«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

“ТАЛЬГО” КҮНАРА ҚАТЫНАЙДЫ

“Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамы №105/106 Алматы – Петропавл жүрдек пойызының жүру жиілігіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. 2023 жылдың 14 қаңтары мен 6 наурызы аралығында тасымал жиілігі өзгереді. Пойыз бұрын күн сайын жүретін болса, енді күнара қатынайды. Бұған “Тальго” жүрдек пойызындағы жөндеу жұмыстары себеп болған. “Тальго” жүрдек пойызының қатынау жиілігі мынадай болады: – Алматыдан қаңтар айында тақ …

“ТАЛЬГО” КҮНАРА ҚАТЫНАЙДЫ Read More »

Жалған дипломмен жұмыс істеген

Өңіріміздегі орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жал­ған дипломмен жұмыс істеп жүрген қызметкерлер анықталып жатыр. Өткен жылы облыстық прокуратура жоғары білім туралы жалған құжат­тарды пайдалану фактілерінің жиі­леуіне байланысты осы санаттағы қылмыстық істерге талдау жүргізді. Облыс прокурорының орын­­ба­сары Мұрат Қожамқұ­ловтың айтуын­ша, облыста ай сайын жоғары білім туралы жалған дипломдарды пайда­лану туралы орташа есеппен алты факті …

Жалған дипломмен жұмыс істеген Read More »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР — ӨҢІР ИГІЛІГІ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Жиында биыл өнеркәсіп саласында іске асатын жобалар талқыланғаны жайлы өңір басшысы әлеуметтік желіде жазды. Кейін Петропавл қаласындағы зауыттардың жұмысымен танысты. Айдарбек Сейпілұлы 2023 жылы 11 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. – 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 25,4 млрд. теңге инвестиция тартылады. …

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР — ӨҢІР ИГІЛІГІ Read More »

Орманға қорған болайық

Барыс жылы өңірімізде өрт­тің көптігімен де есте қалған­дай. Былтыр ормандарда 34 рет өрт шығып, салдарынан 1,4 мың гектарға жуық алқап жа­нып кетті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды реттеу басқармасы­ның мәліметіне сүйенсек, 12 ор­ман шаруашылығы мекемесі мен “Красный бор” жануарлар дү­ниесін қорғау жөніндегі ша­руашылық мамандары қызыл жалынның алдын алуға атса­лысуда. Жалпы өрттің алдын алу – …

Орманға қорған болайық Read More »

Бір күнде – үш көлік апаты

Облыс полицейлері күрделі ауа райы жағдайында жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады. Көлік қоз­ғалысы қарқынды “Астана – Петропавл” трассасында бір күннің ішінде үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Таңертең Тайынша ауданының Кременчуг ауылы маңындағы авто­жол­дың 373 шақырымында 38 жас­тағы астаналықтың басқаруындағы “Hyundai Elantra” мен Ақжар ауда­нының 30 жастағы тұрғыны жүргіз­ген “Kiа Rio” автокөліктері соқты­ғысқан. Жол-көлік оқиғасы салда­рынан “Hyundai …

Бір күнде – үш көлік апаты Read More »

“Сырғанақ тебеміз, шынықсын денеміз!”

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны Юрий Красно­пер балаларға арнап биік сырғанақ жасады. 74 жастағы зейнеткер биік сыр­ғанақты Бескөлде бесінші жыл қа­тарынан тұрғызып отыр. Ол биыл қыс түсісімен үйінің жанынан ұзын­дығы шамамен 150 метрге жететін сырғанақты ешкімнің көмегінсіз жал­ғыз өзі салыпты. Қазір ол мұндағы қауіпсіздікті өзі қадағалайды әрі сырғанақты қалыпта ұстап, ма­ңайын­дағы қоқысты жинайды. “Балаларым есейіп …

“Сырғанақ тебеміз, шынықсын денеміз!” Read More »

