«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ОҢТҮСТІК” КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ уақытында аяқталуы тиіс

Облыс әкімі Серік Біләлов “Оңтүстік” кәріз коллекторын жаңғырту барысымен танысты. Жөндеу жүргізіп жатқан мамандар негізгі құбыр тарту жұмыстары желтоқсан айының басында аяқталады, дейді. Самат ЕСМАҒИ,журналист. Республикалық бюджеттен бөлінген қомақты қаржыға жөнделіп жатқан “Оңтүстік” кәріз коллекторының жалпы ұзындығы 5 шақырымнан артық. Қазіргі таңда оның тең жартысы салынған. Өңір басшысы мердігерлерге жайбасарлықтан арылып, негізгі жұмыстарды желтоқсанның басына …

“ОҢТҮСТІК” КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ уақытында аяқталуы тиіс Read More »

ТҮРІК БАУЫРЛАРДЫҢ “СҰЛТАНЫ” тағы 15 жұмыс орнын ашты және 15 оралман ағайынға қамқорлық жасап отыр

  Кеше “Сұлтан макарон бұйымдары” АҚ-да вафли мен макарон шығаратын желілерді іске қосуға арналған салтанатты шара болып өтті. Оған облыс әкімі Серік Біләлов пен “Окан-Холдинг” компаниясының президенті Бекир Окан, Түркияның және Қазақстанның БАҚ өкілдері қатысты. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатында сөз сөйлеген өңір басшысы Серік Біләлов:– Біздің еліміз егемендік алған жылы …

ТҮРІК БАУЫРЛАРДЫҢ “СҰЛТАНЫ” тағы 15 жұмыс орнын ашты және 15 оралман ағайынға қамқорлық жасап отыр Read More »

ШӘКІРТТЕРІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне, мектебіне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Мектептегі ұстаздар білімді де білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы, азаматтығы тұрғысында жастарға үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Осындай биіктен көрініп жүрген мектептің бірі – 80 жылдығын атап өткен Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектеп. Аталған мектепте 36 …

ШӘКІРТТЕРІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН Read More »

ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАР

Облыс орталығындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында “Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жаңаша көзқарастар” тақырыбы бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған курсқа өңіріміздің сынып жетекшілері жиналды. Онда ұстаздар қазіргі тәрбие берудің заман талабына сай бағыттарымен танысты. Ата-аналар мен балалардың сұранысына сай тәрбиені әртүрлі бағыттар бойынша қажетті деңгейде дамыту, сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кәсіби шеберліктерін арттырды. …

ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАР Read More »

БҰЛ КҮН БАЛАЛАР ЕСІНДЕ ұзақ сақталатын болады

Еліміз бойынша бірінші болып біздің қаламызда бой көтерген “Нептун” спорттық-ойын-сауық кешені талай балаға қызық пен қуаныш сыйлап үлгерді. Солардың арасында №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерінің 25 оқушысы да бар. Олар аквапаркте “Қамқорлық” акциясының аясында тегін демалды. “Нептун” спорттық-ойын-сауық кешенінің қожайыны, облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Леонтьев қазан айы бойы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары мен жетім …

БҰЛ КҮН БАЛАЛАР ЕСІНДЕ ұзақ сақталатын болады Read More »

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР БАЙҚАУЫ

Жерлес қаламгер, классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің туған жері – Жаңажол ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында “Кемеңгер қаламының құдіреті” атты сахналық қойылымдар байқауы өтті. Шара оқушылар арасында Ғабит Мүсірепов шығармаларын насихаттау, оның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, тарихи танымдарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Аққайың, Ақжар, Жамбыл, Шал ақын, Мамлют, Қызылжар ауданының шығармашылық топтары …

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР БАЙҚАУЫ Read More »

АЛМАТЫДАҒЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРДЕН оқушыларымыз олжалы оралды

Таяуда Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың шәкірттері Алматы қаласында өткен оқушылардың ІІ республикалық астрономиялық турниріне қатысып, жүлделі 2-орынды еншіледі. Астротурнир “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының обсерваториясында өтті.  Турнирге қатысушы топтың құрамы 4-5 баладан аспауы және олар турнир соңына дейін өзгеріссіз қалуы керек. Астротурнирге әр облыстан бір команда ғана жіберілді. …

АЛМАТЫДАҒЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРДЕН оқушыларымыз олжалы оралды Read More »

ҚҰРБАН АЙТТА ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА қолдау көрсетілді

Барлық мұсылман баласының басын біріктіретін Құрбан айтта облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың бүлдіршіндері өздеріне әрдайым көмек қолын ұсынатын жанашырларының ықыласынсыз қалмады. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының, “Петропавл арақ-шарап зауыты” ЖШС-нің, ҰҚК-нің, білім, ішкі істер, кедендік бақылау, өрт сөндіру және апаттан сақтау қызметі басқармаларының, әскери прокуратураның, “Сокол” сауда үйінің, облыс бойынша нотариалдық …

ҚҰРБАН АЙТТА ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА қолдау көрсетілді Read More »

РАУШАН – ҮЗДІК ПСИХОЛОГ

“Ақыл – жасқа, қына тасқа бітеді” демей ме халық даналығы. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың педагог-психологі Раушан Қазбекова – қатарластары түгіл, әріптестерінен оза шапқан жастардың бірі. Білім жүйесінде екі жылдан бері еңбек етіп жүрген жас маман үстіміздегі жылы “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технология орталығы” өткізген “Үздік психолог кабинеті” конкурсында қазақтілді …

РАУШАН – ҮЗДІК ПСИХОЛОГ Read More »

“ЧЕБУРАШКАМЕН” БАСТАЛҒАН ЖОЛ

Петропавлдағы №26 мектептің орта буын оқушылары “Мен – Чемпион!” акциясы аясында велоспорттан жастар арасындағы топтық бәйгеде Әлем чемпионы атанған жерлесіміз Алексей Луценкомен кездесті. Осы кездесуден кейін кемінде 10 бала велоспортқа мойын бұратынына өз басым кәміл сендім.  Бала деген қызық қой. Не ойласа, соны айтады. Чемпионмен кездесеміз дегенде, балалардың көз алдарына бір дәу адам елестесе керек, …

“ЧЕБУРАШКАМЕН” БАСТАЛҒАН ЖОЛ Read More »

ДІНИ СОҚЫР СЕНІМ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН

Бүлдіргіш діни сенімдер қоғам мен мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей қоймайды. Адамдардың психикасы бұзылып, емдеудегі дәстүрлі емес әдістерді қолдану арқылы қоғамда мәселелер туғызады.  Мәриям БАПАНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. Діни наным-сенімнің адам денсаулығына әсері бар ма? Бұл сұрақты “Аум Синрике”, “Алля Аят” және “Ата жолы”(“Ақ жол”) сынды діни ұйымдар мысалында қарастырып көрелік.“Аум …

ДІНИ СОҚЫР СЕНІМ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН Read More »

ДІНІМІЗ бен ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ

Қазіргі уақытта мәзһаб немесе мәзһабтар туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бұдан 4-5 жыл бұрын діни оқулықтардың жетіспейтіндігі сезілетін. Ал қазір халықтың ілім-білімінің арта бастағандығынан ба екен, мәзһабтар турасында кеңінен талас-тартыстар мен алыпқашпа сұхбаттарға барып жүргендердің санының артып бара жатқанын құлағымызбен естіп, көзімізбен көріп те жүрміз. Сүттей ұйып, достығы мен татулығының арқасында бірлік-берекесі жарасып …

ДІНІМІЗ бен ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ Read More »

КЕШЕ — ЗЕРТХАНА, БҮГІН — ИНСТИТУТ

Бибігүл БАЗМҰХАМЕТОВА,СҚО сот сараптамасы институтының бас сарапшысы. Алғашында мұнда небары алты маман жұмыс істеген. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің қаулысымен Қазақ сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты болып өзгертіліп, мамандары республикадағы соттардың және құқық қорғау органдарының сараптамалық зерттеу жұмыстарындағы қажеттілікті жүзеге асырды. Ал 1975 жылдан бастап институт сараптама-алдын алу бағытындағы жұмысты жүргізді, бұл орталықтың құрылымын өзгертті. …

КЕШЕ — ЗЕРТХАНА, БҮГІН — ИНСТИТУТ Read More »

“КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ” жылқы ұрлығын болдырмады

