«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛДЫҢ” ҚОРЫТЫНДЫСЫ төбе шашыңды тік тұрғызғандай…

Полицейлер “Қауіпсіз жол” жеделалдын алу шарасының қорытындысын шығарды. Шара мақсаты – апат деңгейін төмендету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау. Шара барысында облыс аумағында жол қозғалысы ережесін бұзудың 2303 фактісі тіркелді. Соның 190-ы жүргізушілердің жолда келе жатып, қалта телефонын пайдалануына, 518-і жылдамдықты асыруға, 386-сы қауіпсіздік белбеуін тақпауға қатысты. 61 жүргізуші …

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛДЫҢ” ҚОРЫТЫНДЫСЫ төбе шашыңды тік тұрғызғандай… Read More »

ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ кәсібилікке баулиды

Петропавл қаласындағы №2 мектепте өңіріміздегі математика, информатика және биология пәндерінің жас мұғалімдеріне арналған “Жас мұғалім мектебі” облыстық семинары өтті. Ол жас педагог мамандардың кәсіби бейімделуі мен дамуына, білім беруді жаңғырту жағдайында өз-өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге бағытталды. Лилия ТЮТИНА, әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.   Жұмысқа жаңа орналасқан жас мұғалімдер теориялық …

ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ кәсібилікке баулиды Read More »

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАСАЛҒАН көрме көңілден шықты

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Көкшетау қаласының көрмесі ашылды. Бір ай бойы қызылжарлықтар мен қала қонақтары “Көкше” академиясының оқытушылары мен студенттерінің туындыларын тамашалай алады. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Аталмыш жоғары оқу орны жеті жылдан бері дизайнның үш бағыты, яғни сәулет, графика және өнеркәсіп бойынша мамандар даярлайды. Көрмеге болашақ дизайнерлердің оқу барысында жасаған 60-қа жуық еңбегі …

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАСАЛҒАН көрме көңілден шықты Read More »

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР жемісті еңбек етуде

Мақсат ЕСКЕНДІРОВ, Чехов орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауында атап көрсеткендей, бүгінгі таңда елімізде адами капиталдың сапалы өсуіне қол жеткізуге ерекше мән беріліп отыр. Осыған орай ұстаздар қауымының алдына зор міндеттер қойылды. 2004 жылдан бері біздің мектептің жиырмадан астам түлектері мемлекеттік білім …

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР жемісті еңбек етуде Read More »

АМЕРИКАНЫҢ АНГУС СИЫРЛАРЫН ӘКЕЛДІ

Шолпан САЛЫҚОВА, журналист. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы “Возвышен” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамынан сомасы 2 миллион доллар көлемінде несие алып, Американың Канзас штатынан 408 бас “Қара ангус” тұқымды етті сиырлар сатып әкелді. Шаруашылыққа оның әрбіреуі 735 мың теңгеге түсті. Орташа салмағы 7-ден 10 центнерге дейін тартатын америкалық сиырлар жерсініп және тұқым жайып кетер болса, …

АМЕРИКАНЫҢ АНГУС СИЫРЛАРЫН ӘКЕЛДІ Read More »

1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ 3 ҚҰЛЫНДЫ БИЕ сатып алған бескөлдік Рамазановтар отбасы қымыз өндіру үстінде

Елімізде етті қара мал шаруашылығын дамытуға ерекше маңыз беріліп, оған арналған арнайы ұзақмерзімдік бағдарламалар сәтті жұмыс істей бастады. Солардың ішінде Үкіметтің “Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасы да бар. Негізінен жеке тұлғалардың және шағын фермерлік қожалықтардың өз істерін бастап, алдарына мал салуы үшін ойластырылған бұл шара бүгіндері көптің көңілінен шығып та үлгерді. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазір осы …

1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ 3 ҚҰЛЫНДЫ БИЕ сатып алған бескөлдік Рамазановтар отбасы қымыз өндіру үстінде Read More »

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ СУЛЫШОҚ, түзу ұшсын түтінің!

  Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сулышоқ ауылы шағын елді мекендердің бірі саналады. Онда 58 отбасы түтін түтетіп отыр. Орталау мектебі, “Жәнібеков” фермерлік шаруашылығы бар. Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан 100 жылдық тарихы бар ауылға сапар барысында арнайы ат басын бұрған едік… Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   БОЛАШАҚ – БІЛІМДЕ – Ауылымыз өткен жылы бір ғасырлық …

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ СУЛЫШОҚ, түзу ұшсын түтінің! Read More »

ЖАСТАР БАСШЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімінің өкімімен жастар мәселесі жөніндегі басқарманың бастығы болып Виктор Молодовский тағайындалды. Оны облыс активіне таныстырған өңір басшысы Серік Біләлов осы күнге дейін түрлі жауапты қызметтерді атқарып, өзін білікті маман ретінде танытқан Виктор Викторович алдағы уақытта да осы қырынан танылатындығына сенім білдірді. Виктор Молодовский өз кезегінде білдірілген сенімді ақтап, жемісті еңбек …

ЖАСТАР БАСШЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ Read More »

ҰМТЫЛҒАНДАР ҰТЫЛМАЙДЫ

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты биылғы Жолдауында он бағыт бойынша ауқымды міндеттер сараланып, жергілікті билік орындарына үлкен жауапкершілік жүктелгені белгілі. Олардың ішінде “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының әлеуметтік маңызы айрықша. Біз Есіл аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Данияр Қозыбаевты әңгімеге тартып, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып беруін сұраған едік. …

ҰМТЫЛҒАНДАР ҰТЫЛМАЙДЫ Read More »

Самат ЖӘКЕНОВ: “АУЫРДЫҢ ҮСТІМЕН, ЖЕҢІЛДІҢ АСТЫМЕН ЖҮРУ ЖАСТАРҒА ЖАРАСПАЙДЫ”

“Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы республикалық форумға үлкен дайындықпен келіп отыр. Біз оның атқарушы хатшысы Самат Жәкеновпен екі съезд аралығында атқарылған жұмыстар төңірегінде сұхбаттасқан едік. – Самат, филиалдың облыстың қоғамдық-саяси өміріндегі орнын қалай сипаттар едіңіз? – Осыдан 4 жыл бұрын жасотандықтардың бірінші съезі өткені белгілі. Оған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев …

Самат ЖӘКЕНОВ: “АУЫРДЫҢ ҮСТІМЕН, ЖЕҢІЛДІҢ АСТЫМЕН ЖҮРУ ЖАСТАРҒА ЖАРАСПАЙДЫ” Read More »

БҰЛЫҢҒЫР БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ БЕЛГІСІ – бесінші сыныпта алған медалім (Эссе)

Ескендір НҰРЫМ, ардагер ұстаз. “Салмасам Айнамкөзге ән болмайды…” – деп салған ән таң алдындағы тынық ауаны дүр сілкіндіріп, құлағына кіріп, бойыңды билеп, жүрегіңнің түнгі жайлы соғысын жиілетіп, еріксіз басыңды жастықтан алып, аузыңды ашып тыңдап, әсем әуен тұтқынына түсіп, рухани ләззат алып жатасың. Бұл сиқырлы саз – соқаға жегілетін өгіз, жылқыларды түнде жайып бағып, таң ата …

БҰЛЫҢҒЫР БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ БЕЛГІСІ – бесінші сыныпта алған медалім (Эссе) Read More »

Ауламыз ажарлана түсті

Қырғыз МҰСАБАЕВ, қала тұрғыны.   “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері өткен сенбіде “Сыйлықтар” әмбебап дүкені орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласын, балалардың ойын алаңын қоқыстан тазартты. “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Самат Жәкенов бастаған белсенді жастар қолдарына сыпырғыш, тырма, күрек алып, көптен бері жөнді тазарту жұмысы жүргізілмеген ауламызды күл-қоқыстан …

Ауламыз ажарлана түсті Read More »

ДЕБАТТА ТЫҢ ИДЕЯЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мұражайында “Нұр Отан” жастар қанатының мұрындық болуымен “Сапалы білім – береке негізі” деген тақырыпта дебат өтті. Шараға жас ғылыми қызметкерлер, магистранттар, ұстаздар мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Шара барысында сөз алған “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Самат Жәкенов Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білім саласын дамыту, негізгі адами …

ДЕБАТТА ТЫҢ ИДЕЯЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

ЭНЕРГЕТИКТЕР ҰСЫНАТЫН ТАРИФ салыстырмалы сараптық әдіспен бекітіледі

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Табиғи монополияларды реттеу департаменті облыстық мәслихаттың үлкен мәжіліс залында “Солтүстік Қазақстан электр тарату желілері компаниясы” (СҚТЭК) АҚ-ның 2013-2015 жылдарға электр қуатын беру және тарату жөніндегі қызметтерге салыстырмалы сараптама әдісін қолдана отырып тариф бекіту үшін ақпараттарды талдау бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Марат Мұстафин айтқандай, жаңа жылдан …

ЭНЕРГЕТИКТЕР ҰСЫНАТЫН ТАРИФ салыстырмалы сараптық әдіспен бекітіледі Read More »

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН ЖӨН

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов төрағалық еткен жиында үш мәселе қаралды. Биылғы жылы дін туралы заңның өзгертілген нұсқасына орай барлық діни бірлестіктер қайта тіркеуден өткізілді. Оның қорытындысы туралы облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Ерік Есентаев баяндады. – Діни бірлестіктерді …

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН ЖӨН Read More »

ӘРҚАШАН ЖАС ӘСКЕРИ БӨЛІМ 50 жылдығын тойлады

Облыс орталығындағы №6637 әскери бөлімінің құрылғанына 50 жыл толды. Бұл мерейтой сенбі күні қалалық Мәдениет үйінде салтанатты түрде атап өтіліп, мерейтой иелерін облыс әкімінің атынан оның орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. 1962 жылы жауынгерлік Қызыл ту табыс етіліп, алғашқы Отан қорғаушыларды қабылдаған №6637 әскери бөлімі тәуелсіз ел атанған Қазақстанның Жауынгерлік туын 2004 …

ӘРҚАШАН ЖАС ӘСКЕРИ БӨЛІМ 50 жылдығын тойлады Read More »

УӘЛИХАНОВТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ, фермерлік шаруашылық қалыпты дамып келеді

Облыс әкімі Серік Біләлов Уәлиханов ауданында болып, тұрғын үй құрылысының және мал шаруашылығы дамуының барысымен танысты, әлеуметтік нысандарды аралады. Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист. Облыс әкімі Серік Біләлов алдымен “Жұмыспен ќамту – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудан орталығы Кішкенекөл ауылының Сыздықов көшесінде бой түзеген 22 үйдің жағдайымен танысты. Оның құрылысын Әскер Мұқатаев басқаратын “Нұрсұлтан Ќұрылыс компаниясы” ЖШС …

УӘЛИХАНОВТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ, фермерлік шаруашылық қалыпты дамып келеді Read More »

“ҚАЗТРАНСОЙЛ”АҚ-ның ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРЫН өңір тұрғындары сатып алуда

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Халықтық IPO” бағдарламасы барысында “ҚазТрансОйл” АҚ өзінің акцияларын сатуда. Аталмыш ірі кәсіпорынның құнды қағаздары солтүстікқазақстандықтар тарапынан қаншалықты сұранысқа ие деген оймен “Қазпочта” АҚ СҚОФ-ға бет бұрдық. Ұлттық компаниялардың акцияларын сату бойынша негізгі қызметтерді көрсетіп отырған “Қазпочта” АҚ мамандарының айтуынша, тұрғындардың құнды қағазға қызығушылық танытуы орташа. Күніне жиырма шақты адам мамандардың қызметіне …

“ҚАЗТРАНСОЙЛ”АҚ-ның ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРЫН өңір тұрғындары сатып алуда Read More »

ЕСКІ РЕНІШІ ЕСІНЕ ТҮСІП, ауылдасын қорқытпақ болған көрінеді…

Ауылдасына оқ атқан Қызылжар ауданының тұрғыны құрықталды. Оқиға осы ауданның Вишневка ауылында орын алған. Жәбірленуші алдымен үйінің маңында мылтық даусын естіген. Кіреберіс есікке жақындап, жарықты қосқан кезінде арғы жақтан оған оқ атылған. Абырой болғанда, үй иесі одан аман қалды. Жеңіл жарақаттанған ер адам бірден учаскелік инспекторды шақыртқан. Тәртіп сақшысы “Мұны кім жасауы мүмкін?” дегенінде, жәбірленуші …

ЕСКІ РЕНІШІ ЕСІНЕ ТҮСІП, ауылдасын қорқытпақ болған көрінеді… Read More »

ҚАРЫЗЫН ӨТЕМЕГЕН КӘСІПКЕР басынан атып өлтірілді

Облыс орталығындағы “Океан” дүкенінің маңында “Мерседес” көлігінен 47 жастағы кәсіпкердің мүрдесі табылды. Ер адамның басына оқ атылған. Жарты сағаттан соң кәсіпкерді өлтірген адам өз кінәсін мойындап, Петропавл қалалық ІІБ-ге келген. Ол марқұмға “ИЖ-58” аңшы мылтығынан оқ атқан. Жәбірленуші оған біраз уақыт бойы ақша қарыз болған. Соңғы уақытта берешегін өтеуден қашып, тіпті, телефон қоңырауларына жауап қатпай …

ҚАРЫЗЫН ӨТЕМЕГЕН КӘСІПКЕР басынан атып өлтірілді Read More »