КӨНЕ МЕШІТТЕГІ ИСЛАМ МҰРАЖАЙЫ
Қасиетті Рамазан айында облыс орталығындағы көне мешіттің ғимараты жаңғыртылып, ислам өркениетіне арналған музей ашылды. 1857 жылы салынған ғимарат бұған дейін “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамының қоймасы ретінде пайдаланылып келген. Тарихи нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, оған күрделі жөндеу жүргізілді. Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы Айдарбек Сапаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы …