Күрделі жөндеу — күрмеулі мәселенің шешімі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өңір тұрғындарымен кездесіп, жылу электр станциясын қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінетінін айтты. Министрдің айтуынша, 2022 жылы жөндеу жұмыстарына қаржының аз бөлінуіне байланысты Петропавл жылу электр орталығында технологиялық іркіліс жағдайы бір жарым есеге, ал 2019 жылмен салыстырғанда үш есеге өскен. – Өңірдегі ең негізгі және өзекті мәселелердің бірі – электр энергетикасы саласы. …