«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЖЫНЫҢ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРМАУЫ ҚАЛАЙ?

Жамбыл ауданындағы “Ақан” жеке шаруа қожалығының жетекшісі Төлеген Жүсіпов қажы атағы бар борышкерден он жылдан бері алашағын ала алмай, үш бірдей жерге шағымдануға мәжбүр болып отыр. Оның біреуін ол облыстың прокурорына, екіншісін “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамына және тағы бірін біздің редакциямызға жолдаған. Ондағы ойы прокуратура борышкерге заң жүзінде талап қойып, қарызын өндіріп алуға көмегі …

ҚАЖЫНЫҢ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРМАУЫ ҚАЛАЙ? Read More »

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР тарихи Отандарынан инвесторлар тартса игі

Жұма күні Достық үйінде “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп “Өңірімізде инвестициялық жұмысты дамытуға этномәдени бірлестіктердің қатысуы” тақырыбында семинартаныстырылым өткізді. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш шараға жиналған этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Амантай Жүсіпов көздеп отырған мақсатты түсіндірді: – Еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясы аясындағы маңызды бағыт – экономиканың тартымды секторларына инвестиция …

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР тарихи Отандарынан инвесторлар тартса игі Read More »

ӘБІЛӘЗОВТІҢ ӘЗӘЗІЛДІГІ

“БТА Банктің” бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов қазіргі күні Швейцарияда жасырынып жүр деген әңгіме тарағалы да біраз болды. Әбіләзовтің өз елі түгілі, енді шетелдердің де бірінен соң біріне қашқаны, Швейцарияға барып жасырынғаны оған қатысты әлі талай былықтың ашылатынын көрсетеді. Ал арада қанша уақыт өтсе де, қандай жағдай болса да “БТА Банктің” өкінішті тағ­­­дыры қазақстандықтар есінен оңай­лықпен …

ӘБІЛӘЗОВТІҢ ӘЗӘЗІЛДІГІ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ көшеде кезекшілік атқарады

Облыстық ішкі істер департаментінде қоғамдық құрылымдардың жұмысын талқылауға арналған кеңес өтті. Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау. Алайда, қарапайым тұрғындардың өздері де тыныштықтың бұзылмауына үлес қоса алады. – Көптен бері “Көршілер бақылауы” атты бағдарлама жұмыс істеуде. Осында жиналған барлық мекемелермен бір адамдай жұмылып осы ортақ …

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ көшеде кезекшілік атқарады Read More »

БІЗ – ДОСТЫҚПЕН ГҮЛДЕНГЕН ЕЛМІЗ!

Студенттік күндерімнен бастап “Әлем елдерінің анықтамалығының” жыл сайын шығарылатын жинақтарын оқуға құмартушы едім. Бұл әдет – әлі де өмірлік серігім. Осы жинақтарды оқи отыра, әлемнің ірілі-ұсақты мемлекеттерінің ешқайсысының да бір ғана ұлттың мекені еместігіне көзім жетті. Бес құрлықтың қай елін алсаң да, бірнеше ұлттар мен ұлыстар тұрмыс кешеді, сондай-ақ тілдер мен діни конфессиялар тоғысқан. Зейнолла …

БІЗ – ДОСТЫҚПЕН ГҮЛДЕНГЕН ЕЛМІЗ! Read More »

ТҮРКІМЕНСТАНДА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН 7 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОСАТЫЛДЫ

Түркіменстанда сотты болған 7 қазақстандық бостандыққа шықты. Бұл туралы кеше брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.   Еске сала кетсек, 2012 жылғы 19 қазан күні Түркіменстан шекара қызметі Қазақстанның 7 азаматын ұстап, оларға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған еді. Оның ішіндегі 4 азамат – Маңғыстау облыстық …

ТҮРКІМЕНСТАНДА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН 7 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОСАТЫЛДЫ Read More »

АҚБҰЛАҚТЫҚТАР АУЫЗБІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА қыс қиындықтарын жеңе білуде