Полицейлердің “Көршілер бақылауы” бағдарламасы арқасында тағы бір қылмыстың жолы кесілді. Бұл жолы Аққайың ауданындағы ауылдардың бірінде мал ұрлау фактісі әшкереленді. Кешкі сағат бес шамасында Ивановка ауылының тұрғыны Олег Калимбет үй сыртында оттап жүрген көршісінің жылқысын белгісіз біреу ұстамақшы болғанын байқаған. Бір жамандықты сезген ер адам бірден учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалып, көршісіне барып, көргенін айтқан. …

“КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ” жылқы ұрлығын болдырмады Read More »

АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРЕГІН заңсыз сатуға жол берілмеді

Тәртіп сақшылары рейд шараларын жүргізу барысында Токаревка ауылындағы жеке үйлердің бірінің ауласында “КамАЗ” көлігіне қаптарды тиеп жатқан бір топ адамды ұстады. Тексере келе қаптардағы заттардың артемия уылдырығы екені белгілі болды. Дернәсілге толы 182 қап артылған “КамАЗ” бен көлік маңында болған 8 адам Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ұсталғандардың төртеуі Павлодар облысының тұрғындары болса, қалғандары …

АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРЕГІН заңсыз сатуға жол берілмеді Read More »

ІШІМДІК ІШКЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР түнгі клубтардан табылды

Кәмелетке толмағандардың есірткі тұтыну, ішімдік ішу фактілерін анықтау және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында облыс орталығындағы 6 түнгі клубта рейд жүргізілді.  Андрей ФРОЛОВ,“Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі. Рейд мүшелері “Ахтамар” ойын-сауық отауын тексеру кезінде сыра ішіп отырған 20 жастағы жігітті анықтады. 21 жасқа толмаған клиентке ішімдік сатқаны үшін аталмыш түнгі клуб …

ІШІМДІК ІШКЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР түнгі клубтардан табылды Read More »

БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ – АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ 51 адам жауапқа тартылып, 28-і ата-ана құқығынан айрылды

Жұлдыз ОСПАНОВА, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық соттың кеңсе меңгерушісі. Қазіргі заманда адамдар өз міндеттері мен құқықтарын білетініне сенімді. Дегенмен, балалардың құқықтарына қатысты сауал туындаса, көп жағдайда толық жауап беруге дайын болмайды. Ойланатын жағдай: баланың құқықтарына не жатады?Тарихқа жүгінсек, 1924 жылы Ұлттар Лигасы Бала құқықтарының Женева декларациясын, 1959 жылы БҰҰ Бала құқықтарының декларациясын, …

БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ – АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ 51 адам жауапқа тартылып, 28-і ата-ана құқығынан айрылды Read More »

БІР ҚЫЗМЕТШІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛЫП,тағы бірі ескерту алатын болды

Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Дүйсенбі күні “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тәртіптік кеңесінің отырысы өтті. Тілеген Қаскиннің төрағалығымен өткен мәжілісте төрт мәселе қаралды, соның ішінде екеуі тәртіптік іске қатысты болды. “Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ-нің бас маманы Андрей Поповқа қатысты қозғалған тәртіптік …

БІР ҚЫЗМЕТШІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛЫП,тағы бірі ескерту алатын болды Read More »

15 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ тегін курстардан өтіп, сертификат алды

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыста тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөнінде тегін курстар ұйымдастырылғаны белгілі. Бүгінгі күні 15 мың адам белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды. Бұл бағдарлама бойынша 16-74 жас аралығындағы кез келген азамат компьютерлік білімдерін жетілдіре алады. Ол үшін аудандық немесе Петропавл қаласы білім бөлімдеріне өтініш білдіру қажет. Өңір тұрғындарының 50 пайызының компьютерде жұмыс …

15 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ тегін курстардан өтіп, сертификат алды Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – жетілдіруді қажет ететін мәселе

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі жөнінде “дөңгелек үстел” өтті. Оған мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және студенттер қатысты. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. 2009 жылдың ақпанында елдегі жергілікті өзін-өзі басқаруға заңнамалық өзгерістер енгізілген болатын. Соның негізінде аталмыш сала дами түсті. Енді Елбасы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді Үкіметке тапсырып …

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – жетілдіруді қажет ететін мәселе Read More »