«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды

Сәрсенбі күні СҚО әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Серік Біләлов төрағалық етті. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Онда жасөспірімдердің бақылаусыздығы мен қараусыздығының алдын алу мақсатында мектептерге бармай жүрген жеткіншек балаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы облыстық білім басқармасының бастығы Орал Қаппасов құлағдар етті. Оның айтуынша, жалпыға …

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды Read More »

ЕЛІК АТАМЫЗ ДЕП жауапкершілікке тартылды

Қыстың алғашқы күндері аудандық ішкі істер бөлімінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қорықшылармен бірлескен рейд өткізді. Олар Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласының маңынан атылған екі еліктің етін тапты. Олардың жанынан шаңғышылардың және сол маңайдан қардажүргіштің ізін байқаған. Ізге түскенімен, ол ешқандай нәтиже бермеді. Себебі, қардажүргішті жөндеп, жүргізіп көрген елікті атуға ешқандай қатысы жоқ ауыл тұрғынынікі …

ЕЛІК АТАМЫЗ ДЕП жауапкершілікке тартылды Read More »

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ

Тұрғындардың жәрдемі керек. 2012 жылы 30 тамызда Петропавл қаласындағы Копай кентінде Жамбыл көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жекеменшік кәсіпорынның қоршауы маңынан еуропалық келбетті белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның жасы шамамен 30-40 аралығында. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тіркелмеген. Киген киіміне қарап тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар қатарына жатқызуға болмайды. Үстіне кигені: ашық түсті шолақ шалбар, сұр түсті джемпер, …

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ Read More »

ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕС БЕРМЕДІ

Желтоқсанның 1-2-сі күндері жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өткен ашық біріншілік Тұңғыш Президентіміздің күніне арналды. Жарыста Петропавлдан, өңір аудандарынан, Көкшетау және Ресейдің Қорған қаласынан барлығы екі жүз жеңіл атлетші шеберліктерін сынға салды. Сайыстар жас ерекшеліктері бойынша үш топта өтті. Сол топтарда біздің қаламыздың он екі өкілі жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ бес көкшетаулық спортшы …

ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕС БЕРМЕДІ Read More »

ЖҮЗ ШЕБЕР ЖҰДЫРЫҚТАСТЫ

Петропавлда жекпе-жектен облыс орталығының Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жүз шебері жұдырықтасты. Түрлі жас ерекшелігі бойынша топтарда және салмақтарда Сахават Мирзоев, Руслан Заяккин, Темірлан Бектасов, Қайрат Ғалиханов, Темірлан Омаров, Ернар Ташқараев, Александра Коршунова, (әйелдер арасында) Әлішер Досбаев, Арслан Мұхамеднұров, Қуаныш Данияров, Сапарғали Қайырғалиев, Бақытжан Бақырамбеков, Александр Яговдик, Александр Григорович, Асылхан Әскеров, Кемеңгер Мәлгаждаров, Олжас …

ЖҮЗ ШЕБЕР ЖҰДЫРЫҚТАСТЫ Read More »

ҮЗДІК ҮШТІК АНЫҚТАЛДЫ

Тұңғыш Президент күніне арналған шағын футболдан қалалық турнирге қатысушылар “Қызылжар су” ЖШС-нің спорт залына тоғысты. Бұл жарыс бір айға созылған еді. 1 желтоқсан күні ақтық жекпе-жектер өтті. Бас жүлдені “Қарасай” командасы жеңіп алса, “Томирис” клубының футболшылары екінші орынды місе тұтты. “Авангард” командасы үшінші орынға қол жеткізді.

ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

23-29 қараша аралығында волейболдан ерлер арасында жоғары лиганың бірінші туры болып өтті. Бұл лигада сегіз команда ойнады. Солардың арасында біздің “Есіл-Виктория” клубының волейболшылары да бар. Олар жеті ойыннан кейін жеті ұпаймен турнир кестесінің алтыншы сатысына орналасқан. Жерлестеріміз бес кездесуде қарсыластарына жол беріп, тек екі ойында жеңіске жеткен.

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

Қараша айының соңғы бейсенбісінде даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл (түзету) мектеп-интернатында “Ризашылық” мерекесі төртінші рет аталып өтілді. Бұл мереке Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізіліп, қамкөңіл балалардың өмірлеріне бір сәт болсын қуаныш пен мейірім сыйлап келеді. Биылғы мерекені де балалар асыға күтіп, ерекше дайындықпен қарсы алды. Майра БӨКЕБАЕВА, даму мүмкіндігі шектеулі …

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН Read More »

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕУ

Сәрсенбі күні “Достық” үйінде “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша “Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні” тақырыбында конференция өткізді. Оған өңір мешіттерінің имамдары, қалалық мектептердің мұғалімдері мен студенттер қатысты. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің шырқын бұзуды мақсат еткен теріс ниеттегі ағымдардың бірлік пен толеранттылықты насихаттайтын ислам дініне еш қатысы …

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕУ Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – АШҒАБАДТА

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ашғабадта өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады akopda. kz. Отырыста өңірдегі орнықты даму мен қауіпсіздікке байланысты мәселелер қарастырылды. ТМД елдерінің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы дамыту тақырыбы және жалпы қауіпсіздік мәселесі барған сайын өзара байланысты болып бара жатқанын атап …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – АШҒАБАДТА Read More »

