Бағдарламаның аясы кеңейді
Қазақстанда халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздарын қолдау бағытында маңызды норма қабылданды. Енді жеңімпаздар “Болашақ” халықаралық стипендиясы бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде білім алу мүмкіндігіне ие бола алады. Тек бағдарлама талаптарына сәйкес болуы керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл түзету – талантты жастарды қолдауға арналған маңызды …