«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАУРЫЗ

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ.   Сен ортақ дастарқансың бәрімізге, Татырған сары уыздың нәрін бізге. Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз, Жарылқар берекеміз сары күзде.

ҒАЛАМШАРЛАР ШЕРУІ

Шыңғысхан СЕРҒАЗИНОВ,   №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы. Ерте, ерте, ертеде үлкен, әдемі, ғажайып, керемет “Сәбилер әлемі” аталатын қала болыпты. Сол қалада көптеген ақылды, сауатты, білгіш, өнерпаз, еңбексүйгіш, адамгершілігі көп, бір-біріне көмектесуге дайын балалар тұрыпты. Олар суықтан, аяздан, ыстықтан, оттан, судан қорықпайды, ешкімнен жеңілмейді екен. Бәрі де күн шуағын, күннің көзін зерттеумен айналысыпты. …

ҒАЛАМШАРЛАР ШЕРУІ Read More »

КӨРЕГЕН АТА

Өмірхан РИЗАБЕК, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 4-сынып оқушысы. Ерте, ерте, ертеде кең далада бір тамаша ұлттың адамдары өздерінің қонысын қондырыпты. Бұл елдің адамдары татулықты, бірлікті, сыйластықты ұнатады екен. Осы ұлттан туған балалар өте кішіпейіл, еңбексүйгіш және ақылды болып дүниеге келеді екен. Елдің табиғаты өте көркем, жері байлыққа толы болыпты. Бұл елге келген қонақтардың көзі …

КӨРЕГЕН АТА Read More »

БАБЕНКО ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Әлем кубогының қорытындысы бойынша конькимен сырғанаушы Дмитрий Бабенко 2014 жылғы Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алды. Әлем кубогының финалы Голландияның Херенвейн қаласында өтті. Дмитрий денсаулық жағдайына байланысты 5000 метр қашықтыққа қатыспаса да, жалпы рейтингтің 14-ші сатысынан көрінді. Оған Әлем кубогының бұдан бұрынғы кезеңдерінде жинаған ұпайы көмектесті. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЕМСЕР АЙҚАСТЫРДЫ

Алматы қаласында жасөспірімдер арасында семсерлесуден өткен ел біріншілігінде өңірлік құрама жақсы нәтиже көрсетті.   Сонымен біріншіліктің қорытындысына көз жүгіртсек, жасөспірімдер арасында Вадим Лысенко қырық спортшының ішінде екінші нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ облыстық ерлер құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды жеңіп алды. Жартылай финалда алматылықтардан 45:40 есебімен басым түскен олар ақтық ойындарда астаналықтардан 45:42 есебімен ұтылды. Кадеттер арасында …

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЕМСЕР АЙҚАСТЫРДЫ Read More »

ӨҢІРЛІК ҚҰРАМА ҮЗДІК АТАНДЫ

Петропавлда суда жүзуден ел біріншілігі аяқталды. Үш күнге жалғасқан республикалық чемпионатқа 25 команда, 380 жасөспірім қатысты.   Көпсайыстың қорытындысы бойынша өңірлік құрама жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтерілді. Омбы командасы – екінші, ал алматылықтар үшінші орынды еншіледі. Жарыстан үздік шыққандар сәуір айында Астана қаласында ел біріншілігінің 2-кезеңіне жолдама алмақ.

“ИНСТИТУТ БАРЫСЫ” АНЫҚТАЛДЫ

Петропавл қаласындағы Әскери институттың құрылғанына 16 жыл толуына орай “Институт барысы” турнирі өтті.   Аталған жүлдені жеңіп алу үшін ортаға 30-ға жуық балуан шықты. Олардың арасында 2-ші оқу батальонының курсанты Қуаныш Бейсенәлиев “Институт барысы” атанды. Турнир соңында үздік балуандар медальмен және кубокпен марапатталды.

