«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛ – ЖЕКЕ ЗАЛ, келесі жылы – мұражай

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше өңіріміздің мәдени өмірінде айтулы оқиға орын алды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залы ашылды. Оның ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов, зиялы қауым, ардагерлер өкілдері қатысты. – Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні аталып өтілмек. Осы мереке қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент залын ашып …

БИЫЛ – ЖЕКЕ ЗАЛ, келесі жылы – мұражай Read More »

ЕЛ ДАҢҚЫН АСЫРҒАН ЕР ТОЙЫ – елдің тойы

Арайлым СМАҒҰЛОВА,  “Солтүстік Қазақстан”.  Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс активінің Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналысы өтті.  Облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен өткен салтанатты шарада алдымен “Солтүстікқазақстандықтар – Тұңғыш Президенттің сенімді тірегі” деректі фильмі көрсетілді. Елімізде, өңірімізде тәуелсіздік жылдары Елбасының сындарлы саясатының арқасында өнеркәсіп, аграрлық, денсаулық сақтау, білім салаларында орын алған оң …

ЕЛ ДАҢҚЫН АСЫРҒАН ЕР ТОЙЫ – елдің тойы Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Тәуелсіз еліміздің күнтізбесіне тағы бір айтулы күн қосылды: биыл біз алғаш рет шынайы жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеміз. Бұл баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Мереке Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімінің, терең қадір-құрметінің жарқын …

Мерекелік құттықтау Read More »

ӨҢІРГЕ БЕЛГІЛІ 7 ТҰЛҒА ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ІХ сессиясы болып, онда 2012-2014 жылдарға арналған облыс бюджетіне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану жөніндегі сараптама комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, өңірге танымал жеті тұлғаға “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру туралы мәселелер қаралды. Сессияға өңір басшысы Серік Біләлов, …

ӨҢІРГЕ БЕЛГІЛІ 7 ТҰЛҒА ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ Read More »

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛДЫ

Қарашаның 28-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің, Үкімет мүшелерінің, құқық қорғау органдары өкілдерінің және бірқатар мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен өңірлердің даму мәселесіне арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты. Кеңесте Президент мемлекеттік қызметтің тиімділігін, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді атап көрсетті. Мемлекет басшысы …

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛДЫ Read More »

САРАБДАЛ САЯСАТ пен БЕКЕМ БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Бұрнағы күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың төрағалығымен өңір­­лерді дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңеске барлық деңгейдегі әкімдер, Үкімет мү­шелері, құқық қорғау ор­ган­дарының өкілдері, бір­қатар мемлекеттік органдар­дың басшылары қатысты. Мемлекет басшысы кеңес ба­рысында бүгінде Қазақстан ма­ңыз­ды мәселелерді шешу алдында тұрғанын атап өтті. – Біздің алдымызда шешімін күтіп тұрған өте маңызды үлкен мә­селелер бар. Еліміздің, халқы­мыз­дың ендігі …

САРАБДАЛ САЯСАТ пен БЕКЕМ БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ Read More »

ТАРИХИ ТАҢДАУ

Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы. Бұл күн кездейсоқ таң­далма­ды. Сонау 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті. Қазақстанда президенттік инс­титут Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты рес­публика Президенті етіп сай­лаған 1990 жылдың сәуірінде-ақ құ­рылғаны белгілі. Алайда­, Президенттің мәрте­бе­сі бірқатар шектеулермен тұсаулы болатын. Мәселен, 1990 жылы …

ТАРИХИ ТАҢДАУ Read More »

ЖYЗЕГЕ АСЫРЫЛFАН ЖОБАЛАР ел экономикасына қызмет етуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауында: “Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс”, – деп атап айтты. Қызылжар өңірі игілікті бастамаға орай ауқымды істерді қолға алып отыр. Қазақстанның индустрияландыру …

ЖYЗЕГЕ АСЫРЫЛFАН ЖОБАЛАР ел экономикасына қызмет етуде Read More »

ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ДАРА ТҰЛҒА

Ыбырай ИЛЬЯСОВ, тыл және еңбек ардагері. Мен алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевты 1965 жылы Алматы қаласында Қазақстан комсомолының ХІ съезіне делегат болып барғанымда көрген едім. Сондағы оның комсомолдар алдында сөйлеген жалынды сөзі жиылған жастарды терең ойға қалдырғанын әлі күнге дейін ұмытқаным жоқ. Сол кезде-ақ Нұрсұлтан Әбішұлының болашақта үлкен мемлекет қайраткері болатыны көрініп тұрғандай болып еді. Әркімнің …

ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ДАРА ТҰЛҒА Read More »

