ОҚУШЫЛАР ЖАЛҒЫЗДЫҚ тақырыбын талқылады
Облыста құрылған психология және әлеуметтік педагогика мәселелері жөніндегі оқушылардың “Лабиринт” ғылыми қоғамының мүшелері ашық мінберден пікірталас өткізді. Оның тақырыбы жеткіншектердің жалғыздық мәселелеріне арналды. Пікірталасқа оқушылардың ғылыми қоғамының Петропавл қаласындағы және аудандық мектептердегі мүшелері мен олардың жетекшілері қатысты. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Психология және әлеуметтік педагогика мәселелері жөніндегі оқушылардың “Лабиринт” ғылыми қоғамының төрайымы Раушан Қазбекованың айтуынша, …