АЛДА ҚАТТЫ АЯЗ

Келесі аптада өңірде күн күрт суытып, сынап бағанасы -40 градусқа дейін төмендемек. Осыған орай құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын еске салып, алдын ала SMS-хабарламалар жіберіп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынба­сары Мұрат Қанғожиновтің айтуынша, бұл жолы боранды қатты аяз алмастырмақ. Синоптиктердің бол­жамынша, күндіз сынап бағанасы -30-35 градусқа, түнде кей жерлерде -40 градусқа дейін төмендемек. “Қатты …

АЛДА ҚАТТЫ АЯЗ Read More »

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада әдеби кештерден бөлек, қылқалам иелерінің көрмелері де жиі ұйымдастырылып тұрады. Аталған көрмелерде қызылжарлық суретшілер өз туындыларын паш етіп, қағаз бен бояу арқылы тұрғындарға өнер құдіретін танытады. Бүгінде бұл шаралардың тұрақты келушілері аз емес. Жергілікті суретші Ольга Сушкованың суреттер топтамасы көрермендердің жоғары бағасына ие болды. “Бұл әлем неткен керемет” атты көрмеге …

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ Read More »

Түйіншектегі “сәлемдеме”

Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің №51 төтенше қауіпсіздік мекемесіне ұялы телефондар, құлақ­қаптар мен SIM-карталар кіргізбек болған екі жігіт ұсталды. Департаменттің баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, оқиға 23 жел­тоқсан күні болған. Біреулер жеңіл көлікпен келіп, №51 мекемесінің 2 және 3 учаскелері арасына оралған зат лақтырған. Ол аумаққа бірден мекеменің қызметкерлері жіберіліп, қарауылдың техникалық жолында электродқа таспамен оралған 2 түйіншекті …

Түйіншектегі “сәлемдеме” Read More »

Алаяқ кәсіпкер

Өңірдегі “Жарқын-СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы сотталды. Ол ауыл тұрғындарының жер үлесін жалған құжат жасау арқылы банкке кепілге қойып, 600 млн. теңгені қалтасына басқан. Петропавл қалалық соты серік­тес­тік басшысы М.-ға бір топ адам­мен алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде жұрттың дүниесін ұр­лады деген айып таққан. Сотталушы шаруашылық қаты­су­шы­ларының ортақ жиналысының жалған хаттамасын жасап, сол …

Алаяқ кәсіпкер Read More »

Арманы асқақ жеткіншектер

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Айдарбек Сапаров отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Кездесу барысында ұл-қыздарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Өңір басшысы өз сөзінде 2022 жыл есте қаларлық ерекше оқиғаларға толы болғанын жеткізді. – Өткен жыл біз үшін берекелі болды. Қиындықтар қай кезде де орын алып тұрады. Біз соның бәрінен аман …

Арманы асқақ жеткіншектер Read More »

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗБЕК

Екібастұздағы үйлерінің құбырлары жарылған тұрғындардың отыз бес баласы қысқы каникулды қызықты өткізбек. Кішкентай қонақтарды “AMANAT” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алып, Зерендідегі “Парус” лагеріне орналастырды. – Бұл жолғы демалыс “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың демалысын ұйымдыстыру үшін демеушілер тапты. Апат кезінде бүкіл …

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗБЕК Read More »

Батыл бойжеткен

Петропавлда 1 қаңтар күні кеш­ке тұрғын үйден өрт шықты. Баспана иесі оқиға орнында қаза тапты, ал үйдегі екінші адам бойжеткеннің арқасында аман қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Жұмысшы кентін­дегі жекеменшік баспаналардың бі­рінен шыққан. Жалынды толығы­мен сөндіруге бір сағат уақыт жұмсалып­ты. Құтқарушылар оқиға орнынан 33 жастағы үй иесінің денесін тапты. Өрт салдарынан …

Батыл бойжеткен Read More »

Қош келдің жарық әлемге!

