«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА БЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН қаржы полицейлері жазаға тартылғанымен, рақымшылыққа ілінді

Нұржан СЕРІКБАЕВ, облыстық прокуратура басқармасы бастығының міндетін атқарушы. Прокуратура қаржы полицейлерінің азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғандығын анықтады. Нәтижесінде ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокуроры облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторларына қатысты қылмыстық іс қозғап, оны сотқа жолдады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерін пара беруге итермелеген қаржы полицейлері Бейсембай Бабасов пен Андрей Мячин 2 жыл …

ПАРА БЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН қаржы полицейлері жазаға тартылғанымен, рақымшылыққа ілінді Read More »

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ – ҚАЛТАҒА

Қаржы полициясы 4 сәуір күні Қызылжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға бола тұрып, алаяқтық жолмен 720 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған деген күдік бар. Аталған қаражат Қызылжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бөлінген …

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ – ҚАЛТАҒА Read More »

АЛТЫ АДАМ АЖАЛДАН АРАШАЛАНДЫ

Жыл басынан бері облыста 191 өрт болып, одан 84 млн. тең-геден астам материалдық шығын келді. Отта 27 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Он сегіз адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада облыс бойынша ондаған өрт оқиғалары тіркелді. Сәуірдің 1-і күні облыс орталығының Пугачев көшесіндегі 3 қабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде …

АЛТЫ АДАМ АЖАЛДАН АРАШАЛАНДЫ Read More »

ӘСКЕРИ ӘНДЕР ӘУЕЛЕДІ

Үстіміздегі жылғы сәуірдің 3-і күні Ішкі әскердің Әскери институтында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер Бас қолбасшысының жүлдесі үшін әскери оркестрлер арасындағы екінші “Әскери керней” байқауының бірінші кезеңі өтті. Солтүстік аймақтық сайыста 6637 (Петропавл қаласы), 6697 (Қостанай қаласы) және Әскери институттың әскери оркестрлері бақ таластырды. Әскери әуендерді әуелеткен оркестрлер жиналған қауымға тамаша көңіл күйі сыйлады. Руслан …

ӘСКЕРИ ӘНДЕР ӘУЕЛЕДІ Read More »

“БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” КӨРІНІСТЕРІ

Жылдағы дәстүр бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент облыстық Білім басқармасымен бірлесіп мектеп оқушылары арасында “Бақытты балалық шақ” суреттер байқауын өткізді. Наталья ПОПОВА, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі. СҚО ТЖД бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Әсет Смағұловтың төрағалығымен қазылар алқасының мүшелері байқаудың қорытындысын шығарды. Байқау ережесіне сәйкес шараға қатысушылар кіші (1-4-сынып), …

“БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” КӨРІНІСТЕРІ Read More »

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ – АСТАНАДА, ФИНАЛ – ЮРМАЛАДА

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында “Аялаған Астана” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Онда өңіріміздің 8-14 жас аралығындағы әнші балалары өзара бақ сынасты.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Астана қаласының әкімдігі мен ресейлік әнші әрі сазгер Игорь Крутойдың “АРС” продюсерлік орталығы ұйымдастырып отырған сайыстың негізгі мақсаты ел ішінен өнерлі жас таланттарды іріктеп, оларды үлкен …

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ – АСТАНАДА, ФИНАЛ – ЮРМАЛАДА Read More »

ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының ұжымы 12 жас маманмен толықты. Осыған орай басқармада жас мамандар слеті болып өтті.   Ләззат МҰРТӘЛІМОВА, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының инспектор-психологі. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының кадрлық аппарат жетекшілері ҚР ІІМ Алматы және Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын тамамдаған жастарды жылы шыраймен қарсы алып, ақ тілектерін арнады. Жас тергеушілер …

ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Read More »

