ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде халықаралық сарапшылар мойындап отырған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ең озық елдердің қатарына шығару жөніндегі стратегиялық жоспарлары алдағы уақытта да реформалар қажеттігін айқындап берді. Осыған орай үстіміздегі жылғы 7 қарашада Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменовтің мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша …