«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешені

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында болған жұмыс сапары барысында Новоникольское ауылы тұрғындарының жайлы өмір сүру сапасымен танысты. Жаңадан салынған тұрғын үйлерді, мәдени-спорттық нысандарды көкөніс қоймасын аралап көрді. Мұнда орналасқан “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі жұмысшылар үшін барлық әлеуметтік жағдайды жасап отыр. Балалар-спорт алаңы тұрғызылуда. Жуырда дүкен өз есігін айқара ашты, онда жергілікті өнімдер сатылады. Серіктестіктің …

Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешені Read More »

Шырқы бұзылған шаңырақ

Гүлім БЕКЖАНОВА, 63 жаста. Көрші Сабыр мен Гүлжанның бұл жаққа көшіп келгендеріне көп бола қойған жоқ. Десе де жас отбасымен ә дегеннен тонның ішкі бауындай жақын араласып, тіл табысып кеттік. Отау құрғандарына бірнеше жыл болған екі жас мені көрсе елпеңдеп сәлем береді. Мен сияқты жалғызбасты әйелге көмектерін көрсетіп, мереке сайын құттықтап жатады. Қазіргі қала қазағының …

Шырқы бұзылған шаңырақ Read More »

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық, балаларды жазғы демалыс лагерьлерімен қамту және ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері талқыланды. Әкімдік отырысы тағайындаудан басталды. Көлік министрлігінің бұйрығымен Абылай Қазбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы болып тағайындалды. Кейін жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтылды. Биыл “Севказэнерго” акционерлік қоғамы …

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ Read More »

Ауыл мектебінің ахуалы алаңдатады

Бағытымыз – қазақтың небір беткеұстар тұлғаларының, маңдайалды азаматтарының кіндік қаны тамған, олардың атақ-даңқы жанымызды жадыратып, айбынымызды асыратын Жамбыл ауданы. Ондағы мақсатымыз – облыстық “Soltustik Qazaqstan” газетіне жазылу барысымен танысу, бұдан бөлек, игілікті істерді, жинақталған тәжірибелерді оқырмандарымызға жеткізу, қордаланған мәселелерді тиісті мемлекеттік ұйымдар назарына ұсына отырып, тиісті шешімдердің қабылдануына ықпал ету. Қара жердің апшысын қуырған жеңіл …

Ауыл мектебінің ахуалы алаңдатады Read More »

Диқандар дән себуге кірісті

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов теріскей диқандары көк­темгі егіс науқанына толық дайын екенін мәлімдеді. “Көктемгі дала жұмыстарын қар­жыландыруға 62 млрд. теңге, оның ішінде “Кең дала” бағдарламасы арқылы – 22 млрд., “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” АҚ – 14 млрд., “ҚазАгроҚаржы” АҚ 26 млрд. теңге қарастырған”, – деді Ғауез Торсанұлы. Үкімет басшысына сапалы ты­ңайтқыш өндіру және өнімділікті арттыру жайы …

Диқандар дән себуге кірісті Read More »

АҚҚАЙЫҢДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов Аққайың ауданына жа­саған жұмыс сапары кезінде өңі­ріміздегі үлгілі ауыл – Полтавка елді мекенінде болды. Жергі­лікті диқан Елтай Зікірин ауыл­ды көркейтуге бар күш-жігерін салуда. “Полтавское” серіктес­тігі өз қаржысына балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт пен жұмысшыларына арнап үйлер тұрғызған. “Ақбөпе” бала­бақ­шасы екі жыл бұрын салын­ған. Бүгінде мұнда 34 бала тә­лім-тәрбие алып жатыр. Бала­бақшаның жанында орта …

АҚҚАЙЫҢДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛ Read More »

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Өңірімізге жұмыс сапары­мен “Атамекен” ұлттық кәсіп­керлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ти­мур Нақыпбеков пен Ұлттық экономика министрлігі депар­та­ментінің директоры Нұрбол Жаңабеков келді. Олар Петро­павлда су тасқыны салдары­нан бизнес субъектілеріне кел­тірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның отыры­сына қатысты.  Петропавлдағы Косогор ша­ғын­­­ауданында жеке кәсіпкер Лю­бовь Афанасованың “Наш” дү­ке­­ні орналасқан. Жарты жыл­дан соң зейнет демалысына шыға­тын қала тұрғыны су …

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ Read More »

СУ БАСҚАН ЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Су тасқыны автомобиль жолдарын басып, өңір тұрғындарының аудан мен қалаға қатынауына біраз қиындықтар тудырғаны белгілі. Әсіресе кейбір республикалық маңызы бар жолдардың жиектері көлік жүргізушілері үшін қауіп төндірді. Су тартылысымен аталған орындарда жөндеу жұмыстарын бастаған “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы облыстық филиалының басшылығымен хабарласып,  мән-жайды білдік. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы облыстық филиалы  директорының орынбасары Қанат Өсербаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың …

СУ БАСҚАН ЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? Read More »

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов БАҚ қызметкер­лерімен бірге облыс орталығын аралап, журналистерді тас­қыннан кейінгі зардаптарды жою, шеткері аудандар­дан су сору, жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныс­тырды. Баспасөз туры тұрғындар үшін 500 үй бой көтеретін “Солнечный-2” шағынауданы­нан басталды. Мұндағы алғашқы 100 үй салынып жа­тыр. Құрылысты маусым айын­да аяқтау жоспарланған. “Зерт­теу СК”, “Основание”, “ADA Групп”, “Петроремстрой” сын­ды жалпы саны …

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында Read More »

