АДАСУ МА, АРАНДАТУ МА?
Марат ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Қарбаласы көп мына тіршілікте әр адам қамшының сабындай қысқа ғұмырын мәнді өткізіп, өмірдің шырғалаңынан, құрдымға тартар иірімінен аулақ жүрсем дейді ғой. Алайда, бүгін “олай емес, бұлай жүр” деп, ерік-жігеріңді тұсаулап, ақыл айтатындар да көбейіп кеткені жасырын емес. Солардың бірімен жақында кездестім. Жұмыс бабымен облыстық дін істері жөніндегі департаменттің бастығы Нұрислам Ғабдуллиннің …