ” атты театры барын біреу білсе, біреу біле бермес. Он жылдан астам тарихы бар театрдың былтыр жетекшісі ауысқан болатын. Өткен аптада жаңа режиссер Шолпан Айтибаеваның дебюты болды. Олар “115 бөлме немесе “Смайликтер” атты қойылымның премьерасын жасады. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш театрға он жыл өмірі мен еңбегін арнаған Қажыбай Айтибаев өткен …

“ШАҢЫРАҚ” ШАЙҚАЛМАЙДЫ Read More »

ҚУЫРШАҚТАР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ

Облыстық қуыршақ театрында мемлекеттік тілдегі қойылым көрермендерге жол тартты. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Бұл – 23 жылдық тарихы бар театр қабырғасында қазақ тілінде сахналанған екінші қойылым. Алғашқы қойылым 2006 жылы С. Мақұлбековтың “Қаңбақ шал” пьесасы бойынша сахналанды. Араға жеті жыл салып, қызылжарлықтарға ана тілімізде Шыңғыс Айтматовтың “Ақ кеме” повесіне негізделген “Армысың, ақ кеме, бұл …

ҚУЫРШАҚТАР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ Read More »

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Ольга ЦЫМБАЛЮК, облыстық Кәсiпкерлiк және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы. Мемлекетіміз бизнестің белсенді дамуы үшін барлық жағдайды жасай отырып, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын, орта және ірі бизнес субъектілерін қолдаудың 70-тен астам құралы белгіленді. Одан: – инвестиция тартуға – 5; – инновацияны дамытуға – 9; – экспортты …

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ Read More »

КАЛУГА ЗАУЫТЫМЕН БІРЛЕСІП, хабардар ету кешені шығарылады

2013 жылғы мамырдан “Қазақстан Инжиниринг” ҰК” АҚ Калуга телеграф аппаратурасы зауытымен (Ресей) бірлесіп, П-166м хабардар етудің техникалық құралы кешенін (бұдан әрі – П-166м ХТҚК) шығаруды жоспарлауда. ҚР ТЖМ әзірлеген “Мемлекеттік органдарды және халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту” жобасына сәйкес П-166м ХТҚК-ты облыстық, аудандық және қалалық деңгейде бюджет есебінен орнату жоспарланған. Шағын елдi мекендерде және мемлекеттік …

КАЛУГА ЗАУЫТЫМЕН БІРЛЕСІП, хабардар ету кешені шығарылады Read More »

ЭНЕРГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ ҮЙРЕТІЛДІ

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар стандарт негізіндегі энергия менеджменті жүйесі тақырыбына арналды. Оған өңіріміздің ірі кәсіпорындарының өкілдері мен кәсіпкерлер шақырылды. Қатысушылар бұл тағылымдық басқосудан өздерінің ой-өрістерін кеңейтіп, семинар соңында оларға сертификат берілді. ISO 50001 деп аталатын энергия менеджменті жүйесі стандарт талаптары негізінде электр қуатының үнемделуін аттыра отырып, оны тұтынушы ірі және шағын …

ЭНЕРГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ ҮЙРЕТІЛДІ Read More »

ДАҒДАРЫС ДАУАСЫ – ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Жуырда Еуроодақтың 12 мемлекеті Еуроодақ президентіне және Еурокомиссияның төрағасына ұжымдық хат жолдады. Онда: “Грекияға көмек бердік, әрине, ол жақсы, енді бүкіл еуроаймақ экономикасының даму стратегиясын өзгертетін уақыт жетті”, – деп жазылған. Есімізде болса, еуроаймақ елдері қаржы министрлерінің Грекияға екінші көмек пакетін көрсету жөніндегі келісімге келгендеріне көп уақыт өте қойған жоқ. Еуроодақтың …

ДАҒДАРЫС ДАУАСЫ – ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ Read More »

БІРІНШІ ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Статистика департаментінің басшысы Ольга Перепечина облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы деңгейін қорытындылап, брифинг өткізді. Онда ол өңіріміздегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, бөлшек сауда айналымы, құрылыс қарқыны, оның ішінде пайдалануға берілген нысандар саны, халықтың кірістері, солтүстікқазақстандықтардың орташа жалақысы, т.б. бойынша статистикалық деректерді алға тартты. Биылғы наурыздың …

БІРІНШІ ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ Read More »

АҚЫСЫЗ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

“Бота” қоғамдық қорының қолдауымен “Таным” әйелдер қауымдастығы” заңды тұлғалар қоғамы аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ақысыз шағын орталық ашты. Орталыққа 3-6 жас аралығындағы балалар аптасына 2-3 рет барып, күніне 4 сағат мектепалды даярлықтан өтеді. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Бота” қоғамдық қорының қолдауымен “Таным” әйелдер қауымдастығы” заңды тұлғалар қоғамы 2013 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында “Әр бала …

АҚЫСЫЗ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Read More »