«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

В. ЧЕЛАХҚА ҚАТЫСТЫ СОТ БАРЫНША АШЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨТЕДІ

Арқанкерген бекетіндегі оқиғаға байланысты Владислав Челахқа қатысты сот отырысы барынша ашық жағдайда өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні Астанада өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. “2012 жылғы 31 қазанда кісі өлтіру мен басқа да қылмыстарды жасау бойынша айыпталып жатқан В. Челах сотқа берілгендігі белгілі. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 9-бабы бойынша айып …

В. ЧЕЛАХҚА ҚАТЫСТЫ СОТ БАРЫНША АШЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨТЕДІ Read More »

“ТЕМІР ТҰЛПАР” МІНГЕН… ҚАРЫЗГЕРЛЕР көліктерінен айрылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің және жол полициясы басқармасының қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарын төлеуден қасақана жалтарушы автокөлік иелерін анықтау мақсатында бірлескен кезекті рейдтік шара өткізді. Сот орындаушылары мен жол полицейлері “Рахмет”, “Тайга” сауда үйлері, орталық базар аумағында кезекшілік атқарды. Күні бойы 33 түбіртек бойынша жалпы сомасы 240 мың теңгеден астам айыппұл төленді. Әкімшілік айыппұлдарын …

“ТЕМІР ТҰЛПАР” МІНГЕН… ҚАРЫЗГЕРЛЕР көліктерінен айрылуы мүмкін Read More »

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 34 МАМАНЫ жұмысынан босатылды

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы жарияланды. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Жоғары аттестаттау комиссиясында 1 маман сыннан өтіп, лауазымына сәйкес деп танылған. Орталық аттестаттау комиссиясы өртке қарсы қызметте еңбек ететін 22 тұлғаның біліктілігін байқаған. Нәтижесінде 4 қызметкер кадрлық резервке енгізіліп, жоғары лауазымға ұсынылды. Үшеуінің қызметі төмендетілетін болды. Бір …

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 34 МАМАНЫ жұмысынан босатылды Read More »

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ қобалжығандарымен, жақсы нәтиже көрсете білді

ҚР Президентінің “Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, биылғы жылдың сәуір айында облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау өтті. Мұрат БЕКМҰХАМЕТОВ, “Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы” ҚБ облыстық филиалының төрағасы. Оның ережелеріне сәйкес, өңірлік аттестаттау комиссиясының құрамына қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және …

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ қобалжығандарымен, жақсы нәтиже көрсете білді Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ ӘР КЕДЕНШІНІҢ ҰСТАНЫМЫ МАҢЫЗДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бұл қоғам кеселінің туындауына жол беретін түрлі жағдайлардың алдын алу бүгінде әр ведомство жұмысының басым бағытына айналып отыр. Осы жөнінен кеден органдарында нендей жұмыс жүргізілуде? Бұл реттегі сұрақтарға облыстық кедендік бақылау департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Марат Берденбеков төмендегідей жауап қатты. – Марат Мағжанұлы, ішкі қауіпсіздік басқармасының биылғы жұмыс қорытындысы қандай? …

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ ӘР КЕДЕНШІНІҢ ҰСТАНЫМЫ МАҢЫЗДЫ Read More »

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Мемлекеттік басты нышандарымыздың бірі – Ұлттық валюта – теңге күні мерекесіне байланысты Ұлттық банк облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымовқа жолығып, өңірдегі банк жүйесінің қаржы нарығындағы қазіргі жағдайлармен сабақтасатын және оқырмандарымыздың қызығушылығын туғызатын бірнеше сұраққа жауап беруін өтіндік. – Жомарт Оралұлы, төл мерекеңіз құтты болсын! Облыстың қаржы нарығындағы бүгінгі жағдай қандай? – Сыртқы келеңсіз факторлардың ықпалына …

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ Read More »

ЖАРҚЫН КҮННІҢ НҰРЛЫ ЖАЛҒАСЫ

Таңат СҮГІРБАЕВ, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі. Биылғы жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтіледі. Иә, бұл күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда айқын жеңіске жетіп, ел тізгінін өз қолына алғанына жиырма бір жыл толады. 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел Тәуелсіздігін аманат етті. Халық …

ЖАРҚЫН КҮННІҢ НҰРЛЫ ЖАЛҒАСЫ Read More »

БАЛАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН КЕРЕК

Светлана МИХАЙЛОВА, зейнеткер. “Халықтық IPO” туралы мен былтырдан бері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі естіп, оның мән-мағынасы туралы жақсы ақпараттандым. Сондай-ақ бірінші болып құнды қағаздарын нарыққа шығарған “ҚазТранс-Ойл” АҚ – барша қазақстандықтарға таныс компания. Мен де бұл компанияның акциясына қол жеткізудің мүмкіндігін жіберіп алмауды ұйғардым. Менің зейнеткерлік демалысқа шыққаныма екінші жыл. Биыл екінші рет жинақталған зейнетақы …

БАЛАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН КЕРЕК Read More »

38463559 АКЦИЯҒА ХАЛЫҚ ИЕ БОЛМАҚ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Халықтық IPO” бағдарламасына қатысатын компаниялардың I эшелонындағы “ҚазТрансОйл” АҚ-ы 6 қазаннан бастап өзінің 38463559 акциясын нарыққа шығарды. Бағдарламаның алғашқы қарлығашы болып табылатын компанияның басшылығы еліміздің түкпір-түкпірінде өзінің бағалы қағаздарын сатып алғысы келетін инвесторлармен кездесулер өткізуде. Осындай шара кеше Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті. Оған жергілікті мемлекеттік органдардың …

38463559 АКЦИЯҒА ХАЛЫҚ ИЕ БОЛМАҚ Read More »

Кәсіпкерлерге, меншіктің алуан түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына ҮНДЕУ

Біз биылғы жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеміз. Бұл күн күнтізбемізге кездейсоқ жазылып отырған жоқ – ол үлкен табыстарымызды, халқымыз бен мемлекетіміздің тарихындағы оң ілгерілеушілігімізді айғақтайды. Еліміз қысқа тарихи кезеңде өткен жылдардың қиын жағдайларына төтеп беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге қуатты, бүкіл әлем таныған …

Кәсіпкерлерге, меншіктің алуан түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына ҮНДЕУ Read More »

“БҰЛАҚТАР” БИ АНСАМБЛІ республикалық конкурста үшінші орынды иеленді

Анна КУЧЕРЕНКО. Облыс орталығындағы №8 эстетикалық бағытта жалпы білім беретін мектеп-кешеннің “Бұлақтар” би ансамблі Алматыда өткен республикалық “Ақ көгершін” балалар конкурсынан үшінші орынды иеленіп қайтты. 4-5 сынып оқушыларынан құралған аталмыш ансамбльдің жетекшісі Светлана Герасимованың да еңбегі бағаланып, ол “Үздік хореограф” дипломына ие болды. Балғын бишілер орыстың “Метелица” және украиннің “Полянка” ұлттық билерін сахналап, алматылықтардың зор …

“БҰЛАҚТАР” БИ АНСАМБЛІ республикалық конкурста үшінші орынды иеленді Read More »

ДАРЫНДЫ ЖАС ӘНШІГЕ ДЕМЕУ КЕРЕК

Сахнада Димаш Жақыпов ән айтқанда, көрермендер арасында немқұрайды отырған бір адамды байқамайсың. Тамаша ән айту мәнерімен ол тыңдаушыны бірден өзіне баурап алады. Анна КУЧЕРЕНКО. Оның тамаша тенор дауысы түрлі реңктерге бай. Қызғылықты репертуары, жас әншінің сұлу дене бітімі көрермендерді бей-жай қалдырмайды. Қоңыр дауысынан шыққан қазақ композиторлары мен ресейлік Игорь Крутой сынды сазгерлердің туындылары өңірлік өнерсүйер …

ДАРЫНДЫ ЖАС ӘНШІГЕ ДЕМЕУ КЕРЕК Read More »

Болат ӘБДІРАХМАНОВ: “ШЫГАРМАНЫН ШЫРАЙЫ – ШЫНДЫК . ОНЫ БЕЙНЕЛЕУ – ШЕБЕРЛІК”

Соңғы жылдары елімізде театрлардың шеберлік сынақтарының жүйелі ұйымдастырылуы дәстүрге айналған. Сахнагерлердің осындай байқауларынан Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры да сырт қалмай, өнерін сарапқа салып келеді. Мұқановтықтар үстіміздегі жылғы 21-27 қазан аралығында Орталық Азия мемлекеттері театрларының Алматыда өткен ІV халықаралық фестиваліне қатысты. Аталған өнер байқауында театр әртістері бас режиссер Болат Әбдірахмановтың жетекшілігімен қойылған “Ылдиға …

Болат ӘБДІРАХМАНОВ: “ШЫГАРМАНЫН ШЫРАЙЫ – ШЫНДЫК . ОНЫ БЕЙНЕЛЕУ – ШЕБЕРЛІК” Read More »

