«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СЛАДКА ЯГОДА” ӘН САЛДЫ

Жақында Петропавлдағы Достық үйінде өткен концертте “Сладка ягода” вокалды ансамблі сәтті өнер көрсетті. Оның көркемдік жетекшісі Галина Александрова болса, концертмейстері – Сергей Снурницын.   Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Евгений Птичкиннің әнінен басталған концертте көптеген әндер шырқалды. “Шолпан” әнін қазақ тілінде орындаған вокалды ансамбль Сергей Снурницынның да туындыларын айтты. Әсіресе, олар “Трава моя, трава”, “Ванька холостяк” сынды …

“СЛАДКА ЯГОДА” ӘН САЛДЫ Read More »

ЖАС СУРЕТШІНІ ТАҢДАУЫ – жанрлық жаңалық

Қазір қылқалам өнерінде жас суретшілердің ізденістері жанрлық жаңалықтармен ерекшеленеді. Олар суреттің дәстүрлі жолдарынан гөрі мазмұндық және формалық жаңалықтарға талпынады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Сондай жас қылқалам иелерінің бірі Александр Герасимов өткен жексенбі, күні облыс орталығындағы “Пилот” дәмханасында өзінің суреттерінің көрмесін ашты. Сурет өнерімен бала күнінен бері айналысса да, оның жұртшылыққа танылуы 1999 жылдан басталған. Өңірімізге …

ЖАС СУРЕТШІНІ ТАҢДАУЫ – жанрлық жаңалық Read More »

САХНАДА – “ШЕРТЕР”

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Шертер” фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінің есептік концерті өтті.   Махаббат БАЛТАБАЕВА, студент. Ұжым осыдан 14 жыл бұрын құрылған екен. Оның құрамында жиырмадан астам адам бар. Ансамбльдің алғашқы жетекшісі Жанар Мұқатаева болды. Ол ұжымның бағытын анықтап, бұрынғы қазақ халық аспаптарының дыбысталуын жандандырды. 2004 жылдан бастап ұжымға жетекшілік етіп келе жатқан Жеңіс Қабдолбәриев ансамбльге сазсырнай, …

САХНАДА – “ШЕРТЕР” Read More »

ШАТТЫҚ ӘУЕНДЕРІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті болып өтті. Жаңа атауға ие болған ұжым он үш жыл бойы сахна төрінде өнер көрсетіп келеді.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұрын “Есіл” деген атаумен танылған оркестрдің бұл жолғы концерті ерекше жағдайда өтті. Ақын, әнші, өнерпаз Сегіз серінің есімінің берілуі бір …

ШАТТЫҚ ӘУЕНДЕРІ Read More »

ТАЛАЙ ДАРЫН ҰШҚАН ҰЯ

Петропавлдағы ең көне оқу орындарының бірі болып табылатын балалардың көркемөнер мектебінің негізі 1977 жылы қаланған. 36 жылдан бері талмай жұмыс істеп келе жатқан өзіндік тарихы бар мекеме бүгінгі күні бұрынғы дәстүрлерімен қатар, заманауи технологияларды еркін меңгерген. Алғаш мектеп қабырғасында 80-ге жуық оқушы білім алып, оларға 5 мұғалім сабақ берсе, қазір 14 педагог еңбек етеді. Жыл …

ТАЛАЙ ДАРЫН ҰШҚАН ҰЯ Read More »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЖЕТТІЛІК

Латын тілі туралы айтатын болсақ, бұл – ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары – латындар, ал олардың тілі латын тілі деп аталды. Грек тілімен қатар, латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Латын тілі өлі, яғни қазіргі кезде қолданылмайтын тілге жатады. Бұл топқа грек, үнді, ирандық, славяндық, балтық, германдық …

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЖЕТТІЛІК Read More »

ҚАРТТЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАҒАН АҚСАҚАЛ

Валерий МАСЛОВ, “Одақ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қадыр Сайдуов ақсақалды білетін жандардың бірде-бірі оның қолы қыбырламай жүргенін көрген емес. Солтүстікқазақстандық ауыл баласы жас кезінен еңбекке араласып, ата-анасына қолғабыс беруден жалыққан жоқ. Осылайша үй шаруасына ерте төселген жас есейе келе техникаға құмартты. Алайда, жоғары оқу орнына түсудің сәті бірден түсе қойған жоқ, балы жетпей қалды. Бірақ оған …

ҚАРТТЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАҒАН АҚСАҚАЛ Read More »

АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, АРДАГЕР ТІЛШІ сексеннің сеңгірінде де сергек

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Сексеннің сеңгіріне аяқ басқан Жұмаш Сейітбеков ағамыздың есімін естігелі елу жылға таяды десем, асыра сілтегенім болмас. Өйткені, қара танығаннан үйімізден “Ленин туы” газеті үзілген емес. Газетке қалам тартуға талпынып жүрген шағымда шағын да ірі мақалаларымен көзге шалынатындардың бірі осы Жұмаш аға болатын. Ауыл зиялыларының арасынан, әсіресе, мұғалімдер ел тұрмысынан хабардар етуге …

АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, АРДАГЕР ТІЛШІ сексеннің сеңгірінде де сергек Read More »

ӨНЕР ТҰНҒАН ОРДА өрендерге қанат бітіреді

Анар МҰСАБАЕВА, домбыра сыныбының ұстазы. Айыртау музыка мектебінің домбыра сыныбында оқып жүрген ұл-қыздар ән-күй өнерінен сусындап, ұлттық мәдениетімізді дамытуға, жаңғыртуға өз үлестерін қосып жүр десек, артық айтқандығымыз болмас. “Өнер – өмірдің өзіндей мәңгілік” демекші, еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы құрылған Айыртау музыка мектебі осы күнге дейін қаншама баланың өнерге деген ықыласын ашты. Домбыра, фортепьяно, хор, …

ӨНЕР ТҰНҒАН ОРДА өрендерге қанат бітіреді Read More »

СУРЕТШІ ӨНЕРІНСІЗ САХНА – ЖҰТАҢ

Театр, сахна өнерінен мағлұматы бар адамдар “Бутафория” деген сөздің мағынасын сұрап жатпайды. Сахнадағы қойылымды безендіретін, спектакльге көмекші құралдарды жасап, оқиғаларды көрерменнің зердесіне жеткізуге қажетті заттарды қолмен жасайтын, сол арқылы заман тарихына бойлататын театр қызметкерін “Бутафор” дейді. Егер әртістер спектакльде оқиғаны сөзбен және алуан қимыл іс-әрекеттермен бейнелесе, бутафор безендіру арқылы қоюшы-режиссердің ой-мүддесін декорациялар жасау, сурет салу, …

СУРЕТШІ ӨНЕРІНСІЗ САХНА – ЖҰТАҢ Read More »

ТЫҢДА ТУҒАН АУДАН

Аудан 4,51 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Батыста ол – Қостанай облысымен, шығыста – Шал ақын ауданымен, оңтүстікте – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданмен, солтүстікте Жамбыл ауданымен шектеседі. Аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы – 96 шақырым, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы – 71 шақырым. Аудан экономикалық-географиялық қолайлы жерде орналасқан. Оның аумағы арқылы темір жол магистралі өтеді. …

ТЫҢДА ТУҒАН АУДАН Read More »

“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” орта және шағын бизнес өкілдеріне арналды

“СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы” ММ бастамасы бойынша “Ашық есік күні” атауымен кәсіпкерлерге арналған кездесу бастау алды. Оған аумақтық жер инспекциясының, облыстық техникалық реттеу және метрология жөніндегі департаменттің, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.“СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы” ММ бастамасы бойынша “Ашық есік күні” атауымен кәсіпкерлерге арналған …

“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” орта және шағын бизнес өкілдеріне арналды Read More »

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Амангелді ӘУЕСХАНОВ, облыстық ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ баспасөз қызметінің бас маманы.   Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында мекеме бастығы Серік Ғайсиннің төрағалығымен басқарма, бөлімдер және аудандық бөлімшелері басшыларымен кездесу өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” …

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ Read More »

ЕМДЕЛІП ЖАТСА ДА, ЕҢБЕКАҚЫСЫН КЕМІТПЕГЕН мемлекеттік қызметші қызметімен қош айтысады

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Ішімдік ішіп, рульге отырған Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімі Тұрмыс Иманжановқа қатаң сөгіс жарияланды. Аудан прокуроры Шоқан Құлдановтың айтуынша, ауыл ішінде қызметтік көлікті жүргізіп келе жатқан әкімді жол полицейлері тоқтатқан. Иманжановтың жеңіл түрде мас болғаны кейін сотта да айғақталған. Жамбыл аудандық сотының шешімімен бұл факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың …

ЕМДЕЛІП ЖАТСА ДА, ЕҢБЕКАҚЫСЫН КЕМІТПЕГЕН мемлекеттік қызметші қызметімен қош айтысады Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ №2 жылу-электр орталығының жұмысы мінсіз

Облыс әкімі Самат Ескендіров “СевКазЭнерго” АҚ-ның Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында болды. Қазір мұнда 2015 жылға дейін жоспарланған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Бұл кәсіпорын 1961 жылы пайдалануға берілген. Облыс орталығындағы жылу энергиясын тарататын негізгі құрылым. Бұған қоса, станция облыстың 8 ауданын электр жарығымен қамтып отыр. Мұндағы негізгі қондырғылардың құрамына 11 энергетикалық …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ №2 жылу-электр орталығының жұмысы мінсіз Read More »

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР жедел шешілу үстінде

Облыс орталығында алдағы уақытта Мағжан Жұмабаев, Пушкин және Шоқан Уәлиханов көшелеріндегі көлік қозғалысын жеңілдету үшін Жұмабаев даңғылы мен Уәлиханов көшесі аралығына жол тартылмақ. Осы істі нақтылау үшін облыс әкімі Самат Ескендіров көше қозғалысымен өзі танысты. Сондай-ақ өңір басшысы қаламыздағы бірқатар нысандарды аралады. Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, журналист. Мағжан Жұмабаев пен Чкалов көшелерінің қиылысына келген Самат Ескендіров жолдың …

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР жедел шешілу үстінде Read More »

ЕДІЛЖАН СЫРЛЫБАЕВ – ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДИР

Дастан ТАЙШЫБАЕВ, Ішкі әскер Әскери институтының курсанты. “Командир – аға, солдат – іні” деп даңқты қолбасшы, атақты жауынгер, қазақтың Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз айтпақшы, командир өз жеке құрамының қамқоршысы, арқа сүйер ағасы десек, артық емес. Біздің 6-шы оқу ротасының командирі капитан Сырлыбаев – біз үшін үлгі тұтар үздік офицер. Еділжан Сырлыбаев 1981 жылдың 22 …

ЕДІЛЖАН СЫРЛЫБАЕВ – ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДИР Read More »

ТӘЛІМІ МОЛ ТӘРБИЕШІ АЗАМАТ

1993 жылдың 10 қаңтарында Президенттің Қазақстан Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларының институтын құру туралы Жарлығы шыққан болатын. Сол тұстан бері әскер қатарында тәрбие саласы мықтап қолға алынып, қазіргі уақытта бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда, бүгінгі күні әскер ішінде қылмыс азайып, тәртіпсіздік те жылдан-жылға жойылу үстінде. Осы тұрғыда …

ТӘЛІМІ МОЛ ТӘРБИЕШІ АЗАМАТ Read More »

ҮШ РЕТ ӨРТЕНГЕН ҮЙ

Қызылжар қаласының іргесіндегі Бескөл ауылының тұрғыны кішкентай үш баласымен далада қалды. Баспанасы бір емес қатарынан үш рет өртенген. Үй иесі “Бірде сусыз, тағы бірде күрек-сайманы жоқ келді” деп, сөндірушілерді кінәлап отыр.   Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, журналист. Алла сақтап, Мұрат Қожанов түнгі үште түтіннің иісінен оянып кетіп, әйелі мен үш баласын далаға алып шығып үлгерген. Оның айтуынша, …

ҮШ РЕТ ӨРТЕНГЕН ҮЙ Read More »

СЫРТТА – ҚЫС, “НЕПТУНДЕ” – ЖАЗ

Ақбота СЕЙДАХМЕТОВА, қазақ мектеп-гимназиясының 10 “А” сынып оқушысы. Жуырда мектебіміздің 5-10-сыныптар оқушыларынан құралған топ облыс орталығында ашылған “Нептун” спорттық-сауықтыру жабық аквапаркінде болып, ұмытылмастай әсерге бөленді. “Нептун” аквапаркінде оқушылар 7 су аттракционына, 4 джакузи мен хауыздарға түсіп, гидроуқалау қондырғыларын пайдаланып, орыс моншасында, фин саунасында, спорт залы мен фитнес клубында болды.