«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙ БОКСЫНДА ДА ТЕГЕУРІНДІМІЗ

Жуырда Алматы қаласында жастар және жасөспірімдер арасында муай-тай бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Оған қатысқан өңірлік спортшылар 2 алтын, 1 күміс пен 1 қола олжалады. Бәсекелі сайыста өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түскен жерлестеріміз Евгений Огородник (71 кг.) мен Нұржамал Каменова (51 кг.) – І орын, Алена Кузнецова (57 кг.) – ІІ, ал Салтанат …

ТАЙ БОКСЫНДА ДА ТЕГЕУРІНДІМІЗ Read More »

ҚОС ЖҮЛДЕМІЗ БАР

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында кикбокстан ел біріншілігі өтті. Шаршы алаңда бақ пен бабын сынаған жерлес спортшылар Қаби Темірлан 67 кг. салмақ дәрежесінде 2-орынға тұрақтаса, Марат Смайылов 57 кг. салмақта 3-орынды иеленді.

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖЕҢІС

Жезқазғанда грек-рим мен еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының аясында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Оған еліміздің барлық аймағынан 14 пен 16 жас аралығындағы 500-ге жуық спортшы қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Аталмыш сайыста облыс атынан боз кілемде өнер көрсеткен грек-рим палуандары Зелимхан Усманов (42 кг.), Азамат Бисенғалиев (46 кг.), Айдос Сұлтанғали …

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖЕҢІС Read More »

ҚОНАҒЫМЫЗ – БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Таэквондодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта оқушылармен кездесті. Атырау қаласында АӘД және дене шынықтыру мен спорт аймақтық орталығы бастығының орынбасары қызметін атқаратын Арман Чилманов кездесуге қатысқан балаларға 13 жыл бойы таэквондомен айналысып келгенін әңгімеледі. Петропавлға жұмыс бабымен келіп, оқушылармен кездесуге уақытын бөлген Арман Чилманов өңірімізде спорттың дамуына жоғары …

ҚОНАҒЫМЫЗ – БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ Read More »

“ЕСІЛ” ЕСЕСІН ҚАЙТАРУҒА ТЫРЫСТЫ

Қызылжарда волейболдан жоғары лиганың А тобында 3-тур ойындары өтті. 8 команданың арасында өткен тартысқа толы кездесулерде шымкенттіктер топ жарды.   Өз алаңында сәттірек өнер көрсеткен “Есіл-Виктория” өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Олар бұл сайыста тек Шымкенттің “ОҚМУ-Қазығұрт” командасының (3:1) ғана осал тұсын таба алмады. Ал Оралдың “Жайық-Конденсаты”, Теміртаудың “Арселор-Миттал” командасы мен “ВК Семей” 14 ұпаймен көш …

“ЕСІЛ” ЕСЕСІН ҚАЙТАРУҒА ТЫРЫСТЫ Read More »

ОМБЫЛЫҚТАР ОЗДЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында тректік ипподромдық жарыс бойынша Қазақстан біріншілігінің үшінші кезеңі өтті. Жарысқа Омбы, Көкшетау, Астана және Петропавл қалаларынан 13 спортшы қатысты. Додада тәжірибелі спортшылармен қатар жас өрендер де бақ сынады. Автокөлік жүргізушілері шұғыл бұрылыстардан қиналмай өтіп, ипподромның айнадай жалтыраған жолдарында өнер көрсетті. Бұл күні 14 рет жарыс жолына шыққан …

ОМБЫЛЫҚТАР ОЗДЫ Read More »

ДОПТЫ ХОККЕЙДЕН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Мектеп және колледж оқушыларының VI республикалық қысқы спартакиадасы аясында допты хоккейден ақтық ойындар аяқталды.Тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша Ақтөбе облы-сының құрамасы І орын, жерлес спортшылар екінші орыннан көрін-се, ал шығысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

Қызылжар. Көктем. Қазақша КВН. Жаңа маусым басталды. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Екі күн қатарынан облыстық балалар шығармашылық орталығының сахнасында күлкі мейрамы тойланды. Бірінші күн маусымашар болды. Облыстық лигада ойнайтын командалар баптарын байқатты. Бұған дейін бірде-бір құрамасы болмаған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ден үш бірдей команда келген екен. Алайда, ол командалардың ойыны университеттегі факультетаралық КВН ойындарының деңгейінде жүргендігі …

МАУСЫМ БАСТАЛДЫ Read More »

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН БАС МЕДБИКЕ

Суреттегі сол жақта тұрған ақ халатты абзал жанның есімі – Галина Қоқышева. Ол қазіргі таңда №3 қалалық аурухананың бас медбикесі болып қызмет етуде. Галина Өміржанқызын ауруханаға жұмыс бабымен барған сайын жиі көреміз. Кімді болсын ақ көңілмен қарсы алатын аурухананың бас медбикесі бірнеше бөлімдері мен зертханалары бар аурухананы бес саусағындай жатқа білетіндігі, бізді бір емес бірнеше …

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН БАС МЕДБИКЕ Read More »

ҮМІТ ТӘТЕЙДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ

Бағдат ЖАҚСЫБАЕВА, Шайзат БҰҚТЫБАЕВА, Гүлзат ТЕМІРБЕКОВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат тәрбиешілері. “Жақсыдан – шарапат” деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Осындай ілтипатқа лайық, ізгі де аяулы жандардың бірі ­­– Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың интернат меңгерушісі Үміт Сандыбаева. Тәрбие саласында көп жылдар бойы талмай еңбек етіп келе жатқан Үміт …

ҮМІТ ТӘТЕЙДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ Read More »

ДӘРІГЕР – ТӘННІҢ ҒАНА ЕМЕС, ЖАННЫҢ ДА ЕМШІСІ

“Адамның жанын емдесең, тәні де тез сауығады” деп есептейтін дәрігерлердің бірі – Раушан Қазтаева. Өмірінің 22 жылын адам емдеуге арнаған ол, дәрігер болу жай ғана мамандықтан гөрі, өмірлік міндет деп санайды. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Бала кезден дәрігер болуды қаладым десем, артық айтқаным емес. Ауруханаларда ем-дом жасап жатқан дәрігерлерге қарап, өзім де болашақта адамның …

ДӘРІГЕР – ТӘННІҢ ҒАНА ЕМЕС, ЖАННЫҢ ДА ЕМШІСІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ “ҚЫЗ ЖІБЕГІ”

Жерлес жазушы Ғабит Мүсіреповтің “Қыз Жібек” пьесасы осы күнге дейін театр сахнасынан түскен емес. Шығармашылық өмірінде Гамлеттің бейнесін сомдауды қаламайтын актер жоқ болса, актрисалардың арасында Қыз Жібекті ойнауды арман етпейтіндері жоқ шығар, сірә. Арманы орындалған актрисалардың бірі – Самал Тәшімова. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының сахнагерімен сұхбаттасудың сәті түсті.   – Самал Қабдоллақызы, …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ “ҚЫЗ ЖІБЕГІ” Read More »

ҚАЙСАР ҚЫЗ Әсем Назырова әлем чемпионатына қатысады

Біздің өңірімізде спорттық бағдарлау дами бастағалы соншалықты көп уақыт өте қойған жоқ. Онымен айналысатын жерлестеріміз де тек соңғы жылдары шыға бастағаны анық. Ерлер арасында жетінші қысқы Азия ойындарында Аслан Тоқбаевтың командалық есепте құрлық чемпионы болғанын көгілдір экраннан тамашалап, артынан өзін құттықтаған едім. Кейін бұл спорт түрімен қыздарымыздың да шұғылданып жүргенін естіп, солардың бірімен кездесуге ниет …

ҚАЙСАР ҚЫЗ Әсем Назырова әлем чемпионатына қатысады Read More »

АКРОБАТШЫ АЛИНА биікке самғауға құштар

Спортшылар арасында жасөспірім шағында-ақ “Спорт шебері” атағын иеленгендер баршылық. Ондайлар көп ретте гимнастикамен, акробатикамен, конькимен мәнерлеп сырғанаумен айналысатындардан шығады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Мен жақында Петропавлдағы №31 орта мектептің тоғызыншы сыныбында оқитын, акробатикадан спорт шебері Алина Абуталиповамен кездесіп, он алты жасар қыз баланың айтарлықтай жетістіктеріне қанықтым. Ол қаладағы “Акробатика” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне сегіз …

АКРОБАТШЫ АЛИНА биікке самғауға құштар Read More »

АНАЛАР-АЙ, АСЫЛДАРЫМ, АРДАҒЫМ!

