«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТТЕСТАТТАУ ӨТУДЕ

Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департаментте кезектен тыс аттестаттауға орай брифинг болып өтті. Қыркүйек-қараша аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандарының біліктілігі тексерілетін болады. Ал аталмыш де-партаментте сыннан өтетіндердің саны – 812. Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Данаевтың айтуынша, 2 қазаннан бастап өңірлік комиссия мүшелері әңгімелесу жүргізуде, соның нәтижесі бойынша қызметкерлердің лауазымына сәйкестігі анықталатын болады.

ОРАЛМАН АТЫН ЖАМЫЛҒАН АЛАЯҚ шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айрылды

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Қазақстан Республикасының азаматы, Астана қаласының тұрғыны Хуаныш Өмірбекке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол Петропавл қалалық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігінің “б” тармағына сәйкес, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.Осыдан бірнеше жыл бұрын Хуаныш Өмірбек заңсыз түрде оралман мәртебесін алып, …

ОРАЛМАН АТЫН ЖАМЫЛҒАН АЛАЯҚ шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айрылды Read More »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО – туған жер құшағында

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұрнағы күні облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған спорт мектебінің ұжымы мен тәрбиешілері, облыстық туризм, дене тәрбие-ісі және спорт басқармасының қызметкерлері Голландияның Валькенбург қаласында велоспорттан өткен әлем чемпионатында алтын жүлденің иегері атанған жерлесіміз Алексей Луценконы Петропавл қаласының әуежайында қарсы алды. Әуежайдан соң спортшы өзі тәлім алған білім ордасының ұжымымен, тәлімгерлермен кездесті. Достарымен …

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО – туған жер құшағында Read More »

БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН

Қазақстанда “Мектепке жол” акциясы биыл бесінші мәрте өткізілді. Акцияның мақсаты – түрлі жағдайларға байланысты мектепке бармай қалған балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, бүлдіршіндердің білім алуларына жағдай жасау. Қаражаттан қиындық көрген көпшілік отбасылары өздерінің мектеп жасындағы балаларын уақытымен оқуға даярлай алмай жатады. Әсіресе, бұл жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен көпбалалы және толық емес отбасыларға қиындық …

БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН Read More »

ӨЗІНЕН ОЗҒАН ШӘКІРТТЕРІН мақтан тұтатын мұғалім

Бағдат Кәкімованың Тайынша қаласындағы №5 қазақ орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып жүргеніне 12 жыл. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің химия-биология факультетін бітірген. Оқушыларының химия-биология пәндері бойынша ҰБТ-дан алған ұпайлары мен пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсеткені үшін Бағдат Өтеуліқызы химия пәні мұғалімдерінің республикалық І съезіне делегат ретінде қатысқан. Еңбегі еленген ұстаз Мұғалімдер күні …

ӨЗІНЕН ОЗҒАН ШӘКІРТТЕРІН мақтан тұтатын мұғалім Read More »

КҮЛЗИЯНЫҢ ЕҢБЕГІ ЖАНДЫ

Күлзия Бабышева орыс және қазақ тілдерінің әдістемелік құралының конкурсында 1-орын алып, облыс әкімінің грантын жеңіп алған. “Ауылдың үздік мұғалімі” аудандық конкурсының жеңімпазы, облыстық инновациялық жобалар фестивалінде 1-орынның иегері, оқушылары облыстық ғылыми жобалар конкурсында 2-орынды жеңіп алса, өзі республикалық конкурстың облыстық кезеңінде 2-орынды иеленген.  Күлзия Шоқайқызының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ бере бастағанына 32 жыл. …

КҮЛЗИЯНЫҢ ЕҢБЕГІ ЖАНДЫ Read More »

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2012” облыстық байқауының жеңімпазы

