«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР

Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауымен жан-жақты танысып, оның шын мәнінде, біздің ел үшін жаңа бағдар белгілеген орасан зор тарихи құжат екендігіне көз жеткіздім. Соған орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы кеңесі атқару комитетінің отырысын өткізіп, тарихи …

АЙНЫМАС БАҒЫТ-БАҒДАР Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ сыннан сүрінбей өтті

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау қоғамдық аса маңызды шара болды. Жоғары, Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссиясы отырыстарында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының 835 офицері, прапорщиктері және қатардағылары сынаудан өтті. Олардың 687-сі атқаратын лауазымына сәйкес деп танылды. 47 қызметкер атқаратын лауазымына сай және кадрлық резервке алуға немесе жоғары лауазымға ұсынылатын болды, 18-і …

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ сыннан сүрінбей өтті Read More »

БІР ЖЫЛДЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?

Бұрнағы күні Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл кездесуге республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Осыдан бір жыл бұрын Болат Жұмабеков облыс орталығының басшысы болып тағайындалған болатын. Журналистермен кездесуді қала әкімі осы кезең ішінде атқарылған істерді баяндаудан бастады.

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК тұтынушыларын табуға тиіс

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен әкімдіктің отырысы өтіп, онда өңіріміздің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы талқыланды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш отырыс алдында жиналғандар 29 қаңтарда Алматы қаласы әуежайына 5 км. қалғанда “Көкшетау – Алматы” бағыты бойынша №760 әуе рейсін жасаған “Chellenger-200” ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандарды бір минут …

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК тұтынушыларын табуға тиіс Read More »

ЕСІМІ ЕСТЕ ҚАЛДЫРУҒА ЛАЙЫҚ Есләмбек БЕКМҰРЗИН, ұлттық спорт мектебінің директоры.

  Есләмбек БЕКМҰРЗИН,  ұлттық спорт мектебінің директоры.    Қазақ халқында барша қауым ардақтап, мақтан тұтатын тұлғалар баршылық қой. Осылардың ішінде ең зорының бірі Қажымұқан десем, ағат айтқаным болмас. Ұлтымыздың ұлы балуанын білмейтін адам елімізде некенсаяқ шығар. Ал оның өмірі мен күрес өнеріне байланысты айтылатын әңгімелердің қайсысы ақиқат, қайсысы аңыз екенін айырудың өзі қиын.

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖІГЕРЛЕНДІРЕ ТҮССЕ, олқылықтарымыз ойландырады

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа жиыны өтіп, ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіруге және спорт салаларының 2012 жылғы жұмыстарын қорытындылауға арналды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша басқарма бастығының орынбасары Азат Омаров сөз алып, жиналғандарға Елбасы Жолдауының бағыттарын баяндады. Екінші мәселені талқылауға А. …

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖІГЕРЛЕНДІРЕ ТҮССЕ, олқылықтарымыз ойландырады Read More »

ТОЗҒАН ҮЙЛЕР ТҮРЛЕНІП ШЫҒА КЕЛДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавл қаласының жайлы тұрғын үй қоры 1036 көппәтерлі тұрғын үйден тұрады. Олардың көпшілігі алпысыншы жылдары салынған, солай бола тұра, бұл үйлерде осы күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмей келді. Жылыту маусымы басталғаннан бері қалалық әкімдіктің атына пәтерлеріндегі температуралық режімнің төмендігін айтқан шағым-арыздар түсуде, алайда оның негізгі себептері жылыту маусымына дайындық шараларын …

ТОЗҒАН ҮЙЛЕР ТҮРЛЕНІП ШЫҒА КЕЛДІ Read More »

ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕҢБЕК АДАМЫ

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бері көкейінде жүріп, әбден пісіп-жетілген толғамды іс-қимыл бағдарламасы. Президент Қазақстанда мұндай қоғам құрудың қажеттілігін алғаш рет Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде айтты. Көп кешікпей ол Мемлекет басшысының жан-жақты талдап жазылған “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласында кең өріс тапты. …

ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕҢБЕК АДАМЫ Read More »

“ӘУЕЛІ ӨНЕР ІЗДЕЛІК, ҚОЛДАН КЕЛСЕ!”

Әдия АХМЕТОВА, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. Мақаламның тақырыбы айғақтап тұрғанындай, мен оны ұлы Абайдың “Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық” деген жыр жолдарына сүйеніп, қоғамдағы еңбектің қадір-қасиетін арттыруға оқталып отырмын. Еліміз әлемдік қауымдастықпен бірге жаңа – жиырма бірінші ғасырдың алғашқы он екі жылын еңсеріп тастады. Жаңа жүзжылдық әлем жұртшылығының алдына …

“ӘУЕЛІ ӨНЕР ІЗДЕЛІК, ҚОЛДАН КЕЛСЕ!” Read More »

Облыстың 2012 жылғы экономикалық және …

Өнеркәсіп. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 122,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді немесе 2011 жылғы сәйкес мерімге 102,3%-ды құрады. Өндірістің тау-кен өнеркәсібінде өндіріс 1,9 есе өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 2,1%, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа конденсаттауда – 0,5%, сумен қамтамасыздандыру, кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда – 2,8%.

