«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді еліміздің ең басты және елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ең биік ұлттық мәртебеге ие және халқымыздың бостандығы мен бірлігін айғақтайтын бұл мереке әрқайсымыз үшін айрықша асқақ әрі ардақты. Өйткені, нақ осы күні қазақ халқының тәуелсіздігі туралы сан ғасырлық арман-мүдделері орындалды. Өзінің мән-маңызы жөнінен бұл оқиға …

Мерекелік құттықтау Read More »

ТІРШІЛІК НӘРІ ТАПШЫ ЕМЕС

Самат ЕСМАҒИ, журналист. Есіл ауданындағы Тораңғыл ауылындағы 167 үйдің 158-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Әр үйге су осыдан бес жыл бұрын енгізіліпті. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде “Азия Тораңғыл” серіктестігі су тарату желісінің 22 шақырымын жаңалап алған. Су мұнаралары тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Тораңғыл ауылдық округінің әкімі Қабдунас Қуандықовтың айтуынша, жазда ауылдықтар күніне 1600-1800 текше метр су …

ТІРШІЛІК НӘРІ ТАПШЫ ЕМЕС Read More »

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН ТУЫНДАҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

Жуырда белгілі болғанындай, 2013 жылы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес өңіріміз оның 1 және 3 бағыттарын жүзеге асыруда қанатқақты жобаларды жүзеге асырмақ. Осы орайда аталмыш бағдарламаға енген өзгерістерге сай өңірімізде жүзеге асырылатын қанатқақты жобалар жайлы білмек болып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереевке бірер сұрақ қойған болатынбыз.

МАРАПАТ ИЕСІ – әлеуметтік-мәдени сала қызметкерлері

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында бірқатар әлеуметтік-мәдени сала өкілдері марапатталды. Осы орайда облыс әкімі Серік Біләлов: – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында елімізде әлеуметтік-мәдени сала үлкен қолдауға ие болып отыр. Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеді деген сенімдемін. Өңірімізде әлеуметтік-мәдени саланы қаржыландыру жыл сайын …

МАРАПАТ ИЕСІ – әлеуметтік-мәдени сала қызметкерлері Read More »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қаладағы “Континент” мейрамханасының салтанат залында облыс әкімі Серік Біләловтің төрағалық етуімен халықаралық инвесторлар форумы өтті. Оның жұмысына Қазақстан, Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Корея және Швейцария елдерінен келген инвесторлар қатысты. Форум барысында осынау алқалы жиынға қатысушыларға өңірдегі болашағы зор инвестициялық жобалар таныстырылды. Онда, әсіресе, құрылыс материалдары, полиметалдарды барлау және өндіру, көлік қатынасы …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ Read More »

ИНВЕСТОРЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Алдыңгүні өңір басшысы Серік Біләловтің қатысуымен облыс орталығындағы аграршылар үйінде инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды. Жаңа орталықтың директоры Амантай Жүсіпов келгендерге аталмыш құрылымның міндеттері және мақсаттарын түсіндіріп, мамандар жұмыс істейтін кабинеттер мен іскерлік келіссөздер жүргізілетін конференцзалды көрсетті. Сондайақ ол орталықтың жұмыс істеу үдерісін, инвесторлармен кездесулер және таныстырылымдардың қалай жүргізілетінін сөз етті. …

ИНВЕСТОРЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Read More »

ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛҒАН Тәуелсіздіктің тойында майталмандардың маңдайлары жарқырады

Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен өткен шарада елдің дамуына елеулі үлес қосып жүргендердің бірқатары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Алдымен салтанатты түрде еліміздің көгілдір Туы сахна төріне шығарылып, Әнұранымыз шырқалды. Ел Тәуелсіздігінің белгісі – мемлекеттік рәміздерімізге көрсетілген құрметтен …

ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛҒАН Тәуелсіздіктің тойында майталмандардың маңдайлары жарқырады Read More »

КІРПІГІҢІЗ ҰЗЫН БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Бұралған кірпікті ару – сұлулық эталоны. Табиғи заттардың көмегімен кірпіктерді қалай ұзартса болады? Мақсатыңыз кірпігіңізді ұзарту болса, бастысы оның саулығын қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін күнделікті кешке көзден макияжды арнайы сұйықтықпен сүртіңіз. Көзіңізді қарапайым сабынмен жумаңыз, бұл онсыз да құрғақ көз терісін құрғатады. Кірпіктерді табиғи майлармен қоректендіруге болады. Күнделікті майларды қолдансаңыз, кірпіктің қалпына келуі бірнеше апта …

