ОРТАЛЫҚТАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі “Жаңа ХҚКО” деп аталатын тұжырымдаманы енгізіп жатыр. Біздің өңірде аталған тұжырымдама аясында екі халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде. Алғашқысы Петропавл қаласында, екіншісі Бескөл ауылында орналасқан. Петропавлдағы орталықтың іші өзгеріп, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңашылдыққа бет бұрған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жұмысымен танысты. …