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірімізде 22 сәби дүниеге келді. Ата-аналарын шаттыққа бөлеген шақалақтардың он үші – ұл, тоғызы – қыз бала. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл шекесі торсықтай ұлдардың саны басым. Облыстық перинаталдық орта­лықтың бас дәрігері Елена Калюж­ная әрбір ана мен баланың денсау­лығы ақхалаттылардың назарында екенін айтты. Сондай-ақ ол 2023 жыл­дың алғашқы тәулігінде меди­циналық қызметкерлер кезекшілікті …

Қош келдің жарық әлемге! Read More »

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында “Ama­nat” партиясы мен “Bilim-örkenieti” ұлттық инновациялық ғы­лы­ми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен “Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі” атты рес­публикалық байқау ұйымдастырылған болатын. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық түрлі сала мамандары қатысты. Жеңімпаздар елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен мара­паттау рәсіміне арнайы шақырылып, сый-құрметке бөленді. Олардың қатарында жерлесіміз, Айыртау ау­да­нындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің мұғалімі Ақзейнеп Байтенова …

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ Read More »

Бөлім басшысы қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департа­мен­тінің баспасөз қызметі өңір аудандарының бірінің білім бөлімінің басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінгені жайлы ақпарат таратқан болатын. Кейін белгілі бол­ғандай, облыстық сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет Мағжан Жұма­баев ауданының білім бөлімінің бас­шысы С.М.Рамазановаға қатысты сы­байлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүр­гізіп жатқаны анықталды. Петро­павл қаласының мамандандырылған …

Бөлім басшысы қамауға алынды Read More »

Оқырманға тарту

Есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс ақын, саналы ғұ­мы­рын, дарыны мен қабілетін сүйікті газеті – “Soltüstık Qazaqstan”-ның гүлденуіне ар­наған қаламы қарымды журна­лист Болат Қожахметовтің “Өзім және өзгелер жайында”, “Доңғалақты дүние” атты кітаптары жарық көрді. 2000 жылдардың басында “Soltustık Qazaqstan” газетінде “Өзім және өзгелер” айдарымен автордың біраз мақаласы жарияланған. 294 бет­тен тұратын “Өзім және өзгелер жа­йында” кітабына …

Оқырманға тарту Read More »

ҚҰРЫЛЫС КЕШЕУІЛДЕМЕУІ КЕРЕК

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы “Жас өркен” шағынауданына барып, ондағы салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысты. Өңір басшысы атбасын бұрған алғашқы әлеуметтік нысандардың бірі – емхана. Емдеу мекемесі келер жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бір мезетте 250 адамды қабылдай алатын емхананы шағынаудан тұрғындары көптен күтіп жүр. Өкінішке қарай, биылғы жылдың соңында қолданысқа берілуі тиіс ғимараттың …

ҚҰРЫЛЫС КЕШЕУІЛДЕМЕУІ КЕРЕК Read More »

БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы өздері қамқорлыққа алған Полудин балалар үйіне барып қайтты. Олар бүлдіршіндерге тәттілер сыйласа, балалар өз кезегінде меймандарға концерттік бағдарлама ұсынды. Іргесі 1965 жылы қаланған Полудино балалар үйінде бү­гінде 54 бүлдіршін тәрбиеле­нуде. Он сәбиді департамент ма­мандары қамқорлықтарына ал­ған. Қызметкерлер әр мереке сайын …

БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ Read More »

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚПАУ ҮШІН…

Өңірімізде “Пиротехника” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Акцияның бір күнінде қауіпті өнімді заңсыз сатқан 6 адам анықталып, олардан 250 пиротехникалық өнім тәркіленді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “Пиротехника” жедел-профилатикалық іс-шарасы өңірде 25 желтоқсан күні басталып, 3 қаңтарда аяқталмақ. Бұл шараны өткізудегі мақсат – отшашуларды заңсыз сату орындарын анықтап, рұқсат қағазы жоқ сапасыз өнімді айналымнан …

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚПАУ ҮШІН… Read More »