Лариса ВИННИЧЕНКО.   Биылғы қыс соңғы жылдарға қарағанда қарлы, боранды және аязды болып тұр. Осының өзі қалалық қызметтерді де, сол сияқты ауылдықтарды да қарбалас жұмыс істеуге мәжбүр етіп отыр. Әсіресе, соңғыларға қиын соғатын түрі бар: көктемнің ауылы болса әлі алыс, малдың жемшөбі де тығырыққа тірердей күйде. Ақбұлақ ауылдық округі облыстағы ең шалғай аумақтардың бірі саналатын …

АҚБҰЛАҚТЫҚТАР АУЫЗБІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА қыс қиындықтарын жеңе білуде Read More »

ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ облысымызға жұмыс сапарымен келді

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жұма күні өңірімізге жұмыс сапарымен Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков келді. Олармен болған кездесу барысында облыс әкімі Самат Ескендіров ғарыш саласының отандық үлгісін дамытудың маңыздылығына тоқталып, еліміздің халық қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқышғарышкер Талғат Мұсабаевқа сөз берді. Ол өз кезегінде Ұлттық ғарыш агенттігінің жұмысына тоқталып, …

ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ облысымызға жұмыс сапарымен келді Read More »

КОАЛИЦИЯ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН БОЛАДЫ

Өңірімізде азаматтық сектордың белсенді өкілдері “Солтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық бақылау” үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) коалициясын құрған болатын. Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров коалиция мүшелерімен кездесіп, екі жақ өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. – Дамыған елдерде үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы орны ерекше. Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай жасалған. Елбасы …

КОАЛИЦИЯ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН БОЛАДЫ Read More »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ “Қазақстан – 2050” Стратегиясын түсіндіруге келді

  Бұрнағы күні өңірімізге Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіру мақсатымен ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы келді. Алдымен астаналық меймандар облыс активімен кездесті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімі Самат Ескендіровтің айтуынша, өңірімізде 690 адамды жұмылдырған 15 ақпараттық-насихат тобы жұмыс …

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ “Қазақстан – 2050” Стратегиясын түсіндіруге келді Read More »

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ “ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ”

Қызылжар өңіріне республикалық ақпараттық-насихат тобын бастап келген ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф облыс орталығындағы Достық үйінде жергілікті этномәдени бірлестіктердің және діни конфессиялардың өкілдерімен “дөңгелек үстел” басында кездесті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысып отырды. Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауы туралы әңгіме қозғай келіп, …

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ “ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ” Read More »

БАҚ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС бірінші отырысын өткізді

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Облыс әкімдігі жанынан бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды. Оның алғашқы отырысы өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалық етуімен өтті. Облыс әкімі Самат Ескендіров журналистердің қоғамда алатын орнының маңыздылығына тоқталып, аталмыш кеңестің мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру мақсатында құрылып отырғанын атады. Бұл қоғамдық кеңеске облысымыздың белгілі журналистері мен ардагерлері, …

БАҚ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС бірінші отырысын өткізді Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТҚАНМЕН, шешімін күткен мәселелері де бар

Бейсенбі күні Қызылжар ауданының әкімі Орал Қаппасов әлеуметтік-экономикалық дамудың 2012 жылғы қорытындысы және алда тұрған міндеттер жайлы жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Оған өңір басшысы Самат Ескендіров қатысып, облыс орталығы маңындағы ауданның әлі де шешімін таппай жатқан мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. – Өткен жылғы ақпан-наурыз айларында өткізілген барлық деңгейдегі әкімдердің есеп …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТҚАНМЕН, шешімін күткен мәселелері де бар Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Жастар арасында сайлау институтын елге әйгілеу, сондай-ақ сайлаушылар мәдениеті деңгейін, жас сайлаушылардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 2013 жылғы 10 қаңтар – 31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау үдерісі мәселелері жөніндегі таңдаулы туындыларға конкурс өткізіледі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау …

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Read More »

