«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АУЫЛ”

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ. Көнеміз ғой уақыттың тезіне біз, Бұл тірлікке көненің көзі – негіз. Бабаларым құс салып, ит жүгірткен Өткен күнді санамен сезінеміз. Ұмытпайық қыр менен қырқаны біз, Арайлап бүгін басқа тұр таңымыз. Кесілген кіндіктері киіз үйде Кешегі бабалардың ұрпағымыз… Суретті салған Али ГУСЕЙНОВ.

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “АСТАНА”

Новоишим ауылы – көпқабатты үйлерді экономикалық тоқырау кезінде “мұртын қисайтпай” сақтап қалып, ел игілігіне айналдырып отырған, бір жақ шетінен кіргеннен-ақ өзіндік бет-бейнесімен ерекшеленетін, кейінгі жылдары сәулетті де сәнді әлеуметтік-экономикалық нысандармен айшықтана түскен бірегей елді мекен. Оны елді мекендерді көркейту және санитарлық тазалық үшайлығы жөніндегі облыстық байқаулардың қорытындысы бойынша соңғы екі жыл қатарынан бірінші орынды еншілеп …

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “АСТАНА” Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨП болғанымен, шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істейтіндері әлі де аз

Светлана ЗАЙЦЕВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары. Осызаманғы Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыты барлық әлеуметтік салаларда тұлғаның жынысына қарамай өз қабілетін жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасауы болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда гендерлік теңдікке жету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Гендерлік саясаттың негізгі қағидалары ерлер мен әйелдерге Қазақстан Республикасының Конституциясымен …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨП болғанымен, шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істейтіндері әлі де аз Read More »

“КӨКБӨРІМІЗ” ТӨБЕМІЗДІ КӨККЕ ЖЕТКІЗДІ Айбек Қырықбай – әлем чемпионы!

Айбек Қырықбай, лақап аты “Көкбөрі” – Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің Петропавлдағы Әскери институтының қызметкері, лейтенант, 25 жаста. Қазақ күресімен, қоян-қолтық жекпе-жекпен айналысады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорт саңлағының осы атақтарына күні кеше тағы бір аса ірі жетістік қосылды. Ол Алматыда қоян-қолтық ұрыстан өткен үшінші әлем чемпионатында ауыр салмақта қарсыластарының бәрінен күш-қуат пен амал-айла асырып, …

“КӨКБӨРІМІЗ” ТӨБЕМІЗДІ КӨККЕ ЖЕТКІЗДІ Айбек Қырықбай – әлем чемпионы! Read More »

ОБЛЫС ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ – индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің назарында

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлға жұмыс бабындағы сапармен келген индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау “Қазақстан инжиниринг” АҚ-на қарайтын “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “ПАМЖЗ”, “Киров атындағы зауыт” АҚ-ларда және “Изолит” ЖШС-де индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысымен танысып, Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндіруге орай еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.   Бірінші вице-министр Альберт Рау мен облыс …

ОБЛЫС ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ – индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің назарында Read More »

“АҚ БҰЛАҚ” БАҒДАРЛАМАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ биыл толығымен игеріледі

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Өңір басшысы Серік Біләловтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті отырысында су шаруашылығы нысандарын салу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, әлеуметтік маңызы бар ауданішілік автобус бағыттарын жәрдем-қаржыландыру, аудандар мен Петропавл қаласын өртке қарсы құрал-саймандармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.   Құрылыс басқармасының бастығы Игорь Киселев биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 705 …

“АҚ БҰЛАҚ” БАҒДАРЛАМАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ биыл толығымен игеріледі Read More »

АГРАРЛЫҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ аяқталуға жақын

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист. Үстіміздегі жылы облыс орталығында Аграрлық үй пайдалануға берілмек. Жоспар бойынша аталған нысанда агроөнеркәсіп кешенінің басқармалары мен ведомстволары орналасады. Бұл ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін тиімді болмақ. Петропавл қаласының Труд көшесі бойында орналасқан аталмыш ғимараттың құрылысымен танысқан облыс әкімі Серік Біләлов: – Партизан көшесіне шығатын жолды жөндеу қажет. Автотұрақ мәселесін де шешкеніміз абзал. Сондай-ақ …

АГРАРЛЫҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ аяқталуға жақын Read More »

КУХАРЕНКОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІБІ 70 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. “Кухаренко” жеке кәсіпорнына отбасының кенжесі, Қарағанды кооператив институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тамамдаған Игорь Валерьевич басшылық етеді. Олар кезінде қалалық тамақ комбинатының қаңырап бос қалған ғимараттарын сатып алып, оны біртіндеп қалпына келтіруге кіріскен. Ол үшін осыдан 6 жыл бұрын мемлекеттен жеңілдетілген несие де алған көрінеді. Соның арқасында наубайхана мен кондитер цехын іске …

КУХАРЕНКОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІБІ 70 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр Read More »

30 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДҮКЕН АШҚАН кәсіпкер енді 3 миллионға наубайхана салуда

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. – Қош келдіңіздер! Облыс орталығынан Уәлиханов ауданына қалай жеттіңіздер? – Жолда 6 сағат жүріп, жеттік қой, әйтеуір. – Күннің суығына қарамастан, шалғайға шыға бересіздер ме? – Қасқырды төрт аяғы, журналисті екі аяғы асырайды емес пе?! – Иә, бұл сөзіңіз рас. Біздің ауданға нешінші рет келіп тұрсыз? – Алғаш рет. Мен оны …

30 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДҮКЕН АШҚАН кәсіпкер енді 3 миллионға наубайхана салуда Read More »

ДӘРІГЕРЛЕР ДЕС БЕРМЕДІ

Петропавлдағы №19 орта мектептің спорт залы 9-11 қараша күндері волейболдан мемлекеттік қызметшілердің сайыс орталығына айналды. Жарыста облыс аудандарының, өңірлік басқармалардың, аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілері шеберлік сынасты. Аудандар арасында есілдіктердің айы оңынан туды. Оларға шалақындықтар мен қызылжарлықтар жол беріп қойды. Екінші топта денсаулық сақтау басқармасы жеңіске жетті. Екінші орынға табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының …

ДӘРІГЕРЛЕР ДЕС БЕРМЕДІ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕР ЕНШІСІНДЕ – ТОҒЫЗ АЛҚА

Семей қаласында таэквондошылар жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында ел чемпионатының жүлделерін сарапқа салды. Аталған жекпе-жектерде алты үміткеріміз өңір намысын қорғап, тоғыз алқа тағынса, осылардың алтауы – алтын. Ал командамыздың ең үздігі Виолетта Баева жарыстың үш түрінде де жеңіске жетті. Қалған жеңімпаздарымыз – Глеб Рымарь (екі алтын алқа иесі) мен Әділхан Темірболатов. Осыған қоса Г.Рымарь қола алқаға …

ЖЕРЛЕСТЕР ЕНШІСІНДЕ – ТОҒЫЗ АЛҚА Read More »

ЖЕҢІМПАЗДАР – ҰЛЫ АҚЫН АУДАНЫНАН

Өткен демалыс күндері өңір дойбышылары облыс чемпионатында үздіктерді әйгіледі. Жиырма бір адам бақ сынаған тартыстың нәтижесінде ерлер арасында Мағжан Жұмабаев ауданынан келген Ойнарбек Жанахметов мерейге бөленсе, одан кейінгі орындарды петропавлдықтар Салтанат Мұқанов пен Юрий Баранов бөлісті. Әйелдер арасында да жеңімпаз ұлы ақын ауданының өкілі Ажар Әбдірахманова болды. Қалған екі жүлдегер – Айнагүл Тәшенова (Петропавл) мен …

ЖЕҢІМПАЗДАР – ҰЛЫ АҚЫН АУДАНЫНАН Read More »

ЖАЛЫН АТҚАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Біздің мектепте қысқы спорттың бірнеше түрлерінен жиырма екі жаттықтырушы шәкірттерді баулиды. Осылардың ішінде конькишілерді баптайтындар үздік шәкірттерімен орынды мақтана алады. Атап айтқанда, әкелі-балалы Александр Александрович пен Антон Александрович Суровяткиндерді және Ольга Викторовна Ихтендристі біз де мақтан тұтамыз. Елена ШАМСУТДИНОВА, Қазбек Байболов атындағы қысқы спорт түрлері мектебінің нұсқаушы-әдіскері.   Осы орайда мен Ольга Ихтендрис туралы әңгімелегім …

ЖАЛЫН АТҚАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ Read More »

МЕЙІРБЕКТІНҢ МЕЙІРЛІ ІСІ

Ол – спортқа аңсары ауған жанның бірі. Әсіресе, хоккей десе “ішер асын жерге қояды”. Бала кезінде қалыптасқан бұл әуестігін әлі тастаған жоқ. Керісінше, өзінің үш ұлын да аталмыш спорт түріне баулыды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Уәлиханов ауданының орталығында тұратын Мейірбек Құсайыновтың ендігі арманы – кішкенекөлдік балалардың спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау. Сол үшін хоккей кортының …

МЕЙІРБЕКТІНҢ МЕЙІРЛІ ІСІ Read More »

ӨҢІРІМІЗДІҢ АТАҒЫН Александр Винокуровтан өзге кім шығарады?

