«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Өткен аптада “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ өкілдері облыстық кәсіптік-педагогикалық колледж оқушыларымен кездесті. Бұл шараға қатысқан өрт сөндіру мамандарын кәсіби даярлау мектебі бастығының орынбасары Ноян Бектембаев оқушыларға Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандарына тиесілі адами қасиеттер жайында әңгіме өрбітіп, ТЖМ мамандары қызметтерінің артықшылығы, оның маңыздылығы мен жауапкершілігі жайлы баяндады. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет …

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ Read More »

“ОМАРТАШЫЛЫҚ ТА – ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛЕТІН ІС”, – дейді мамлюттік кәсіпкер Тұрсынбай Рамазанов

Мамлют ауданындағы Меңгесер ауылына жолым түскен сайын замандасым Тұрсынбай Рамазановтың кәсіптің жаңа бір түрін меңгеріп жатқанының куәсі болып жүрмін. Осы жолы да солай болды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Тұрсынбай Байғұнысұлы осы ауданның бұрынғы “Қазақстанның 50 жылдығы” кеңшарының Октябрь ауылында туғанымен, отбасылық өмірін Меңгесерде жалғастырып келеді. Жергілікті кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүріп, агроқұрылым …

“ОМАРТАШЫЛЫҚ ТА – ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛЕТІН ІС”, – дейді мамлюттік кәсіпкер Тұрсынбай Рамазанов Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҒА ТҮСТІ

Айбек ХОРШАТ, Ақжар аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламалары жасалып, бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылу үстінде. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сонымен қатар ауыл тұрғындарының сұранысын ескерген Қазан ауылының тұрғыны Тоқтархан Көпжасар шағын наубайхана жабдықтарын сатып алып, нан пісірумен айналыса бастады. Бұл бүгінге дейін …

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ ТОЛЫҒА ТҮСТІ Read More »

БИЗНЕСМЕНДЕРІМІЗ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Газетіміздің өткен санында хабарланғанындай, аптаның алғашқы күні облыстық әкімдікте кәсіпкерлікті дамыту және оның жылдық қорытындысы мен бизнес тетіктерін одан әрі ұтымды пайдалану мәселелерін сөз еткен форум өтті. Бұл шарадан кейін кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Саркеев пен “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы басқарма бастығының орынбасары Қанат Сұлтанғазиев мемлекеттік қолдау жасалған …

БИЗНЕСМЕНДЕРІМІЗ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ Read More »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САПАРЫ

Аманжол НҰРТАЗИН, журналист, Абзал ҚҰРМАНКИН, журналист. Парламент мәжілісінің бір топ депутаттары өңірімізде болып қайтты. Сапар барысында халық қалаулылары облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде болып, білім ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінгі таңда №17 ұлттық өркендеу мектебінде 10 ұлттық бөлім жұмыс істейді. Онда 205 оқушы ана тілін, тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерін үйренуде. Ал жалпы білім ордасында 1000-ға жуық …

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САПАРЫ Read More »

ҚУАНДЫҚ ЖҮНІСБАЕВ – АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ

Гүл НҰРАЛИНА, журналист. Тайынша ауданы бойынша “Халықтық IPO” бағдарламасына қатысып, “ҚазТрансОйл” АҚ-ның акцияларын сатып алған алғашқылардың бірі – Киров ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қуандық Жүнісбаев (суретте). “Халықтық IPO” бағдарламасына қатысу үшін ол білікті “Қазпочта” АҚ брокерінің көмегімен құнды қағаздарын ұсынған компанияға шығып, алғашқылардың бірі болып шарт жасасты. “Қазпочта” АҚ брокері оған орталық депозитарийде брокерлік жеке …

ҚУАНДЫҚ ЖҮНІСБАЕВ – АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ Read More »

УКРАИНАДА ҚАЛДЫ ІЗІ

Облыс орталығындағы Достық үйінде “ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өткізілді. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шараға қатысушылар Елбасының жастық шағы, 1960 жылы Украинаның Днепродзержинск қаласында білім қуған кезін әңгіме өзегіне айналдырып, елдегі саяси-экономикалық тұрақтылық, этнос-аралық татулық Тұңғыш Президенттің есімімен қатар аталатын жетістік десті. Украин этномәдени бірлестігінің мұрындық болуымен өткен шара …

