«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЫЛТЫР 358 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

Данияр ХАРИПОВ, ЕС-164/1 мекемесі бастығының орынбасары. Қазіргі кезеңде “ЕС-164/1 мекемесі” РММ жедел жағдайы қанағаттандырарлық, адам құрамы бақылаулы. Апта сайын облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен іскерлік кездесулер өткізіледі, онда өзара іс-әрекетте қиындық тудыратын мәселелер талқыланады. Сондай-ақ жедел жағдайға жағымсыз ықпал ететін тұлғаларды анықтау үшін ұдайы өзара ақпарат алмасылып тұрады. 2012 жылы жедел бөлім ойластырылып жүрген 51 …

БЫЛТЫР 358 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ Read More »

КЕЙБІР ШЕТЕЛДІКТЕР қуылса да, кетер емес

Жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз болған 66 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бәрі – ТМД мемлекеттерінің азаматтары. Төрт шетелдік сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды. СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері осындай заңсыз әрекеттерге қарсы күресті күшейткелі отыр. Күн сайын тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзатындар жиі жиналатын жерде рейдтер өткізуде. Вокзалдар, базарлар мен құрылыс …

КЕЙБІР ШЕТЕЛДІКТЕР қуылса да, кетер емес Read More »

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ — қысқы спорт ойындары

Бағлан ҚОЖАҚОВ, журналист. Өткен аптада Антоновка ауылында Айыртау аудандық “Солтүстік – 2013” қысқы спорт ойындары болып өтті. Күн ұзаққа созылған сайыста спортшылар пневматикалық қарумен нысана көздеу, шаңғы жарысы, шорттрек, шайбалы хоккей, қысқы президенттік көпсайыс түрлері бойынша жарысқа түсті. Оған барлық ауылдық округтерден ерлер және қыздар командалары қатысты.

“ЖАСҰЛАН – 2013” байқауына шалақындық шәкірттер белсене қатысты

Жуырда Шал ақын ауданында “Жас ұлан – 2013” сапқа тұру және саптағы әндер байқауының аймақтық кезеңі өтті. Сәуле ТӨЛЕШОВА, Шал ақын аудандық оқу бөлімінің әдістемешісі. Ол ауданның төрт мектебінде, атап айтқанда, Кривощеково, М.Ахметбеков атындағы, Жаңажол орта мектептерінде және Е.Букетов атындағы мектеп-гимназияда өтті. Оған барлығы 200-ден аса оқушыдан құралған 18 команда қатысты. Әскери өнер байқауына аудандық …

“ЖАСҰЛАН – 2013” байқауына шалақындық шәкірттер белсене қатысты Read More »

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ жөнінде сайыстар өтті

Айгүл БАЗАРОВА, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары. Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен облыстың білім беру мекемелерінде “Адам және құқық” тақырыбы бойынша 9-11-сынып оқушылары арасында дебаттық турнирлер, пікірталастар, “дөңгелек үстелдер” өткізілді.

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Қаламқас ТАСМАҒАМБЕТОВА, Аққайың аудандық орталық ауруханасының дәрігері.   Денсаулық сақтау саласын дамыту – әрқашан Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында белгіленген басым міндеттердің бірі. Бүгін нақты нәтижелер жайында айтуға болады. Солардың бірін Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында жариялаған Жолдауында атап өтті. Ол – жүрекқан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткішінің республика бойынша төмендеуі.

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тыңдап, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа басымдықтарымен таныстық. Биылғы жылы аталмыш бағдарламалық құжат әдеттегідей Парламент палаталарының бірлескен отырысында емес, Астана қаласындағы жаңадан салынған опера театрында жарияланды. Айгүл ТӘШЕТОВА, журналист. Елбасы кезекті Жолдауында “Қазақстан – 2030” бағдарламалық құжатының бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалғанын атап …

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ Read More »

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАТЫНЫМЫЗ – ақиқатқа айналатын арман

Бүгінгі біздің ұрпақ үшін Тәуелсіздіктің арманнан ақиқатқа айналғанын көзімізбен көріп отырғанымыз – бақыт. Осы бақытты күніміздің шарықтау шыңы – 1991 жылғы 16 желтоқсан. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сол күні “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Жарлыққа қолын қойып, қазақ жұртының сан ғасырлық арманын баянды етті. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,  “Солтүстік Қазақстан”. Сол сәттен бері бар болғаны жиырма бір …

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАТЫНЫМЫЗ – ақиқатқа айналатын арман Read More »

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР

Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауымен жан-жақты танысып, оның шын мәнінде, біздің ел үшін жаңа бағдар белгілеген орасан зор тарихи құжат екендігіне көз жеткіздім. Соған орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесі атқару комитетінің отырысын өткізіп, тарихи …

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ сыннан сүрінбей өтті

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қоғамдық аса маңызды шара болды. Жоғары, Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссиясы отырыстарында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының 835 офицері, прапорщиктері және қатардағылары сынаудан өтті. Олардың 687-сі атқаратын лауазымына сәйкес деп танылды. 47 қызметкер атқаратын лауазымына сай және кадрлық резервке алуға немесе жоғары лауазымға ұсынылатын болды, 18-і …

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ сыннан сүрінбей өтті Read More »

БІР ЖЫЛДЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?