CALL-ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЫНДА

Кеденге қатысты сұрағыңыз бар ма? 1412 нөмірі арқылы Call-орталыққа қоңырау шалыңыз.   ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Call-орталығына қала нөмірі арқылы хабарласу тегін. Мұнда кез келген адам ақпарат қалдыра алады немесе кеден ісі саласында ақыл-кеңес алуына болады. Барлық сауалдарға мониторинг орталығы жауап береді. Оған кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесінен барлық ақпараттар базасы біріктірілген. Бұл жүктердің қазақстандық …

CALL-ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЫНДА Read More »

АРДАГЕРІН, АҚЫНЫН ҰМЫТПАЙДЫ ЕЛ…

Облыстық Ішкі істер департаментінің мұражайында ішкі істер органының ардагері, жыр жинақтарының авторы Табылды Кенжетаевқа арналған экспозиция ашылды.   Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. Табылды Кенжетаев – өз шығармаларында туған жерінің әсемдігі мен оған сүйіспеншілігін жырлаған ақындардың бірі. Облыстық Ішкі істер департаменті мұражайына отставкадағы полиция подполковнигінің жеке заттарын оның ұлы Жан Табылдыұлы табыстады. Оның ішінде …

АРДАГЕРІН, АҚЫНЫН ҰМЫТПАЙДЫ ЕЛ… Read More »

АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Облыстық Ішкі істер департаментіне Петропавл қаласының бірнеше тұрғындары алаяқтың құрбаны болғандығы жайлы арызданған. Белгілі болғанындай, жәбірленушілер бір бөлмелік пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған екен. Алайда, бірнеше сағаттан кейін белгісіз біреулер келіп, бұл пәтерді бір сағатқа ғана жалға бергендерін жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол жәбірленушілер тіркеу базасындағы фотосуретінен таныған 27 жастағы облыс орталығының …

АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕР РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

Ерлан МАХМЕТОВ,   СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аудандарының бірінде рейдтік іс-шараларын өткізді. Бұл шараға барлық жеке құрам жұмылдырылып, бұрын сотталған, әкімшілік жауапқа тартылған азаматтармен кездесіп, олардың жай-күйімен танысып қайтты.   Ұсақ заң бұзушылықтың алдын алып, оларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған рейд барысында полиция қызметкерлері бұған дейін өткізілген рейдтік …

ПОЛИЦЕЙЛЕР РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ Read More »

МУЗЫКА ҮШІН ЖАРАЛҒАН ЖАН

Болат Ұлтарақов – өңірімізге белгілі музыкант. Үрлемелі аспаптарда тамылжыта ойнайтын ол “Музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжі кешенінде” ұстаздық етеді. Анна КУЧЕРЕНКО,   зейнеткер. Ол – Павлодар облысының тумасы. Сондағы музыка училищесін бітіріп, 1985 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына үрлемелі және соқпалы музыкалық аспап кафедрасына оқуға түседі. Жоғары оқу орнының бірінші курсында …

МУЗЫКА ҮШІН ЖАРАЛҒАН ЖАН Read More »

БАСПАНАДАН ҮМІТ ТЕНІП ЖҮРГЕНДЕ бастарына пәле тілеп ала жаздады…

  Тұрғын үй – көптеген қазақстандықтардың көкейкесті мәселесі. Пәтер жалдап, тапқан-таянғанын біреудің қалтасына салған адамның өзіне тұрғын үй сатып алу үшін қор жинап алуы да оңай емес. Ал мемлекет тарапынан берілетін үйлердің белгіленген санаты бар. Коммуналдық-жалгерлік тұрғын үйдің кезегінде тұрғандардың өзі қаншама?! Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 2011 жылы тұрғын үй кезегінде …

БАСПАНАДАН ҮМІТ ТЕНІП ЖҮРГЕНДЕ бастарына пәле тілеп ала жаздады… Read More »

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАН БАЛА ҚЫРАН сынды жас дарын Әсет Әбдірахманов хақынд

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Әсет Әбдірахманов… Консерватория түлегі, домбырашы, жас дарын. Бірде досым, суырыпсалма ақындыққа әуес әрі әнші Бүркіт Бекмағамбетовтің үйінде болғанымда Құрманғазының “Балбырауынын” тәп-тәуір орындап отырған жас оқушы баланың өнеріне сүйсініп, құлақ қойғанымда Бүкең: “Бұл менің туған жиенім Әсет деген бала. Жас өнерпаз!” деп мақтана, серпіле сөйлегені есімде. Баланың күйге ебі барын аңғарып, тағы …

