ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТТАРЫН ЖОЛДАДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасы Францискті Киелі Тақ Понтифигі лауазымына сайлануына байланысты көпұлтты Қазақстан халқының және жеке өз атынан шын жүректен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Президенті Рим Папасы Францисктің қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы үнқатысудың одан әрі дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Соңында Мемлекет басшысы жарылқаушы миссия барша адамзаттың …