УКРАИНАДА ҚАЛДЫ ІЗІ Read More »

БАСТЫСЫ – АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ

Орал ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің бөлім бастығы. Балаларды бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу, адамгершілігін қалыптастыруға бүгінде барынша көңіл бөлінуде. Бұл мәселе облыста 2008 жылы облыстық балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент жанынан құрылған еріктілер клубы арқылы шешілуде. Еріктілер қозғалысы өз қатарына қиын жағдайға тап болғандарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көмекке зәру адамдарға көмектесуге деген …

БАСТЫСЫ – АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ Read More »

ҚИЯFА САМFАFАН ТҮЛЕКТЕРІ КӨП қара шаңыраққа – 80 жыл

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Сексен жыл бойы бірнеше ұрпақтың жүрегіне зор құрмет және мақтаныш сезімін ұялатып, білім мен тәрбие нәрін сіңіріп келе жатқан Шал ақын ауданындағы Мәркен Ахметбеков атындағы мектептің торқалы тойы өтті. Оқу ордасының шежіресі 1931-1932 жылдары ашылған бастауыш мектептен басталады. Мектеп 1942 жылы өзінің алғашқы он түлегін ұшырып, одан бергі көп жылында осы …

ҚИЯFА САМFАFАН ТҮЛЕКТЕРІ КӨП қара шаңыраққа – 80 жыл Read More »

“ЕШТЕН ДЕ КЕШ ЖАҚСЫ” деп есептейтін кәсіпкер өз ісін ашты

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу үшін бүгінгі күнді кеш көрме”, – деген ойын жеткізген Сабыржан Төлембаев – алпысқа толса да, бизнестің тізгінін нық ұстауға белін бекем буған жан. Осыдан төрт жыл бұрын өзінің жеке кәсіпкерлігін құрған ол ағаш пен темірден бұйымдар жасап, құрылыс жұмыстарымен айналысуды да қолға алады. Сабыржан Шәкірұлы өзіне Мамлютка …

“ЕШТЕН ДЕ КЕШ ЖАҚСЫ” деп есептейтін кәсіпкер өз ісін ашты Read More »

ЖАРНАМА ФАБРИКАСЫ” атына сай болуға ұмтылу үстінде

Бүгінде жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасып, қоғамдық құбылысқа айналды. Жарнамашылар өндіруші мен тұтынушы арасындағы дәнекерлік қызметтерді атқарып, экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде танылуда. Жарнама сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін “өркениет үдеткіші” де болып отыр. Әрине, оның да басты күші – адам. Өйткені, кәсіби шебер түрлі …

ЖАРНАМА ФАБРИКАСЫ” атына сай болуға ұмтылу үстінде Read More »

ҚИЯЛ ҚАНАТЫНДА

Қызылжарлық Наталия Бухонина – Ресейдің Саратов қаласының тумасы. Ол жеке кәсіпкерлікпен айналысумен қатар, бос уақытында қолөнер бұйымдарын жасауға машықтанған. Бір қызығы, бұл әйел өнерінен өзгелердей пайда табуды мақсат тұтпайды. Бар білгенін қасындағыларына үйретіп, бұл ісінен ләззат алуда.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Біздің балаларымыз бұрынғы заманнан келе жатқан қолөнершілік мұраны біліп-үйренуі тиіс. Мысалы, сыммен тоқу …

ҚИЯЛ ҚАНАТЫНДА Read More »

ӘЙГІЛІ ДОМБЫРАШЫ жаңа ансамбль құрды

Өңірімізге танымал өнер иесі Нұрлан Серғазинов жайында қалам тербеуге оқталып, ойға берілген сәтте сұңғақ бойлы, кескіні келбетті жігіттің тұлғасы көз алдыма келе қалды. “Күдер” ансамблін құрған Тойкен Күдерованың осы өнер тобында сахнада саз төккен сайын салалы саусақтары сағақ бойлап, күй әлеміне еріксіз жетелей жөнелетін домбырашы жастың тартысына тәнті болушы едім. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бір …