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАН БАЛА ҚЫРАН сынды жас дарын Әсет Әбдірахманов хақынд Read More »

БЕТТІ АРЫҚТАТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Көптеген қыздар салмақ қосқанда беттері тола бастайды. Бетті арықтату үшін қандай диета ұстанып, қандай жаттығу жасау керек? Күніне 2 литр су ішіңіз. Суды қажетті мөлшерде ішу арқылы Сіз ағзаңыздан артық улы заттарды шығарасыз. Осылайша беттің, қол-аяқтың ісінуінен сақтанасыз. Ал бұл беттің дөңгелектенуінің бірден-бір себебі. Көкөністер мен жемістердің құрамында шырын көп. Сондай-ақ олар дәрумендерге бай. Жұмыс …

БЕТТІ АРЫҚТАТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ Read More »

АУЫЛ АРУЫ

“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады.   Үміткерлердің жасы 18-30 арасында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына …

АУЫЛ АРУЫ Read More »

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: СУ ТАСҚЫНЫ!

Жанат МҰХАМБЕТОВ, ТЖД Суда құтқару қызметі маневрлік-іздеу тобының басшысы.   Көктем келісімен табиғат оянып, қар еріп, өзендер суға толады. Көктем мезгілінде аса сақ болуыңыз қажет: балаларды бақылаусыз су айдыны жағаларында қалдырмау, мұз үстінде ойнауға жібермеу керек. Өзеннің тік жарларына жақындамаған жөн, өйткені өзеннің ағымы оларды шайып, опырылып түсуі мүмкін. Көктемде балықшылар мұз үстіне шығып, балық …

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: СУ ТАСҚЫНЫ! Read More »

“ТАРИХЫҢДЫ ҰМЫТПА! АРДАГЕРГЕ ЖӘРДЕМ БЕР!”

“КаР-Тел” ЖШС (“Beeline” СБ) Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдауға бағытталған “Тарихыңды ұмытпа! Ардагерге жәрдем бер!” SMS-жобасының басталғанын хабарлайды. Жобаның бастаушысы – “ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі” қоғамдық қоры. Науқанға қатысуға ниет білдірген әрбір “Beeline” абоненті 4145 нөміріне “Есімізде!” мәтіні жазылған SMS жолдау арқылы науқанға қатыса алады. Бір хабарламаның құны – 100 теңге. …

“ТАРИХЫҢДЫ ҰМЫТПА! АРДАГЕРГЕ ЖӘРДЕМ БЕР!” Read More »

Қызылжарлық қыз-келіншектер – кітап кейіпкерлері

Жақында “Краса и гордость Северного Казахстана” деген жаңа кітап оқырмандарға жол тартты. Мұнда Қызылжар өңірінің нәзік жандары жайында жазылған. Кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында айтқан: “Әйелдер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер” деген сөздерімен ашылған. Осы кітаптың бас редакторы әрі “Әйелдер лигасы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина …

Қызылжарлық қыз-келіншектер – кітап кейіпкерлері Read More »

КЕЛІН мен ЕНЕ ЕГЕСЕ БЕРЕДІ. НЕГЕ?

Күнде кешкісін біздің аулада немересін жетектеп жүрген әжейді үйдің терезесінен жиі көретінмін. Егде жасқа келіп қалса да, немересін арқасына мінгізіп, аулада әрі-бері жүруші еді. Келіні болса ол кезде иісі мұрынды жаратын тағамдардың түр-түрін пісіріп жататын. Әжесі жасының келгеніне қарамастан, немересін баладай ойнататыны мені іштей қуантатын. Оларға қарап шынайы отбасылық бақытты көргендей болатынмын. Күндердің бір күнінде …

КЕЛІН мен ЕНЕ ЕГЕСЕ БЕРЕДІ. НЕГЕ? Read More »