ОМБЫҒА САПАР ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

Шекаралық әріптестікті нығайту мақсатымен облыс әкімі Серік Біләлов бастаған солтүстікқазақстандықтар делегациясы Омбы облысына жұмыс сапарымен барды. Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Есілкөл ауданының Мәдениет сарайы өңір делегаттары бас сұққан бірінші нысан болды. Өнер ошағында 25 клуб пен 15 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Ал шекараға ең жақын орналасқан ауданның 600 адамға шақталған Мұз сарайының қызығын біздің жерлестеріміз де …

ОМБЫҒА САПАР ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ Read More »

ЕЛ ГАЗЕТІ — “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” Қызылжар өңірінде 8 мың данамен тарайтын болады

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Республикалық “Егемен Қа­зақ­стан” газетінің Қызылжар өңі­ріндегі таралымы жыл өткен сайын көбейіп келе жатыр. 2003 жылғы таралымы 2 мың данадан сәл асса, 2009 жылы 5 мыңды құраған. Биыл 7 мыңнан асып жығылған. Олай болатын жөні бар. Еліміз Тәуелсіздік алғалы ана тілімізге деген құлшыныс оянып, ұлттық балабақшалар мен мектептер көп­теп ашыла бастады. Ана …

ЕЛ ГАЗЕТІ — “ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН” Қызылжар өңірінде 8 мың данамен тарайтын болады Read More »

ӨРТТІҢ ӘЛЕГІ

Жыл басынан бері өңірімізде 783 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 487 миллион теңгенің шығыны келді. Отта 45 адам көз жұмса, оның бесеуі – бала. Ал 32 адам түрлі дене күйігін алды. Өткен аптада 20-дан астам өрт орын алды. Адам шығынынсыз болмады. Тайынша ауданының орталығында орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, оның 72 жастағы тұрғынын құтқару …

ӨРТТІҢ ӘЛЕГІ Read More »

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕР дер кезінде құтқарылды

Көктайғақ пен қалың қар өңіріміздегі жол қозғалысына қиындық тудыруда. Ақжар ауданында “Кішкенекөл-Талшық” автожолында “MAN” жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақта рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетті. Оны жол жүріп бара жатқан екі “КамАЗ” көлігінің жүргізушілері жолға шығарды. Қарлы кедергілер “Омбы-Көкшетау”, “Смирново-Полтавка”, “Казанское-Горьковское”, “Дәуіт-Ленинградское” жолдарындағы жүргізушілерге де кездесті. Өткен аптада 20 жеңіл және жүк автокөліктері қарлы …

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕР дер кезінде құтқарылды Read More »

Болат АЮХАНОВ: “МЕН ӨЗ МАМАНДЫҒЫМНЫҢ ҚҰРБАНЫ ЕМЕСПІН…”

Суреттегі Варвара есімді мына қыз жасының кішілігіне қарамастан, балет сахнасын бағындыруды қалайды. Ол үшін Варя қазірден өзін балеринадай ұстап, жүріс-тұрысына үлкен мән береді. №1 гимназияның 4-сыныбының оқушысы Варвара 4 жасынан “Движение” эстрадалық-хореографиялық миниатюралар ансамблінде бидің түр-түріне машықтанып жүр.

АРМАНҒА ЖОЛ АШАР ШАҺАР

Айсәуле ЖАҚЫПОВА, қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы. Биыл жазғы демалыста Астанаға жолым түсті. Шынымен де, ертегі қала, зәулім шаһардың көрікті жерлерін аралап жүріп, кеудемді мақтаныш кернеді. Есілдің сол жағалауында бой көтерген әсем ғимараттар алыстан мен мұңдалап тұр. Жастарды осында келіп, білім алуға шақырып тұрғандай.

“АСТАНА РУХЫ” “Хельсинки рухына” жан бітірді

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін жасымыз, кәріміз – бәріміз мақтан тұттық. “Хельсинки рухы” деген түсініктен кейін Атлантика мен Тынық мұхиттары аралығында орналасқан 55 ел үшін “Астана рухы” деген ұғым өмірге енді. Және ол мәңгіге тарихта қалды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ел тұрғындарының барлығының бірдей саяси сауаты жоғары болмаса …

“АСТАНА РУХЫ” “Хельсинки рухына” жан бітірді Read More »

КӨШБАСШЫМЕН ӘРДАЙЫМ БІРГЕ

Светлана ПЫШКИНА, зейнеткер. 1995 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуға арналған бүкілхалықтық референдум өтті. Бұл жауапты шараға мен облыстық сайлау комиссиясының хатшысы ретінде белсене қатыстым. Сайлау науқаны ұзаққа созылған жоқ, сондықтан қажетті жұмыстарды қысқа мерзімде атқаруға тура келді. Облыс ұжымдарымен, жастармен және зейнеткерлермен өткізілген кездесулер өз …

КӨШБАСШЫМЕН ӘРДАЙЫМ БІРГЕ Read More »

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ КЕЗДЕСУ

 Алла тағаланың жазуы шығар, менің тағдырыма кешегі және бүгінгі билік кезінде қызмет ету жазылыпты. Соның алғашқысы осыдан 38 жыл бұрын Семей мал дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін Үкіметтің жолдамасымен осы аудандағы “Колос” кеңшарына қатардағы зоотехник болып келгеннен басталады. Содан аянбай қызмет атқарып, 16 жылдың ішінде қатардағы маманнан бастап, кеңшар директорына дейін көтеріліп , бар білгенімізді елге …

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ КЕЗДЕСУ Read More »

“Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы №5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 29 қазандағы №8/19 шешімінің күшін жою ту

Петропавл қаласы 2012 жылғы 30 қараша №9/5 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. “Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы …

“Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы №5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 29 қазандағы №8/19 шешімінің күшін жою ту Read More »