«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН

Айнагүл ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ,журналист. Өткен аптада Шал ақын ауданының орталығында “Солтүстік жастары” қоғамдық бірлестігінің, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұйымдастыруымен көңілді және тапқырлар клубының фестивалі өтті. Оған ауылдық округтер мен Сергеевка қаласының мектеп оқушыларынан құрамдалған бес команда қатысты. Онда аудан әкімінің кубогы жүлдеге тігілді.Фестивальда жоспарланған “Біздің Отанымыз – Қазақстан, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі” …

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН Read More »

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен өңірімізде психология және әлеуметтік педагогика мәселелерін зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылардың ғылыми қоғамы құрылды. Ол еліміз бойынша бұл саланы зерттеумен айналысатын алғашқы қоғам болып табылады.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Оқушылардың ғылыми қоғамының (ОҒҚ) жұмысына облыстық білім беру саласындағы әдіс-темелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері, ОҒҚ …

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ Read More »

СЕЛҚОСТЫҚ — ҚАСІРЕТ БАСЫ, онымен күресті өз ортамыздан бастаған жөн

Соңғы уақытта қоғамда селқостық белең алып барады. Алайда, бұл жаман әдетпен күресу мүмкін емес деу қате. Бұл – баршамызға ортақ мәселе, сондықтан оның тамырына балта шабуға асыққанымыз жөн. Мәселен, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, біреуді қорлау немесе тіл тигізу, тұрғын жайларды бүлдіру, саябақтар мен демалыс орындарында қоқыс тастау – мұның барлығы айналамызға, жанымыздағы адамдарға немқұрайды қараудан …

СЕЛҚОСТЫҚ — ҚАСІРЕТ БАСЫ, онымен күресті өз ортамыздан бастаған жөн Read More »

ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТКІЗІЛМЕК

Мұсылман қауымының жылда асыға күтетін ұлық мерекесі – Құрбан айтты жоғары дәрежеде өткізу имамдар мен молдалардың іскерлігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне тікелей байланысты. “Қызылжар” мешітінде осы мәселеге орай қалалық және аудандық мешіттер бас имамдарымен өткізілген екі күндік семинар-кеңесте наиб имам Қадырбек Шәріпов осыны қадап айтты.Басқосуда бас имамдар айтулы мерекеге дайындық ерте басталғанын айтты. Атап айтқанда, мешіттер, базарлар …

ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТКІЗІЛМЕК Read More »

ЖАРАТҚАН ИЕМIЗГЕ ЖАҚЫНДАЙ ТYСЕЙIК

* желін ұшының түсіп қалуы;* құйрығының жартысы немесе үштен бір бөлігі кесілген болуы;* жілігі майсыз, ауру болуы;* тумысынан құлағы мен құйрығының болмауы;* жетекке көнбейтін және үйірге қосуға жарамайтындай немесе жем беруі қиын тентек болуы;* ауру екендігі анық белгілі болуы.Құрбандық шалуға ниеттенген адамның сатып алған малында жоғарыда аталған кемшіліктер сатып алғаннан кейін пайда болса, орнына басқа …

ЖАРАТҚАН ИЕМIЗГЕ ЖАҚЫНДАЙ ТYСЕЙIК Read More »

ӨНЕР ҚУҒАН ЖАНДАР неге асаба болып жүр?..

“Мәдениет – халықтың рухани азығы” демес бұрын, “Осы саланың мамандары тоқ па?” деген сауалға жауап іздесек. Бұл жерде тоқтықты тікелей мағынада қолданып отырмыз. Біздің рухани жүдеулігіміз бен мәдениет саласы мамандарының еңбекақысының аздығы – бас пен мойын секілді бір-біріне тәуелді-ақ.  Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өңірімізде ғана емес, жалпы елімізде мұндай жағдайдың орын алуына мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысының …

ӨНЕР ҚУҒАН ЖАНДАР неге асаба болып жүр?.. Read More »

Қыдырәлі БОЛМАНОВ:“ДҮНИЕДЕН НЕ АЛАРЫҢДЫ ЕМЕС, АРТЫҢА НЕ ҚАЛДЫРАРЫҢ ДЫ ОЙЛА”

Музыкант әрі продюсер Қыдырәлі Болманов “Ұлытау”, Қарақат, “АБК” сынды продюсерлік жобаларына 10 жыл толуына орай концерттік бағдарламамен өңірімізге келіп, қызылжарлықтарға екі мезгілде концерт берді. Әдетте танымал адамдар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қашқақтап, уақыт жоқтығын сылтау етіп, жалтарып жатады. Бірақ Қыдырәлі Болманов ондай жандардың қатарына кірмейтінін бірден-ақ аңғартты. Есік сыртында газеттен келген тілшілер тұр дегенді естіген …