КЕДЕЙШІЛІК ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕЙ ТҮСТІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларына тоқталып, ондағы басты міндет кедейшіліктің өсуіне жол бермеу екенін атап өтті. Онда: “Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек”, – делінген. Президенттің бұл сөзінде ел тұрғындарының қамсыз-мұңсыз тірлігі үшін зор алаңдаушылықтан …

КЕДЕЙШІЛІК ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕЙ ТҮСТІ Read More »

ҚАЛАЛЫҚТАР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАДЫ

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қала әкімі бекітілген кесте бойынша тұрғындармен бесінші әрі қорытынды есепті кездесуін өткізді. Оған өңір басшысы Самат Ескендіров қатысты. Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен қорытынды кездесуде көп мәселе көтерілді. Әкім есебінің толық нұсқасы жергілікті мерзімді басылымдар арқылы халыққа жеткізілгендіктен, Болат Жұмабеков былтыр атқарылған жұмысқа қысқаша ғана тоқталды. Экономика өрге басып, …

ҚАЛАЛЫҚТАР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАДЫ Read More »

ТЕЛЕФОНЫ ТАБЫЛЫП, АЛҒЫСЫН АРНАДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны Елена Гунгера СҚО ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерлан Арынғазинов пен полицейлер, аға сержант Руслан Мусин мен Владимир Моисеевке алғыс білдіруде.   Хат иесінің айтуынша, осыдан бір апта бұрын оның байланыс құралын бейтаныс біреулер жымқырған екен. Телефонын тауып берер деген үмітпен жәбірленуші полиция қызметкерлеріне келіп арызданған. Бір апта өтер-өтпесте …

ТЕЛЕФОНЫ ТАБЫЛЫП, АЛҒЫСЫН АРНАДЫ Read More »

ТАЛ ТҮСТЕ КӨЛІК ТОНАҒАН

Петропавлдық жедел уәкілдер бірнеше сағат ішінде көлік тонау қылмысының ізін суытпай ашты. Қылмыс жасаған күдікті ұсталды.   “Молсоюз” ЖШС “ГАЗель” көлігінің жүргізушісі “темір тұлпарын” 10-15 минутқа көшеде қалдырып, жұмыс бабымен кетіп қалған. Тапа тал түсте көлігінің кілтін бұзып, тонап кетерін ол, тіпті, ойламағанды. Алайда, көлігіне қайтып келгенде есігінің ашық жатқанын және оның ішіндегі жеке заттарының: …

ТАЛ ТҮСТЕ КӨЛІК ТОНАҒАН Read More »

АЛАҚАНЫ АШЫҚ ЖАНДАР өңір спортшыларына демеушілік жасады

Өңіріміздегі “Энергострой құрылыс басқармасы” ЖШС-і спортты дамытуға қолдау көрсету мақсатында көркем гимнасшыларға 700 мың теңгенің спорт жабдықтарын сыйға тартты.   Аталған қаражатқа 12 доп, 12 шеңбер, 12 жұп күрзі және тағы басқа спорт жабдықтарын сатып алған солтүстікқазақстандық энергетиктер сый-жоралғыларын спортшыларға салтанатты түрде табыс етіп, серіктестік атынан сөз алған Қайрат Әбілев мұндай игі істі өңірімізде спортты …

АЛАҚАНЫ АШЫҚ ЖАНДАР өңір спортшыларына демеушілік жасады Read More »

РАХМЕТ, РАУШАН!

Жуырда №1 қалалық емхана ұжымы бірінші санатты медбике Раушан Жүсіпованы құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Салтанатты мерекелік шарада емхананың бас дәрігері Александр Лярский мен оның әріптестері Раушан Құрманғалиқызының еңбекқорлығы мен кәсібилігі жайында сөз етті. Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Ол – Петропавл қаласында орналасқан медициналық колледжінің түлегі. Еңбек өтілі – 38 жыл. 26 жыл бойы учаскелік медбике …

РАХМЕТ, РАУШАН! Read More »