ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ – ПЕТРОПАВЛДА
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко өңірімізге іссапары барысында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары үшін қолданылатын құралдар шығаратын кәсіпорын – С.Киров атындағы зауытта болып, одан кейін облыс орталығының көктемгі су тасқынына дайындығымен танысты. Министр Петропавл қаласындағы қардан тазарту жұмысын өз көзімен көріп, атқарылып жатқан істерге оң баға берді. …