“БАЛАМ!” ДЕЙТІН ЕЛІМІЗ БАР…

Тәтті ЗДУАЛИЕВА, Ақжар ауданының “Жасөспірімдер үйінің” директоры. “Жасөспірімдер үйі”. Тағдырдың ащы сынағына ерте тап болғандар өздерінің үміт мекеніне айналған бұл мекемеде 23-25 жасқа дейін болады. Бұлардың бәрі де тұл жетім емес, көпшілігінің әке-шешелері бар. Алайда, олар – өз баласын қараусыз қалдырып, саналы түрде азап отына салушылар. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардағы тұрмыстың қиындығы осындай жауапкершілігі …

“БАЛАМ!” ДЕЙТІН ЕЛІМІЗ БАР… Read More »

КӨҢІЛДІ ЖАДЫРАТҚАН БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Мамлютка қаласындағы қабырғасы 2009 жылы қаланған қазақ мектеп-интернатында бүгінде 205 бала білім алуда. Үлкен мектеп 430 оқушыға шақталған. Әр оқу жылының басында көрші аудандар мен ауылдардан келетін балалардың саны жыл сайын ұлғайып келеді. Ал оның 200 орындық интернатында 130 бала тұрады. Дағарадай мектептің іші-сырты келген адамды қызықтырады. Оқу корпусы, спорт кешені …

КӨҢІЛДІ ЖАДЫРАТҚАН БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫ Read More »

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТУ ЖАЙЫ – жасотандықтарды толғандыратын мәселе

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Армандау! Еңбектену! Сену!” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Жиында Елбасының “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басым бағыттардың бірі – жастар саясатына қатысты мәселелер қозғалып, бүгінде жастар өз орындарын тауып отыр ма, оларды еңбекпен қамту мәселесі қалай шешілуде және …

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТУ ЖАЙЫ – жасотандықтарды толғандыратын мәселе Read More »

“АУЫЛ”

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ. Көнеміз ғой уақыттың тезіне біз, Бұл тірлікке көненің көзі – негіз. Бабаларым құс салып, ит жүгірткен Өткен күнді санамен сезінеміз. Ұмытпайық қыр менен қырқаны біз, Арайлап бүгін басқа тұр таңымыз. Кесілген кіндіктері киіз үйде Кешегі бабалардың ұрпағымыз… Суретті салған Али ГУСЕЙНОВ.

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “АСТАНА”

Новоишим ауылы – көпқабатты үйлерді экономикалық тоқырау кезінде “мұртын қисайтпай” сақтап қалып, ел игілігіне айналдырып отырған, бір жақ шетінен кіргеннен-ақ өзіндік бет-бейнесімен ерекшеленетін, кейінгі жылдары сәулетті де сәнді әлеуметтік-экономикалық нысандармен айшықтана түскен бірегей елді мекен. Оны елді мекендерді көркейту және санитарлық тазалық үшайлығы жөніндегі облыстық байқаулардың қорытындысы бойынша соңғы екі жыл қатарынан бірінші орынды еншілеп …

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “АСТАНА” Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨП болғанымен, шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істейтіндері әлі де аз

Светлана ЗАЙЦЕВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары. Осызаманғы Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыты барлық әлеуметтік салаларда тұлғаның жынысына қарамай өз қабілетін жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасауы болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда гендерлік теңдікке жету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Гендерлік саясаттың негізгі қағидалары ерлер мен әйелдерге Қазақстан Республикасының Конституциясымен …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘЙЕЛДЕР КӨП болғанымен, шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істейтіндері әлі де аз Read More »

“КӨКБӨРІМІЗ” ТӨБЕМІЗДІ КӨККЕ ЖЕТКІЗДІ Айбек Қырықбай – әлем чемпионы!

Айбек Қырықбай, лақап аты “Көкбөрі” – Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің Петропавлдағы Әскери институтының қызметкері, лейтенант, 25 жаста. Қазақ күресімен, қоян-қолтық жекпе-жекпен айналысады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорт саңлағының осы атақтарына күні кеше тағы бір аса ірі жетістік қосылды. Ол Алматыда қоян-қолтық ұрыстан өткен үшінші әлем чемпионатында ауыр салмақта қарсыластарының бәрінен күш-қуат пен амал-айла асырып, …

“КӨКБӨРІМІЗ” ТӨБЕМІЗДІ КӨККЕ ЖЕТКІЗДІ Айбек Қырықбай – әлем чемпионы! Read More »