«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Редакция таңдауы

Ауылдағы ағайынға жағдай жасалса, қалаға қоныс аударушылар азаяр еді

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір жетекшісі Тимирязев және Шал ақын аудандарында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Бұл аудандарда халық саны азайып келеді. Егер мәселе шешімін таппаса, бұл екі аудан болашақта біріктірілуі мүмкін. Сондықтан Айдарбек Сапаров аудан басшыларын, жергілікті кәсіпкерлерді ауылдағы ағайынның жағдайын жақсарту жолында күш біріктіруге шақырды. Облыс …

Ауылдағы ағайынға жағдай жасалса, қалаға қоныс аударушылар азаяр еді Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір басшысы Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Жамбыл аудандарында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаеводағы “Алтын ұрпақ” атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығына барды. Былтыр ашылған орталықта қазір 152 бала …

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН Read More »

Шалғай аудандарда шешілмеген мәселе көп

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров өзінің өңір басшысы ретіндегі алғашқы жұмыс сапарын шалғайдағы Уәлиханов және Ақжар аудандарынан бастады. Айдарбек Сейпілұлы аталған аудандардағы әлеуметтік нысандарды аралап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалармен танысты. Ауыл жұртшылығымен кездесулер өткізіп, алыстағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдап, аудан басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Өңір басшысы Уәлиханов ауданында салынып жатқан “Жолдасбай-агро” қожалығына тиесілі тауарлы-сүт фермасында болды. …

Шалғай аудандарда шешілмеген мәселе көп Read More »

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қай заманда болмасын елдің ағасы болған, халық құрмет тұтқан ақсақалдарымыздың еңбегі кейінгі буынға үлгі, ақыл-кеңесі құнды. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров аға буын өкілдерімен кездесіп, елдің тілекшісі болып отырған алдыңғы толқынмен әдемі әңгіме өрбітті. Өңір басшысы еліміздің қалыптасуына, өңірдің дамуына зор үлес қосқан аға буынның ерен еңбегін атап өтті. – Осы жердің тумасы болғандықтан, маған жүктелген …

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. “Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері …

ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ Read More »

БІЛІМНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ М.Қозыбаев атындағы университетке — 85 жыл

Өңіріміздегі іргелі жоғары оқу орны – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Маңызды шара аясында жоғары оқу орнында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен Ә.Марғұлан атындағы археология институтының филиалдары ашылды. Қос ғылым ордасының өкілдіктерін ашу туралы шешім осы жылдың наурыз айында Петропавл қаласында өткен тарих мұғалімдерінің республикалық съезінде қабылданған болатын. …

БІЛІМНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ М.Қозыбаев атындағы университетке — 85 жыл Read More »

ӨҢІР БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Сол­түстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Ол өңірді дамыту жоспары мен берілген тап­сырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді. Президент Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан тағайындалған әкіміне өңірлерді дамыту және тұр­ғын­дардың әл-ауқатын арттыру жө­нінде бірқатар нақты тапсырма бер­ді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтама­сыз етуді, инфрақұрылымдарды жаң­ғыртып, көлік-логистикалық …

ӨҢІР БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТИІМДІ БАҒЫТЫ

Облыстың өңдеу өнеркәсібінде соңғы бес жылда кәсіпорындар саны 25 пайызға артқан. Тоқырау жылдары жалпы аумағы 300 мың шаршы метр болатын нысан бос қалса, осы аралықта оның 67 пайызы қайта жаңғырып, жаңа өндіріс орындарына айналған.  Бұл жайында облыс әкімдігінде өткен инвестициялық жобаларға онлайн тур барысында айтылды. Өңірде өңдеу өнеркәсібінің оң өсу қарқыны сақталып отыр. Бұл өңірге …

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТИІМДІ БАҒЫТЫ Read More »

Аялдамаға соғылған көлік

Петропавлдағы Жұмысшы кентін­де жеңіл көлік аялдамаға соғылып, төрт адам ауыр жарақаттанды. Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты Жұмысшы кентін­дегі Панфилов көшесінде сағат 14.20 шамасында болған. ВАЗ-2108 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. “Көлікті 23 жастағы жігіт тізгінде­ген. Медициналық куәландыру оның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасына қатысты жинал­ған материал процессуалдық ше­шім қабылдау …

Аялдамаға соғылған көлік Read More »