ӘЙГІЛІ ДОМБЫРАШЫ жаңа ансамбль құрды Read More »

“АЗИЯ ЖОЛБАРЫСТАРЫН” КӨРІП ҚАНАТТАНҒАН “Қазақстан барысы” олардан қалыспауға ұмтылуда

Осыдан он бес жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2030” Стратегиясын жариялады. Онда “Қазақстан барысының” бейнесі көрініс тапқаны белгілі. Сол 1997 жылы Президентіміз “Азия жолбарыстары” деген атау алған Малайзияға, Индонезияға, Вьетнамға ресми сапармен барып, олардың экономикалық өрлеуін көзімен көріп оралған болатын. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Өткенге көз жіберсек, Қазақстан-Малайзия қарым-қатынастары 1991 жылдың 31 желтоқсанынан …

“АЗИЯ ЖОЛБАРЫСТАРЫН” КӨРІП ҚАНАТТАНҒАН “Қазақстан барысы” олардан қалыспауға ұмтылуда Read More »

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Бақыт БАСЫҒАРИНА, Әдия МАКИНА, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік тілде білім алатын 1-2-ші курс оқушылары арасында “Ел Президенті – Ұлт көшбасшысы” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған саяси саңлақ, дара тұлға екендігін …

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ Read More »

КӨКБАЙРАҚТЫ ЖЕЛБІРЕТКЕН ЖЕҢІСТЕР Елбасы қамқорлығының нәтижесі емес пе?!

Біз үлкен оқиғаның қарсаңында тұрмыз. Ол – 1 желтоқсанда аталып өтетін еліміздің Тұңғыш Президентінің күні. Бұл күнді мен Тәуелсіз еліміздің өміріндегі елеулі оқиға деп бағалаймын. Өркениетті елдердің қай-қайсысындағыдай, Қазақстанның халқы да өзі сайлаған Елбасын құрметтейді, ардақ тұтады. Жамбыл ТАСЕМЕНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Нұрсұлтан Назарбаев дербес мемлекет ретінде ел басшылығын қолға алып, мемлекетімізді әлем …

КӨКБАЙРАҚТЫ ЖЕЛБІРЕТКЕН ЖЕҢІСТЕР Елбасы қамқорлығының нәтижесі емес пе?! Read More »

ҚҰРЫЛЫСТА БАҚЫЛАУ БОСАҢ

Облыстық прокуратурада өңірлік заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңдылық жағдайы, азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу барысы, 2011 және 2012 жылдың 9 айында аталмыш мақсатқа бөлінген қаржының жұмсалуы, құқық қорғау және атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, қылмыс салдарынан орын алған шығынды …

ҚҰРЫЛЫСТА БАҚЫЛАУ БОСАҢ Read More »

ҮЗДІК ЖАСТАР “АЛТЫН КІТАПҚА” ЕНГІЗІЛДІ

Өткен сенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған “Елбасы – ел тірегі, жас ұрпақ – ел білегі” деген тақырыпта өңірлік жастар форумы болып өтті. Он үш аудан мен Петропавл қаласының жастарын бір жерге тоғыстырған мерекелік шараға облыс әкімі Серік Біләлов қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шара облыстың …

ҮЗДІК ЖАСТАР “АЛТЫН КІТАПҚА” ЕНГІЗІЛДІ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Бесінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың тоғызыншы сессиясы 2012 жылғы қарашаның 30-ы сағат 11.00-де облыстық мәслихаттың үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38. Депутаттар жиналысының қарауына келесі негізгі мәселе ұсынылады: “2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу …

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Read More »

ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ

Облыс әкімдігінің үлкен залында өңір кәсіпкерлерінің форумы өтті. Онда бизнесті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану мәселелері қаралып, биылғы жылдың қорытындысы шығарылды. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Форумды ашқан облыс әкімі Серік Біләлов өңірдегі іскер адамдар басқосуының жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтіп отырғанын атап өтті. – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен …

ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ Read More »