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Аналар-ай, Мөлдіреген жаны ізгі, Бар әлемнің жарық Күні тәрізді. Тіршілікке өмір берген сендерге, Қалай осы қайтарамыз қарызды?! Аналар-ай,

Жүйкесі мықтының мамандығы

Нәзік жандарды бүгінгі күні әр салада кездестіруге болады. Ердің ісі саналар күзетшіліктен бастап, әскери қызметке дейін. Тіпті, атауының өзі адам жүрегінде үрей тудыратын патологоанатомия саласына саналы өмірінің 44 жылын арнаған әйел де бар екен. Өмірінің тең жартысын мәйіттерді зерттеуге арнаған облысымыздың штаттан тыс бас патологоанатом дәрігердің аты-жөні – Алла Козленко. Ол №3 қалалық аурухананың патологоанатомиялық …

Жүйкесі мықтының мамандығы Read More »

ШӨПШЕК СҮЙГЕН ӘЖЕЙ 113 жасқа келеді

Бикамал Мұржықова әжей осы жылдың 13 наурызында 113 жасқа келгелі отыр. Облыс орталығында тұратын кейуанамен жолығудың сәті түсті.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бір ғасырлық ғұмырды артқа тастаған Бикамал әжей осындай жасына қарамастан, тың. Үйіне келген бізді қазақы салт бойынша жылы қабылдап, әңгімеге қосыла кетті. Әжей 1900 жылы Жамбыл ауданының Суаткөл ауылында дүниеге келген. 1917 …

ШӨПШЕК СҮЙГЕН ӘЖЕЙ 113 жасқа келеді Read More »

СУРЕТШІНІҢ СЕРІГІ ҚЫЛҚАЛАМЫ

Әкем мені ылғи “Көбелек” деп атайтын еді, – деп бастады әңгімесін өңіріміздің тумасы, суретші Алтын Кәрімова. – Бала кезімде мектептен үйге дейінгі жол бойы қарда жатып, қолымды әрі-бері ербеңдетіп, өзімді көк аспанда ұшып жүрген көбелектей елестететінмін. Оны әкем көріп: “Мына жерге аспаннан көбелек түскен бе, ізін қалдырыпты ғой”, – деп үнемі айтатын… Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік …

СУРЕТШІНІҢ СЕРІГІ ҚЫЛҚАЛАМЫ Read More »

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ДЕН ҚОЙҒАН “ТОМИРИС”

Ортамызда бір емес, бірнеше мамандықтың тізгінін ұстап, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қыз-келіншектер жетіп артылады. Солардың бірі – “Томирис” гендерлік білім беру орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рахат Әзімбаева. Жүрісі нық, қимылы шапшаң Рахат Омашқызымен кездескен сайын көз алдыма қазақ жазушыларының шығармаларында суреттелген қайсар, өжет қыз-келіншектердің бейнесі оралады. Саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ол – қазақ …

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ДЕН ҚОЙҒАН “ТОМИРИС” Read More »

ӘДІЛЕТ МҰСТАФИН – “УНИВЕРСИТЕТ БАРЫСЫ”

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Қазақстан барысының” үшінші маусымының басталуына орай “СҚМУ барысы” жарысы өтті. Оқу ордасының палуандарына өздерін қалалық, облыстық ареналарда бақтарын сынап көру мүмкіндігі алғаш рет туып отырған дода – “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға СҚМУ-дің 5 факультетінен 8 палуан қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша тарих және заң …

ӘДІЛЕТ МҰСТАФИН – “УНИВЕРСИТЕТ БАРЫСЫ” Read More »