БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Әлима МҰХАМЕДИЯРОВА, жұмыспен қамту орталығының директоры. Елбасының Жолдауы мен тапсырмаларына сәйкес жұмыспен қамтамасыз ету Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту орталығы жұмысының басты бағыты болып саналады. Міне, бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жұмыссыз, аз қамтылған азаматтар мен өз ісімен айналысатын тұрғындарды әртүрлі экономикалық қызметтерге қатыстыруды қарастыратын “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы жүзеге асырылуда. …