Бұрнағы күні Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл кездесуге республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Осыдан бір жыл бұрын Болат Жұмабеков облыс орталығының басшысы болып тағайындалған болатын. Журналистермен кездесуді қала әкімі осы кезең ішінде атқарылған істерді баяндаудан бастады.

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК тұтынушыларын табуға тиіс

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен әкімдіктің отырысы өтіп, онда өңіріміздің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы талқыланды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш отырыс алдында жиналғандар 29 қаңтарда Алматы қаласы әуежайына 5 км. қалғанда “Көкшетау – Алматы” бағыты бойынша №760 әуе рейсін жасаған “Chellenger-200” ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандарды бір минут …

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК тұтынушыларын табуға тиіс Read More »

ЕСІМІ ЕСТЕ ҚАЛДЫРУҒА ЛАЙЫҚ Есләмбек БЕКМҰРЗИН, ұлттық спорт мектебінің директоры.

  Есләмбек БЕКМҰРЗИН,  ұлттық спорт мектебінің директоры.    Қазақ халқында барша қауым ардақтап, мақтан тұтатын тұлғалар баршылық қой. Осылардың ішінде ең зорының бірі Қажымұқан десем, ағат айтқаным болмас. Ұлтымыздың ұлы балуанын білмейтін адам елімізде некенсаяқ шығар. Ал оның өмірі мен күрес өнеріне байланысты айтылатын әңгімелердің қайсысы ақиқат, қайсысы аңыз екенін айырудың өзі қиын.

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖІГЕРЛЕНДІРЕ ТҮССЕ, олқылықтарымыз ойландырады

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа жиыны өтіп, ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіруге және спорт салаларының 2012 жылғы жұмыстарын қорытындылауға арналды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша басқарма бастығының орынбасары Азат Омаров сөз алып, жиналғандарға Елбасы Жолдауының бағыттарын баяндады. Екінші мәселені талқылауға А. …

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖІГЕРЛЕНДІРЕ ТҮССЕ, олқылықтарымыз ойландырады Read More »

ТОЗҒАН ҮЙЛЕР ТҮРЛЕНІП ШЫҒА КЕЛДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавл қаласының жайлы тұрғын үй қоры 1036 көппәтерлі тұрғын үйден тұрады. Олардың көпшілігі алпысыншы жылдары салынған, солай бола тұра, бұл үйлерде осы күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмей келді. Жылыту маусымы басталғаннан бері қалалық әкімдіктің атына пәтерлеріндегі температуралық режімнің төмендігін айтқан шағым-арыздар түсуде, алайда оның негізгі себептері жылыту маусымына дайындық шараларын …

ТОЗҒАН ҮЙЛЕР ТҮРЛЕНІП ШЫҒА КЕЛДІ Read More »

ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕҢБЕК АДАМЫ

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бері көкейінде жүріп, әбден пісіп-жетілген толғамды іс-қимыл бағдарламасы. Президент Қазақстанда мұндай қоғам құрудың қажеттілігін алғаш рет Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде айтты. Көп кешікпей ол Мемлекет басшысының жан-жақты талдап жазылған “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласында кең өріс тапты. …

ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕҢБЕК АДАМЫ Read More »

“ӘУЕЛІ ӨНЕР ІЗДЕЛІК, ҚОЛДАН КЕЛСЕ!”

Әдия АХМЕТОВА, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. Мақаламның тақырыбы айғақтап тұрғанындай, мен оны ұлы Абайдың “Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық” деген жыр жолдарына сүйеніп, қоғамдағы еңбектің қадір-қасиетін арттыруға оқталып отырмын. Еліміз әлемдік қауымдастықпен бірге жаңа – жиырма бірінші ғасырдың алғашқы он екі жылын еңсеріп тастады. Жаңа жүзжылдық әлем жұртшылығының алдына …

“ӘУЕЛІ ӨНЕР ІЗДЕЛІК, ҚОЛДАН КЕЛСЕ!” Read More »

Облыстың 2012 жылғы экономикалық және …

Өнеркәсіп. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 122,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді немесе 2011 жылғы сәйкес мерімге 102,3%-ды құрады. Өндірістің тау-кен өнеркәсібінде өндіріс 1,9 есе өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 2,1%, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа конденсаттауда – 0,5%, сумен қамтамасыздандыру, кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда – 2,8%.

ӨНІМІ ӨТІМДІ “КАЗМЯСОПРОДУКТ” өңіріміздің сапалы шикізатын пайдаланады

“Казмясопродукт” ЖШС-і 2012 жылғы “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік байқау-көрмесінің жеңімпазы атанған болатын. Кәсіпорын шығаратын өнімдер бүгінде облыс сауда орындарында зор сұранысқа ие болып отыр. Ет өнімдерін өндірумен айналысатын осы саладағы өңірдің мықты өндіріс орындарымен қаймықпай бәсекеге түскен кәсіпорын шаңырақ көтерген сегіз жылдың ішінде нарықтағы өз орнын ойып тұрып алды деуге болады. Нәтижесінде қала мен облыс …

ӨНІМІ ӨТІМДІ “КАЗМЯСОПРОДУКТ” өңіріміздің сапалы шикізатын пайдаланады Read More »