КІРПІГІҢІЗ ҰЗЫН БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ… Read More »

БЕСІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Бесікті көненің қажетсіз қалдығы деп санайтындар көбейді. Жан-жақты дамыған қазіргі заманда құстың сүтіне дейін бар. Адам қолданысы үшін неше түрлі техника мен жиһаздар да күн сайын жаңарып шығып жатыр. Соның ішінде сәбилерге арналған кереуеттер де жоқ емес. Бір қарағаннан көзге сүйкімді көрінетін кереуеттердің еш зияны жоқ сияқты. Әлемдік сән өнеркәсібі ұсынған заттарға әуес келетін өскелең …

БЕСІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ Read More »

Ауыл аруы

“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады. Үміткерлердің жасы 18-30 аралығында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына хабарласуға …

Ауыл аруы Read More »

“БАЛАЛАРЫМ – БАЙЛЫҒЫМ” ДЕГЕН АНА “Алтын алқа” тағынды

“Ерлі-зайыпты тату болса, шырағы жанар” деп, отбасы құндылығын асқақтатқан ата-бабаларымыз ұрпақтың тектілігіне ерекше мән берген. Ықылым заманнан шаңырақтың шаттығы мен ырысын асырған сыйластыққа толы жұбайлық өмірдің баянды ғұмыры ел назарынан тыс қалмаған. Осы орайда Мағжан Жұмабаев ауданындағы Успенка ауылында тұратын “Алтын алқа” иегері Зәуреш Бақтыбаеваның отбасы жайлы айтпақпыз.

АЙГҮЛДІҢ ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ

“Әйелдің болымсыз етістікпен айтылатын бір ғана тілегі бар, ол – қартаймау” деген екен бір ғұлама. Расында да, дені сау болу, отбасын құру, сәби сүю, бала тәрбиелеу, жұмыс істеу, нәпақа табу, әдемі болу деген сияқты тілектердің барлығында да болымды етістік қолданылған да, тек қартаймау деген тілекте ғана болымсыз етістіктің ма деген жұрнағы жалғанған. Ал қартаймау үшін …

АЙГҮЛДІҢ ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ Read More »

ТОҚЫМАШЫЛАР ҮЙІРМЕСІ ұмыт қалған өнерді жаңғыртуда

Қой жүнін түтіп, оны иіріп, одан қолғап, шұлық, кеудеше, шәлі тоқитын кез сағымға айналғандай. Бүгінгі күні қыз-келіншектер қолдарына тоқыма бізін ұстап тоқуды ескіліктің белгісі санайды. “Шілтерші” сәндік-қолданбалы шығармашылық клубының мүшелері, керісінше, тоқыманы өмірлерінің мәні мен сәніне айналдырған. “Шілтерші” сәндік-қолданбалы шығармашылық клубы осыдан 6 жыл бұрын құрылған. Қалалық Мәдениет үйінде орналасқан үйірме 14 жастан асқан қыз-келіншектерді …

ТОҚЫМАШЫЛАР ҮЙІРМЕСІ ұмыт қалған өнерді жаңғыртуда Read More »

ІСКЕРЛІК – БАҚЫТҚА ЖЕТКІЗЕТІН ЖОЛ

Әйелге бақытты болу үшін не қажет? Жылы ұяң, балашағаң аман болып, жаныңда арқа сүйер жолдасың бар болса, соны бақыт деп санайтындар бар. Десе де, отбасылық бақыттан басқа, өз ісіңде де жеңіске жетуді бақытты болудың формуласына балайтын Елена Левина – өңіріміздің белсенді әрі іскер әйелі. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана – сонымен қатар …

ІСКЕРЛІК – БАҚЫТҚА ЖЕТКІЗЕТІН ЖОЛ Read More »