НАУРЫЗ НҰРЫ СЕБЕЛЕП…

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Наурыз мейрамына арналған “Нұр себеле, ұлыстың Ұлы күні!” атты әдеби кеш өтті. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шараны өткізудегі басты мақсат оқырмандарды төл мерекеміздің тарихымен және қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру болатын. Сол себепті ата-әжелер, студенттер, мектеп оқушылары мен мұғалімдер бұл күні өздеріне рухани нәр алып қайтты. Қазақ халқы …

НАУРЫЗ НҰРЫ СЕБЕЛЕП… Read More »

“МАҚСАТ” ОРТАЛЫҒЫНА – 25 ЖЫЛ

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұрнағы күні Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Мақсат” қазақ ұлттық-мәдени орталығы 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға Сақып Құсайынованың жетекшілігімен ұлттық құндылықты насихаттап жүрген орталыққа құрметпен қарайтын қауым жиналды. Мерейтой иесін аудан әкімінің атынан құттықтаған оның орынбасары Мара Жұмабаева “Мақсат” қазақ ұлттық-мәдени орталығының атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқтала келе, зор алғысын …

“МАҚСАТ” ОРТАЛЫҒЫНА – 25 ЖЫЛ Read More »

42 ЖЫЛДАН КЕЙIН, кездескен түлектер

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Мамлют ауданының Новомихайловка орта мектебінде оны 1971 жылы бітірген түлектері жиналып, кездесу өткізді. Қырық екі жылдан кейін кездесуге келген түлектердің ішінде бірін-бірі танымай қалып жатқандары да болды. 17 жасында мектеппен қоштасып, 60-тан асқанда жүздескен жандардың қуаныштарында шек жоқ! Балалық шақтағы қызықтарын айтып мәресәре. Соңғы бес жыл бойы сыныптастарының басын қосуды армандап …

42 ЖЫЛДАН КЕЙIН, кездескен түлектер Read More »

НАУРЫЗ ҚАРЫ БОРАП ТҰР

11-14 наурыз аралығында облыста 5 қар кептелісі оқиғасы орын алып, 100-ден астам жолаушысы бар 28 автокөлік қар құрсауынан құтқарылды. Есіл ауданының “Корнеевка-Покровка” автожолында 25 жолаушысы бар “ПАЗ” автобусын қалың қардан шұғыл әрекет ету жасағы шығарып алды. М.Жұмабаев ауданындағы “Советское-Булаево” автожолында 20 жеңіл көлік 38 жолаушымен қар құрсауында қалды. Жүргізушілерге көмекке келген ауданның өрт сөндіру қызметкерлері …

НАУРЫЗ ҚАРЫ БОРАП ТҰР Read More »

7 жасар бала мерт болды

Жыл басынан бері облыста 153 өрт болып, одан 52 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 20 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның үшеуі – бала. Алты адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Өткен аптада адамның өмірін жалмаған өрт оқиғалары орын алды. Тайынша ауданының Келлеровка ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде түнде өрт шығып, баспана толығымен …

7 жасар бала мерт болды Read More »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

СҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде сыбайлас жемқорлыққа және “көлеңкелі экономикаға” қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы “Атамекен Одағы” ЗТБ СҚО бойынша директоры Елена Виссарова, “Жас Отан” жастар қанаты СҚФ атқарушы хатшысы Самат Жәкенов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тәсілдері мен әдістерін …

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ Read More »

“ДЕРТТІ БАСҚАРУ” ЖОБАСЫ науқастарға демеу болады

Науқастың медициналық сауаттылығын арттыруды көздейтін қанатқақты жоба республика бойынша алғашқы болып Павлодарда және біздің өңірде жүзеге аспақ. Бұл жайында №3 қалалық емханада Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Күлкаева өткізген семинарда белгілі болды.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Денсаулық сақтау министрлігі қолға алған бағдарлама “Дертті басқару” деп аталады. Медициналық қызметтің сапасын …

