БАРДЫ ҰҚСАТА АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында өңірдің қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің кіріс-шығыс бөлігінің орындалуы қаралды. Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов экономикалық индикатор 96,7 пайызды құрап, республикада 20 орынмен шектелгенін жеткізді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 828,1 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 15,8 пайызға …