ӨНІМІ ӨТІМДІ “КАЗМЯСОПРОДУКТ” өңіріміздің сапалы шикізатын пайдаланады

“Казмясопродукт” ЖШС-і 2012 жылғы “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік байқау-көрмесінің жеңімпазы атанған болатын. Кәсіпорын шығаратын өнімдер бүгінде облыс сауда орындарында зор сұранысқа ие болып отыр. Ет өнімдерін өндірумен айналысатын осы саладағы өңірдің мықты өндіріс орындарымен қаймықпай бәсекеге түскен кәсіпорын шаңырақ көтерген сегіз жылдың ішінде нарықтағы өз орнын ойып тұрып алды деуге болады. Нәтижесінде қала мен облыс …

ӨНІМІ ӨТІМДІ “КАЗМЯСОПРОДУКТ” өңіріміздің сапалы шикізатын пайдаланады Read More »

ЛЕНИНГРАД ҚҰРСАУ БҰЗЫЛҒАН КҮН

28 қаңтар ленинградтықтар, қазіргі Санкт-Петербург қаласының тұрғындары үшін ерекше күн саналады. Осыдан 69 жыл бұрын 900 күн мен түн құрсауда болса да, жауға берілмеген қаһарман қаланы Кеңес Одағының жауынгерлері неміс фашистерінің қоршауынан азат етті. Батыр қаланы қорғауға және оны азат етуге үлес қосқан әскери құрамалардың қатарында Петропавлда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы да бар еді. Содан …

ЛЕНИНГРАД ҚҰРСАУ БҰЗЫЛҒАН КҮН Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ОПЕРА және БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында болып, “Дон Кихот” балетін тамашалады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Балетті қоюшы – балетмейстер, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Башқұртстан Республикасының халық артисі Ш.Тереғұлов. Басты рөлдерді еліміздің бишілері М.Басбаева, Т.Гатауов, А.Оспанбаева, Б.Жанбурчинова, А.Рүстемова және басқалар орындады. Қойылым аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы балет труппасымен …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ОПЕРА және БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ Read More »

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ОБЛЫС ӘКІМДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен жұма күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның облыс әкімдерімен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов Мемлекет басшысына 2012 жылы өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жоспарланған, атап айтқанда, әлеуметтік мәселелерді шешуге және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа нысандарды іске асыруға бағытталған іс-шаралар туралы айтты.

МЕКТЕП ӘНҰРАНЫНЫҢ АВТОРЫ оқу орнының оқушыларымен кездесті

Жақында облыс орталығының он тоғызыншы шағынауданындағы қазақ мектеп-гимназиясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановпен кездесу өткізілді. Мектеп ұжымының ақынды кездесуге шақыруының бір сыры – З.Әкімжановтің осы мектептің әнұранын жазуы. Әнін аталған оқу орнының ұстазы Теңдік Құлмағамбетова шығарған бұл әнұран әр аптаның сәрсенбі күндері үзбей орындалып келеді.

АНАСЫНДАЙ БОЛЫП БӘРІНІҢ…

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Татьяна Сухачева 55 жасқа толды. Осыған орай оны ұжымы мен шәкірттері құттықтады. Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер.   Білім саласында 37 жыл еңбек өтілі бар Татьяна Николаевнаның жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта еңбек етіп келе …

АНАСЫНДАЙ БОЛЫП БӘРІНІҢ… Read More »

“ФАРФОР ТАҢҒАЖАЙЫБЫ” ТАМСАНДЫРДЫ

Жұма күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Фарфор таңғажайыбы” деген тақырыпта көрме ұйымдастырылды. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”.  Аталмыш көрмеде Көкшетау, қазіргі Астана, бұрынғы Целиноград, Қапшағай қалаларындағы фарфор зауыттарында шыққан өнімдерді көруге болады. Ресей империясы тұсында танымал болған Кузнецов зауытының да ХVIII ғасырдың І жартысында шыққан өнімдері де қойылған. Бұл зауытта көбінесе ыдыс-аяқтар мен асүйге қажетті тұз, бұрыш …

“ФАРФОР ТАҢҒАЖАЙЫБЫ” ТАМСАНДЫРДЫ Read More »

КӨЗІМІЗГЕ КҮЛКІ ҮЙІРІП, санамызды серпілткен спектакль

Биыл облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театры 126-шы маусымын өткізу үстінде. Жаңа маусым шымылдық ашқалы бірқатар премьералар қойылды. Солардың қатарына өткен жұма күні сахнаға шығарылған “Квадратура круга” спектаклін қосуға болады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,  “Солтүстік Қазақстан”. Орыстың белгілі жазушысы, драматургі, Социалистік Еңбек Ері Валентин Катаевтың аталған пьесасы комедия жанрына жатады.

ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызының концерті өтті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Әнші Меруеш Башайқызы Моңғолияның Улан-Батор қаласында университет бітірген, қазіргі таңда Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінде “Арай” ансамблінің әншісі болып қызмет етіп келеді. Моңғолия елінде туып-өскен әнші – Елбасының қолдауымен 2008 жылы атамекеніне көшіп келген қандастарымыздың бірі. Әртүрлі …

ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ Read More »