АНГУС ТҰҚЫМДАС МАЛ – ТИМИРЯЗЕВТЕ

Тимирязев ауданына 520 бас ангус тұқымдас ірі қара әкелінді. “Қаз-АгроҚаржы” АҚ-ның өңірлік филиалынан “Сыбаға” бағдарламасы бойынша несие қаржысын алған ауданның екі шаруашылығы өсімтал, етті ірі қараның тұқымын көбейтпек. Мамандардың айтуынша, оған жұмсалған қаржының орны екі жылда толады. Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ, журналист. Соның бірі – Докучаев елді мекеніндегі “Атамекен Агро-Тимирязево” ЖШС-і. Бұл шаруашылық 260 бас асылтұқымды малды …

АНГУС ТҰҚЫМДАС МАЛ – ТИМИРЯЗЕВТЕ Read More »

ТАЙЫНША – КІТАПХАНАСЫМЕН, БЕСКӨЛ МӘДЕНИЕТ ҮЙІМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында жерлес жазушы, көркемсөз шебері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Үздік ауылдық мәдениет мекемесі” атты облыстық байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында басталған байқау өңіріміздегі мәдениет мекемелерінің ішінен үздіктерін анықтауға бағытталды. Барлық аудандардың кітапханалары мен Мәдениет үйлерін аралап шыққан қазылар …

ТАЙЫНША – КІТАПХАНАСЫМЕН, БЕСКӨЛ МӘДЕНИЕТ ҮЙІМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ Read More »

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ: “АҚЫРЗАМАН ОРНАЙДЫ ДЕП, алдын ала үрей шақырудың қажеті жоқ”

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Таяуда редакциямызға келген елімізге аты әйгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітовпен сұхбаттасудың сәті түсті. Назарбек ағамызбен азды-көпті әңгімеден соң ел арасын, ғаламтор бетін жаулап алған 21 желтоқсандағы “ақырзаман” жайлы пікірін білдік. – Кейбіреулер Майя күнтізбесі бойынша әлемде ақырзаман орнайды деп жүр. Оған ежелгі Майя өркениетіндегі тайпалардың күнтізбесі 2012 жылдың 21 желтоқсанына дейін ғана …

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ: “АҚЫРЗАМАН ОРНАЙДЫ ДЕП, алдын ала үрей шақырудың қажеті жоқ” Read More »

КЕДЕНШІ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, “Вакансия” сервисі арқылы хабарласыңыз

Бүгінгі жағдайда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында кедендік шекараның жоқтығына қарамастан, кедендік органдарда жұмыс істегісі келетін облыс тұрғындарының, сол сияқты жас мамандардың, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті деңгейінде жаңа штат жинақтау әдістерінің енгізілуіне байланысты Қазақстанның кез келген облысында жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Осындай әдістердің бірі “Вакансия” сервисі болып табылады, ол ұшқыр режімде жуырда ғана енгізілген, бірақ …

КЕДЕНШІ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, “Вакансия” сервисі арқылы хабарласыңыз Read More »

СОТ ОРЫНДАУШЫНЫ ӘРКІМ ӨЗІ ТАҢДАЙДЫ

Бүгінгі таңда сот орындаушылардың екі түрі жұмыс істейді. Әрине, әр адамның өз таңдау құқығы бар. Жеке сот орындаушысы – уәкілетті орган берген жеке сот орындаушысының лицензиясы негізінде, заңды тұлға құрмай, атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау бойынша оған заңмен жүктелген қызметтерді атқаратын және мемлекеттік …

СОТ ОРЫНДАУШЫНЫ ӘРКІМ ӨЗІ ТАҢДАЙДЫ Read More »

КӨКШЕТАУДАН ҚОНАҚҚА КЕЛІП, Тайыншада қарақшылық жасаған

2 желтоқсан күні Тайынша ауданының орталығында орналасқан “Шельф” автомай құю станциясына екі ер адам жүгіріп келіп, бет перде киген біреуі ауаға бір рет оқ атып, ақша талап еткен. Зәресі ұшқан оператор 133 мың теңгеден астам қаржыны ұстатқан. Қолдарына ақша тиген қылмыскерлер ізімғайым жоқ болады. Оператор бірден полицияға хабарласып, болған жағдайды айтады. Тайынша аудандық ішкі істер …

КӨКШЕТАУДАН ҚОНАҚҚА КЕЛІП, Тайыншада қарақшылық жасаған Read More »