“ДЕРТТІ БАСҚАРУ” ЖОБАСЫ науқастарға демеу болады Read More »

BIRZHATRUDA. KZ WEB- ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Жуырда Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастығы Виктор Молодовскийге шығысқазақстандық әріптесі Жасұлан Сәрсембаевтан өздеріндегі birzhatruda. kz web-порталын бірлесе қолдану туралы ұсыныс келіп түсті. Данияр ҚАПЕЗОВ, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы. “Труд.каз” атты жастардың электрондық еңбек биржасы жұмыс беруші мен жас мамандардың бас қосатын орнына айналғандай. Күн сайын жүздеген компаниялар бос орындарға жоғары …

BIRZHATRUDA. KZ WEB- ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАСЫ Read More »

БАРЛЫҚ КЕДЕРГІНІ ЕҢСЕРЕТІН КҮШ

Раиса СОЛОПОВА, “Радзіма” белорус мәдени орталығының төрайымы. Әлемнің ешбір мемлекетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) сынды қоғамдық институт жоқ. Елдің тарихында маңызды рөлі бар ҚХА – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтайтын және қамтамасыз ететін тетік. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін Ресей, Қытай, АҚШ, Франция сияқты көптеген шетел мемлекеттері зерттеуде. Еліміз әлем мемлекеттерімен өзінің ұлттық саясаттың стратегиясымен, …

БАРЛЫҚ КЕДЕРГІНІ ЕҢСЕРЕТІН КҮШ Read More »

ДОСТЫҒЫМЫЗ – БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Татулық, достық, келісім – қысқа да болса мағынасы ауқымды ұғымдар. Бұларға қол жеткізу оңай емес. Әлі есімізде: өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басы – республика Тәуелсіздік алып, ауыр кезеңді өткерген шақ. Экономикалық тоқырау, энергетикалық дағдарыс, ақшасыздық. Еңбекақы макарон, арақ күйінде төленсе, зейнетақы мүлдем берілмеген айлар болды.   Валерий ЕВДОКИМЕНКО. Бұрынғы Одақтың барлық шекарасында қан төгілді: Сумгаитте, …

ДОСТЫҒЫМЫЗ – БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ Read More »

Біз наурызды осылай тойлаймыз

Наурыз – ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта жаңғыруы, оянуы. Осы бір табиғат-ананың көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтін біздің №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушылары кеңінен атап өтеді. Оның мақсаты бүкіл түркі халқының ұлы тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз …

Біз наурызды осылай тойлаймыз Read More »

МЕКТЕПТЕРДЕГІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ: кеше және бүгін

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Шаһарымыздағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат қазақ мектептерінің ішінде ертеден келе жатқан білім ошағы болғандықтан, алдымен осы мекемеге бас сұқтым. Ондағы ойым ордалы білім ошағы Ұлыстың ұлы күнін алғашқы жылдары қалай қарсы алғанын, қазір сол кездегі бағдарламада өзгерістер бар-жоғын білу болатын. Гимназияның физика пәнінің мұғалімі Бекет Мұстафин …

МЕКТЕПТЕРДЕГІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ: кеше және бүгін Read More »

Ұлыстың ұлы күнін Құсни әженің отбасында қарсы алдық

“Самарқанның көк тасы жібіген күн” деген сөз санада жатталып қалғалы қай заман?! Бұл құдіретті құбылыстың рас-өтірігін ажырату қиын. Бір білеріміз, Наурыз мерекесі ет пен сүйектен жаралған адамзатты жақсылыққа шақырады. Осы орайда жақсылықтың барлығы отбасынан басталады ғой деген оймен Наурыз мерекесін сүттей ұйыған Кеңпейіловтер отбасында қарсы алуды жөн көрдік. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қызылжар ауданының Озерный …

Ұлыстың ұлы күнін Құсни әженің отбасында қарсы алдық Read More »