“Жас келсе – іске” дегендей, Виталий Геннадиевичтің ұстаздық еңбек өтілі көп болмаса да, атқарған жұмысы жеткілікті. Өзінің пәні бойынша жан-жақты, білімді, сабақтарын интерактивті және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып қызықты жүргізеді. “Оқушыларды тарих сабақтарында ҰБТ-ға даярлау әдісі” әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Оның тесттік материалдарды қолдану тәсілдері бойынша жинақтаған тәжірибесі мол. Соның нәтижесінде шәкірттері аудан …

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2012” облыстық байқауының жеңімпазы Read More »

АУЫЛДЫҚ ЕКІ ҰСТАЗ еліміздің “Үздік ұстаздарының” қатарынан көрінді

Педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күніне орай 2012 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласында Қазақстан ұстаздарына арналған бал өткізеді. Оған еліміздің білім беру саласының құрметті қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары шақырылып отыр. “Бұл – ұстаздықтың жаңа дәстүрінің жаңғыруы”, – дейді министрліктің баспасөз қызметінен. Балдың ресми бөлімі еліміздің …

АУЫЛДЫҚ ЕКІ ҰСТАЗ еліміздің “Үздік ұстаздарының” қатарынан көрінді Read More »

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА қанағаттанарлық баға берілді

Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов өңір тілшілерімен кездесіп, құқық саласының бүгінгі жағдайы туралы әңгіме өрбітті. Жиын барысында ол облыстық соттардың жұмысын үнемі бақылауда ұстау үшін мониторинг жүргізіп тұратындықтарын айтты. Ондағы мақсат облыстық соттар жұмысының жақсы жақтары болса, оны басқа соттарға енгізу және …

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА қанағаттанарлық баға берілді Read More »

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МЕРЕКЕ

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Биыл еліміз тұңғыш рет Президент күнін атап өткелі отыр. Қазақстандықтар үшін бұл – маңызды оқиға. Өйткені, барша халық өз Елбасын мақтан тұтпай ма?! Сонымен бірге бұл атаулы күннің халықаралық қауымдастық үшін де маңызы ерекше. Біздің бұлай нық сеніммен айтуымызға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке зор үлес қосып, бар …

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МЕРЕКЕ Read More »

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ – ШЫНАЙЫ ӨҢІРЛІК ҮРДІС

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. 1996 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Еуразиялық Ұлттық университетке есімі берілген Лев Гумилевтің туғанына биыл 100 жыл толады.Елбасы Тәуелсіздіктің жиырма жылынан бері тату көршілік, тең құқықтық және адал әріптестік ТМД елдерінің экономикалық бірігуі үшін қажетті шарттар екенін үнемі атап өтіп келеді. Тек осы негізде ғана бірлескен көлік жобалары, инновациялық үлгідегі ғылыми-техникалық …

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ – ШЫНАЙЫ ӨҢІРЛІК ҮРДІС Read More »

ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӘУЛЕТТЕР

Наталья ЕРЕМЕНКО,журналист. Биыл барлық өлшемдерге қарағанда егіннің шығымдылығы былтырғы жылғыдан кем болмауға тиіс еді. Алайда, күннің аптап ыстығы мен ала жаздай бір тамбаған жаңбырдың салдарынан өскіндер жетілмей жатып, семіп қалды. Әсіресе, ерте егілген егін қурап кетті. Алайда, осындай қиын жағдайларға қарамай, аудан диқандарының уақытымен және сапалы жүргізген агротехникалық шаралары өз нәтижесін берді. Астық шығымдылығы жаман …

ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӘУЛЕТТЕР Read More »

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ АСҚАН СӘТ

Бұрнағы күні Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Өңіріміздің білім беру саласының қызметкерлерін облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады. Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Салтанатты шара барысында ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов қашанда мұғалім мамандығы қоғамымызда ерекше орын алып келе жатқанын айтты. Мұғалімнің жаны мейірім мен ізгілікке, адамгершілікке толы …

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ АСҚАН СӘТ Read More »