Қыдырәлі БОЛМАНОВ:“ДҮНИЕДЕН НЕ АЛАРЫҢДЫ ЕМЕС, АРТЫҢА НЕ ҚАЛДЫРАРЫҢ ДЫ ОЙЛА” Read More »

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ олардың бейхабарлығын байқатты

Ирина ВАСИЛЬЕВА, кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әрбір кәсіпкердің банктен бизнесіне, тіпті, бір рет болса да кредит алуға талпыныс жасаған кезінде алатын кредитін кепілмен қамтамасыз ету үшін тығырыққа тірелетіні анық. 2010 жылдан, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру басталған сәттен бері бұл қиындық алынбайтын қамал болудан қалды.Жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету …

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ олардың бейхабарлығын байқатты Read More »

АҒАЙЫНДЫ БӘЛДІКОВТЕР – бидай сеуіп, мал өсірген отбасы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қарағаш ауылындағы “Бәлдіков Қошан” ШҚ 1998 жылдан бері жұмыс аясын да, өрісін де кеңейтуде. Осы ауданға іссапарымызда аталмыш қожалықтың басшысы Мүбәрак Бәлдіковпен жүздесуді жөн санадық. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. 90-шы жылдардың ішінде “бөліп ал да, билей бер” идеясы өршіп тұрған кезде Қарағаш ауылында 8 бірдей шаруа қожалығы құрылған екен. Сол уақытта 500 …

АҒАЙЫНДЫ БӘЛДІКОВТЕР – бидай сеуіп, мал өсірген отбасы Read More »

“ӘЛМИРАСЫМЕН” ӘЛДІ ӘЛДИМЕНОВА түлік басын да көбейту үстінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласында: “Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: “Мен бірінші кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім?” – деп сұрауы тиіс… Шындықты мойындайық: болашақта, ХХІ ғасырда тек Еңбек қана барлық қазақстандықтардың Әл-ауқатқа және жаңа Өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз …

“ӘЛМИРАСЫМЕН” ӘЛДІ ӘЛДИМЕНОВА түлік басын да көбейту үстінде Read More »

АҚЫ ТӨЛЕУДІ АЙЛАП ҰМЫТҚАНДАР тізімі жасалу үстінде

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Тұтынушылардың “Қызылжар су” ЖШС-нің алдындағы берешегінің жалпы сомасы 8,5 миллион теңгеден асып кетті. Ондағы тұрғындардың үлесі 5,2 миллион теңгені құраса, заңды тұлғалардың қарызы 3,3 миллион теңге болды. Осы дебиторлық қарызды азайту үшін кәсіпорында арнайы бағдарлама жасалып, іске кірісті.Кәсіпорын барлығы 66 мыңға жуық қала тұтынушыларын сумен қамтамасыз етеді, олардың 964-і қызметке ақы төлеу …

АҚЫ ТӨЛЕУДІ АЙЛАП ҰМЫТҚАНДАР тізімі жасалу үстінде Read More »

СӨЗ ӨТПЕЙТІН ҚАРЫЗГЕРЛЕР БАР, олармен соттасудан басқа амал болмай тұр

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. – Біздегі қарызгерлер түгелге жуық жеке тұлғалар десе болады. Қала бойынша газ беру қызметін тұтынатын 53 мыңнан астам абонентіміз бар. Тұтынушылардан көрсетілген қызмет үшін төлем жинау мақсатында қаладағы екінші деңгейлі 12 банк филиалымен шарт жасалған, олардың барлығы біздің есептеме шоттарымыз бойынша тұтынылған газға төлем қабылдайды. Сол сияқты осындай шарт бойынша екі ірі …

СӨЗ ӨТПЕЙТІН ҚАРЫЗГЕРЛЕР БАР, олармен соттасудан басқа амал болмай тұр Read More »

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ – күн тәртібіндегі өткір мәселе

Солтүстікқазақстандықтардың облыстық коммуналдық кәсіпорындарға қарызы 202,5 млн. теңгені құрап отырғандығын, оны жаңа жылға дейін барынша азайту мәселесіне орай өңір басшысы Серік Біләлов арнайы селекторлық кеңес өткізіп, аудан әкімдері мен тиісті ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар бергендігін бұған дейін хабарлағанбыз.  Нұрсайын ШӘРІП,“Солтүстік Қазақстан”. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Антон Федяевтің айтуына қарағанда, қалалық тұтынушыларға бір айда …

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ – күн тәртібіндегі өткір мәселе Read More »

ӨҢІРІМІЗДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Жұма күні облысымызға тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру үшін жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат тобы жергілікті ассамблея өкілдерімен кездесті. Дін істері жөніндегі агенттіктің басқарма бастығы Балтабай Мекежанов, Павлодар облысындағы “Мәшһүр Жүсіп” және Ақмола облысының “Науан Хазірет” мешіттерінің наиб имамдары Қанат Алшынбаев пен Батырбек Убаев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік ұйымдарда, аудандарда болып, жұртшылықпен …

ӨҢІРІМІЗДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ Read More »

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Әсет Ысмағұлов суда құтқару қызметінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен “ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі” ММ бастығы лауазымына Виктор Держанский тағайындалды. Виктор Николаевич бұған дейін суда құтқару қызметінде сүңгуір-құтқарушы болып жұмыс істеген.Таныстыру барысында Әсет Ысмағұлов жаңа басшының тәжірибесі мол, ұжымда беделді …

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ Read More »

ОТҚА ДА, СУҒА ДА ТҮСЕТІН құтқарушылар құрметке лайық

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. Қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері шақырылып, оларға мерекелік көңіл күй сыйланды. Жиынның басында құтқару қызметінің жұмысын бейнелеген шағын қойылымды тамашалаған жұртшылық, олардың міндетінің ауыр да қауіпті екендігіне тағы бір көз жеткізді. Төтенше жағдайлар департаменті өзіне жүктелген өрт сөндіру және судан құтқару қызметтерін, мемлекеттік өрт сөндіру …

ОТҚА ДА, СУҒА ДА ТҮСЕТІН құтқарушылар құрметке лайық Read More »

АҚЖАРЛЫҚ ЕВГЕНИЙ ЗЮЗЬКО алдына жан салмады жарысқанда

Жұма күні Достық үйінде жалпы білім беретін оқу орындарындағы өзге ұлт оқушылары арасында “Мен және сен қазақша сөйлейміз” облыстық байқауы өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Байқауға Есіл, Тимирязев және Уәлиханов аудандарынан басқа барлық аудандар мен Қызылжар қаласынан 13 үміткер қатысты. 5-11-сынып оқушылары бақ сынасқан байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар “Мемлекеттік рәміздерге – 20 …

АҚЖАРЛЫҚ ЕВГЕНИЙ ЗЮЗЬКО алдына жан салмады жарысқанда Read More »

МАМАНДЫҒЫН МҮЛТІКСІЗ МЕҢГЕРГЕН

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Марат Қалимолдин өңіріміздің іргелі кәсіпорны – “ЗИКСТО” акционерлік қоғамында алтыншы жыл еңбек етеді. Тұрақты жұмыс орнын тауып, өзінің көңіліне жағатын темір ұстасы мамандығын таңдаған ол аз жылдың ішінде жүк вагондарын жасауға әбден бейімделіп алған. Ол жұмыс істейтін 118-ші цех – зауыттың ең бір өнімді бөлігі. “Бір жеңнен – қол, бір жағадан …

МАМАНДЫҒЫН МҮЛТІКСІЗ МЕҢГЕРГЕН Read More »

АТА КӘСІБІМІЗДІ АРДАҚТАҒАН “ДАНИЛ” қой басын 5 мыңға жеткізбекші

Айбек ХОРШАТ, Ақжар аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы. Ақжарқын ауылындағы “Данил” фермерлік қожалығы құрылғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Алғаш рет өз қаражатына жылқы мен қой сатып алып, кәсіпкерлікті бастаған Руслан Ялдаров басшылық ететін осы фермерлік қожалық бүгінде ауданымыздағы мал өсірумен айналысатын ең үлкен шаруашылықтардың біріне айналып отыр. Арада 4-5 жыл өткен соң қой саны 360 …

АТА КӘСІБІМІЗДІ АРДАҚТАҒАН “ДАНИЛ” қой басын 5 мыңға жеткізбекші Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ “ЕСІЛ” БҰЛ

Облыс орталығының Қазақстан Конституциясы мен М.Жұмабаев көшелері қиылысындағы “Есіл” мейрамханасын 29 жылдан бері жеке кәсіпкер Гүлжиян Әлімбаева басқарып келеді. Сәні мен салтанатын бұзбай, тұтынушыларға ойдағыдай қызмет көрсетіп келе жатқан өндіріс орнының басшысы Гүлжиян Бекенқызын сөзге тартқан едік. – Гүлжиян Бекенқызы, өзіңіздей қазақ қызының Петропавлдың маңдайға ұстар кәсіпорнын басқаруы – сирек кездесетін жағдай. Мейрамхана басшылығына қалай …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ “ЕСІЛ” БҰЛ Read More »