ЖАСАМПАЗ КӨШБАСШЫНЫҢ АРҚАСЫНДА асқақ асуларды бағындырған елміз

  Құдайберген ҚАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Еліміздің бүгінгі таңдағы қарышты қадамы, Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, егемен мемлекетте өмір сүруіміз – баршамыздың бақытымыз. Бірақ бақыт – Тәңірдің сыйы, өздігінен қолға қона салған құс деп ойлау жөн емес. Жиырма жылдан аса уақыт тарихи қысқа кезең болса да, осы жолды еліміз абыроймен жүріп өтті. Бұл кезеңде досқа күлкі, …

ЖАСАМПАЗ КӨШБАСШЫНЫҢ АРҚАСЫНДА асқақ асуларды бағындырған елміз Read More »

СУ АЙДЫНЫ ҚЫСТА ДА ҚАУІПТІ

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ, суда құтқару қызметінің бастығы.   Аязды күндер басталысымен, су айдындары өте қауіпті аймаққа айналады. Төтенше жағдайлар туғызатын алғашқы мұз қатады, мұз адам салмағын көтеретіндей болып көрінеді. Бірақ бұл алдамшы. Осы кезде мұз бетіне шығу, оның үстіне балалар ойындарын ұйымдастыру өзін-өзі өлтірумен тең. Мұз бекігеннен кейін де қырағылықты жоғалтпаған жөн. Мұз үстінде болған кезде …

СУ АЙДЫНЫ ҚЫСТА ДА ҚАУІПТІ Read More »

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы

Петропавл қаласы 2012 жылғы 7 қараша №322 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге …

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы Read More »

“Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы №89 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Петропавл қаласы 2012 жылғы 23 қараша №336 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. “Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін …

“Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы №89 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Read More »

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Петропавл қаласы 2012 жылғы 23 қараша №335 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын: “Солтүстік Қазақстан облысы …

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Read More »

ТАЛАП КҮШЕЙЕ ТҮСТІ

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген мемлекеттік саясаттың арқасында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінде халықаралық сарапшылар мойындаған ауқымды өзгерістер болды. Елбасы “командалық ауысым” тәжірибесін тоқтату туралы тапсырма берді. Меритократияны, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбектерін бағалауды дамыту мақсатында ауыстыру арқылы тағайындау мемлекеттік органдар ішінде ғана жүзеге асады. Бұл мемлекеттік органдардың тұрақтылығын арттырады және мемлекеттік орган ішінде мансаптық өсуге …

ТАЛАП КҮШЕЙЕ ТҮСТІ Read More »

ӨРТ ЖАЛМАП, ҚЫС ҚЫСЫП ТҰР

Жыл басынан бері облыс көлемінде 777 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 480 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 43 адам, оның ішінде 5 бала қайғылы қазаға ұшырап, 29 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Облыс бойынша 164 ғимарат, оның ішінде 46 тұрғын үй, 59 бас ірі қара, 38 автокөлік және 1172 тонна мал азығы отқа …

ӨРТ ЖАЛМАП, ҚЫС ҚЫСЫП ТҰР Read More »

35 ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ

Серік ДҮЙСЕМБЕКОВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бастығы. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өртке қарсы қызметінде өткізілген аттестаттау қорытындыланды. Жоғары, Орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларының отырыстарында барлығы 835 офицер, прапорщик және аумақтық органдарда қатардағы қызметкерлер кәсіби біліктіліктерін тексерді. Солардың 687-сі лауазымдарына лайық деп танылды. 47 қызметкер кадр резервіне енгізіліп, жоғары лауазымдарға ұсынылды. …

35 ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ Read More »

“КОНТРАФАКТ” БАРЫСЫНДА 3 МЫҢНАН АСТАМ ДИСК ТӘРКІЛЕНДІ

Ішкі істер, қаржы полициясы және әділет органдарының қызметкерлері бірлесіп “Контрафакт” жеделалдын алу шарасын жүргізді. Петропавл қаласының ірі сауда орындары – “Тайга”, “ЦОТ” және “Корона” аумағында 11 тексеріс ұйымдастырылды. Оның барысында үш мыңнан астам контрафактілік DVD диск заңсыз айналымнан алынды. Облыс аудандарында 17 тексеріс жүргізіліп, 114 контрафактілік DVD диск алынды. Қазір барлық материалдар тергеу алдында жатыр, …

“КОНТРАФАКТ” БАРЫСЫНДА 3 МЫҢНАН АСТАМ ДИСК ТӘРКІЛЕНДІ Read More »

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ САТПАҚ БОЛҒАН “Геом” ЖШС-нің үстінен 11 қылмыстық іс қозғалды

Облыстың қаржы полицейлері көлеңкелі айналымға түскен арақ-шарап өнімдерін тәркіледі. Петропавлдағы жеке қоймалардың бірінен және жүк көлігінен табылған алкоголь өнімдерінің салық органдарында тіркелмегені анықталды. 197149 бөтелкеге жапсырылған есепке алу-бақылау маркалары жасанды болып шыққан. Осыған орай облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахин брифинг өткізді. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Қазір …

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ САТПАҚ БОЛҒАН “Геом” ЖШС-нің үстінен 11 қылмыстық іс қозғалды Read More »