ЕЛ ҮЗДІГІ АТАНУДАН ҮМІТКЕР кәсіпорындар аз емес

Үстіміздегі жылғы “Алтын Сапа” байқауы жеңімпаздарын анықтайтын күн жақындап келеді, сөйтіп Қазақстанның алтын сапа тізімі жаңа есімдермен толыға түсетін болады. Алина БЕЛОГОНОВА,Облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің жетекші маманы. Елбасы қатысатын осы ауқымды байқау шарасында ел жұртшылығының сапа саласындағы “Алтын Сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқауларының жеңімпаздарын білуінің өзінде үлкен символикалық мән бар. Неге …

ЕЛ ҮЗДІГІ АТАНУДАН ҮМІТКЕР кәсіпорындар аз емес Read More »

КАПИТАН ЖҮКЕНОВ – болашағы зор қызметкер

Динара САҒЫНДЫҚОВА,  СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы. Ертең – Қылмыстық іздестіру күні. Алайда, осындай атаулы мерекеде де жедел уәкілдерге тыным жоқ. Олар демалыстың не екенін ұмытқан жандар десек, артық айтқандығымыз емес. Мүліктік қылмыстар бөлімінің бастығы, полиция капитаны Әсет Жүкенов мереке күні өзге әріптестерімен бірге салтанатты шарадан соң әдеттегідей кезекті қылмыс оқиғасы орнына аттанады. Әсет …

КАПИТАН ЖҮКЕНОВ – болашағы зор қызметкер Read More »

АЯҒАН ХАҚЫНДА ДЕРЕКТІ ЛЕНТА

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясының түсіру тобы артына өлмес мол мұра қалдырған дарынды жерлесіміз Аяған Шәжімбаев жайлы фильмге арқау боларлық деректер жинау мақсатымен облысымызда болды. Оны белгілі кинорежиссер, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі Дархан Қожахан бастап келіп, төрт күндік жұмыс сапар барысында Аяған оқыған мектепке, аты берілген көшеге ат басын тіреді. Марқұмның …

АЯҒАН ХАҚЫНДА ДЕРЕКТІ ЛЕНТА Read More »

ҰЛЫ МАҒЖАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Слышишь, судьба” атты хроникалық-қойылымдық деректі фильмнің жалғасын түсіру мақсатында өңірімізге келген алматылық “Тұран-фильм” студиясының өкілдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз мәслихатын өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Фильмде Мағжанның адами құндылықтары, оның еліміздің мәдениетіне, әсіресе, әдебиеті мен тарихына қосқан үлесі толықтай көрсетілмек. Мәскеу қаласындағы мұрағаттарда сақталған 1920-1930 жылдардағы хроникалық …

ҰЛЫ МАҒЖАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ Read More »

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы, адам үшін білім, білік, мәдениет, өнер бастауы. Тіл құдіретін сезіне білу, сөз мағынасын келістіріп құбылту, оны дұрыс қолдану, дәл түсіну, тіліне жаны ашығандардың басты ісі. Жас ұрпаққа туған тілдің қыры мен сырын ғылыми негізде ұқтыру – бүгінгі күннің басты талабы.  Мектебімізде қазақ тілінің жарқын болашағы үшін күресте айрықша …

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ Read More »

ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, құрметке бөленген жан

Назгүл Үмітбаева Баян орта мектебінде 15 жыл бойы химия мен биология пәндерінен сабақ береді. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін балалардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін өзі әзірлейді. Ұстаз пәнін жақсы меңгеріп, өзінің білімін жетілдіруде аянбай, тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Назгүл Маратқызы оқушылардың бойындағы жеке қасиеттерді дамыту және …

ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, құрметке бөленген жан Read More »

БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЙЫН ЕМЕС!

Ертеде көнекөз қариялар бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Өз отбасымызда дастарқан басында айтылатын ақыл-кеңесті бала кезімізде тыңдап, үлкеннің айтқанын орындап, қарсы сөз айтуға мұрша болмайтын. Ал бүгін жағдай мүлде басқаша. Басқа өмір, басқа қоғам, басқа ниет. Сенің мына қылығың адамға жат, қоғамға жат деп тыйым жасау қайсыбір отбасыда жоқ. Әрбір күнін таңнан кешке дейін ертеңгі …

БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЙЫН ЕМЕС! Read More »