Лондондағы 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 1996 жылдан бергі зор жетістігіміз болғаны бүгінде әмбеге аян. Ел спортшылары жеті алтын, бір күміс, бес қола алқа еншілеп, он екінші орын алғанын мақтаныш етеміз. Алайда, Олимпиада ойындарының бағдарламасына енетін өзге спорт түрлеріндегі проблемалар он үш алқаның тасасында қалып қоймауға тиіс. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Спорт істері жөніндегі агенттігінің …

ӨҢІРІМІЗДІҢ АТАҒЫН Александр Винокуровтан өзге кім шығарады? Read More »

Виктор МОЛОДОВСКИЙ: “ҚОЛЫМЫЗДЫ МЕЗГІЛІНЕН КЕШ СЕРМЕП ҚАЛМАЙЫҚ”

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жанынан жастар ісі жөніндегі комитет, ал өңірлерде тиісті басқармалар құрылды. Бұл шара 2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIХ сессиясында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылып отыр. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма біздің облыста да өз жұмысын бастады. Біз жаңа атқарушы орган басшысы болып тағайындалған Виктор Молодовскиймен …

Виктор МОЛОДОВСКИЙ: “ҚОЛЫМЫЗДЫ МЕЗГІЛІНЕН КЕШ СЕРМЕП ҚАЛМАЙЫҚ” Read More »

АДАСҚАН БҰҚАЛАР қолды бола жаздады

Шал ақын АІІБ инспекторы Сайран Қалиев егерьмен бірге аудан аумағында рейд шараларын жүргізу барысында орман маңында жүрген адамдарды байқаған. Жақындай түскенде, олар жан-жаққа қаша бастаған. Дегенмен, біреуі қолға түсті. Кейін оның жақын маңда тұрған “Тойота” автокөлігі анықталды. Қалған үш ер адам біраздан соң құрықталды. Сергеевка ауылының тұрғындары өрісте жүрген үш қара малды ұрлап әкетпек болған. …

АДАСҚАН БҰҚАЛАР қолды бола жаздады Read More »

ҚЫРАҒЫЛЫҚ

Өткен сәрсенбі күні әскери жасақ сақшылары өздері патрульдік қызмет атқаратын аумақ – облыс орталығының Жамбыл көшесіндегі 235-ші үйдің маңында әскерилер мен полицейлерді көрісімен жылысып кетпекші болған жас жігітті тоқтатқан. Күдіктіні тексерген кезде оның не себептен тәртіп сақшыларымен кездескісі келмегені белгілі болды. Қолындағы спорттық сөмкесінен “ИЖ-17” шолақ мылтығы мен патрондары, көз-ауыз ойықтары бар тоқыма бас киім …

ҚЫРАҒЫЛЫҚ Read More »

САҢЛАҚ САФИННІҢ ТУРНИРІ жеткіншектерді сынға салуда

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “ Солтүстік Қазақстан”. 7-10 қарашада Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің бокс спорт мектебінің залында КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафиннің жүлдесі үшін ХVІІ дәстүрлі турнир өтті. Жас былғары қолғап шеберлерінің жыл сайынғы бәсекесіне негізінен өз өңірімізден, сондай-ақ еліміздің солтүстік және орталық облыстарынан үміткерлер қатысты. Биылғы турнирде облысымыздың Ғ.Мүсірепов атындағы, Шал ақын аудандарынан, өңіріміздің …

САҢЛАҚ САФИННІҢ ТУРНИРІ жеткіншектерді сынға салуда Read More »

ЖҮЙРІККЕ ҚАЛУДАН ДА ОЗУ ОҢАЙ екенін жерлес конькишілер дәлелдеді

Елена ШАМСУТДИНОВА, Қ. Байболов атындағы қысқы спорт түрлері мектебінің нұсқаушы-әдіскері. Жақында Астанада коньки спортынан еліміздің беткеұстарлары сынға түскен Қазақстан Республикасы чемпионатының екікүндік сайыстары аяқталып, біздің жерлестеріміз абыройға бөленді. Қысқы маусым жаңа басталса да, конькишілеріміз жаз бойғы жаттығуларда тегін тер төкпегенін айғақтады. Атап айтар болсақ, әйелдер арасында Татьяна Сокирконың жұлдызы жанды. Ол 1500 және 5000 метр …

ЖҮЙРІККЕ ҚАЛУДАН ДА ОЗУ ОҢАЙ екенін жерлес конькишілер дәлелдеді Read More »