ӨЗ ҮЙҚҰРЫЛЫСЫ КОМБИНАТЫМЫЗ САЛЫНБАҚШЫ
Өткен сенбі күні облыс әкімі Серік Біләлов немістің “Ликон” компаниясының президенті Виктор Лихтнермен және Ресей мен ТМД бойынша өкілі Александр Обыденникпен кездесті. Отырыс барысында біздің облыста үйқұрылысы комбинатын салу мәселесі қаралып, меймандар құрылыстың тұсаукесер жобасын ұсынды.