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Өңірге Германия мен Дания корольдігінен асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Сауын сиырлар жаңадан ашылған тауарлы-сүт фермаларына апа­рылған.  Асыл тұқымды ірі қараның алғашқы партиясы – 34 бас голштино-фриз сиыры Қы­зылжар ауданындағы “Моло­дое-агро” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне жеткізілді. Қазір ірі қара карантинде тұр. Шаруашылық Архангелка елді мекенінің маңында салы­нып жатқан тауарлы-сүт фер­масының құрылысын аяқтап, жақында пайдалануға бермек. Жаңа …

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ Read More »

Ауылда атқарар іс көп

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Қызылжар және Аққайың аудандарында болып, тұрғындармен жүздесті, ауылда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы Қызылжар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Прибрежное, Надежка, Тепличное және Соколовка елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Оларға су кірген үйді жөндеу және сатып алу бойынша ережелер мен атқарылып жатқан кешенді шаралар түсіндірілді. Қызылжар ауданында қарғын су …

Ауылда атқарар іс көп Read More »

Егін уақытында егілуі тиіс

Өңірде бірер күнде көктемгі егіс науқаны басталады. Қазіргі уақытта диқандар ылғал жабу жұмысын аяқтауға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, техника  дайын. Шаруалар литрі 250 теңге болатын дизель отынымен қамтамасыз етілді. Өңірге көктемгі дала жұмысына 57,6 мың тонна жанармай қажет. 54,5 мың тоннаға шарт жасалды, операторлар 41,5 мың тоннаны сатып …

Егін уақытында егілуі тиіс Read More »

“Елін сүйген нар тұлға еді”

Өңірімізде жыр алыбы Жамбылдың атымен аталатын ауданды атақты Қожаберген жырау, сөз зергерлері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов туғаннан болар, жергілікті жұртшылық “Ұлылар мекені” деп қастерлейді. Сондай киелі топы­рақта дүниеге келген ардақты азамат, көзі тірісінде 20-ға жуық кітап жазған рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің туғанына 12 мамыр күні 70 жыл толады. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы зайыбы …

“Елін сүйген нар тұлға еді” Read More »

“Біз біргеміз!” телемарафоны

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет қазақстандық 10 телеарна бірлесіп, “Біз біргеміз!” жалпы­ұлттық телемарафонын өткізді. Елімізде соңғы 80 жылда болған ең ірі табиғи апат – су тасқынына байланысты ұйымдастырылған тікелей эфир 5 сағатқа жалғасты. Телемарафон барысында “Qazaqstan”, “Хабар”, “Jibek Joly”, “Еуразия”, “КТК”, “31 ар­на”, “Atameken Business”, “As­tana TV”, “7 арна” және “Almaty TV” те­леарналарының эфирін­де орта­лық …

“Біз біргеміз!” телемарафоны Read More »

АДАСҚАН МАҒЖАН ҒАНА МА? (Қарт қаламгердің хаты)

Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянына қатысты әрбір құжат қымбат. Солардың біреуі – 1960 жылы 8 тамызда кеңес өкіметінің соты “қылмысы жоқ” деп ақтаған ақынның есімі 1988 жылдың желтоқсанына дейін неге жабық болды, әлде ақынға ара түсуші болмады ма деген сұраққа жауап ретінде ұсынылып отырған мына хат. Авторы – Башқұртстанның халық жазушысы деген құрметті атағы бар, аса көрнекті …

АДАСҚАН МАҒЖАН ҒАНА МА? (Қарт қаламгердің хаты) Read More »

Көшет егу күні

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық науқаны аясында өңірімізде “Бүкілқазақстандық  ағаш  отырғызу күні” акциясы өткізілді. Республикалық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. Ал  27 сәуір – ағаш көшеттерін отырғызатын  және екпелерді әктейтін “Жасыл аймақ” күні болды. Бұл күні облыстың елді мекендерінің аумағында 1,5 мың адамның қатысуымен 19 мыңнан астам түрлі ағаш-бұта тұқымдас көшеттер отырғызылды. “Солтүстікқазақстандықтар бұл акцияға …

Көшет егу күні Read More »

ЖАСТАРДЫ ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ МАҢЫЗДЫ

Тарихта тұтас ұлттар, халықтар мен мемлекеттердің жер бетінен жойылып кеткен мысалдары көп. Өзінің ұлттық бірегейлігін сақтап қалу бәрінің басына бұйырған бақ емес. Аталған халықтардың жойылып кетуіне тек сыртқы факторлар ғана емес, ішкі талас-тартыс пен бірліктің жоқтығы әсер етті. Ал бірлігі бекем елдердің азаматтар бір жерге ұйысып, іргесі беки түсті. Бүгінгі сіз бен біз бастан кешіп …

ЖАСТАРДЫ ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ МАҢЫЗДЫ Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУДА

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, Kazakhmys Holding директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және KAZ Minerals Management басқарма төрағасы Эльдар Мамедов   өңірде қолға алынған  қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесті. Су тасқыны басталғалы облыста 3898 үйді су басқан. Саяжай аумағында 6597 учаске айтарлықтай зардап шекті. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су …

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУДА Read More »

«Мен «Қызылжардан» кетпеймін»

«Мен «қызылжардан» кетпеймін»Футболдан ел біріншілігі басталғалы бір айға жуық уақыт өтті. Әзірге  чемпионаттың алтын жүлдесі кімге бұйыратынын дөп басып айту қиын. Мәселен, жергілікті «Қызылжар» командасы өткен жылы Қазақстан чемпионы атанған шымкенттік «Ордабасы» клубымен бірдей ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынды өзара бөлісіп тұр. Жерлестеріміздің ойын өрнегі бас бапкердің көңілінен шыға ма, команда биылғы маусымда жүлдеге …

«Мен «Қызылжардан» кетпеймін» Read More »

Зардап шеккендер қолдаусыз қалмайды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Уәлиханов көшесіндегі су тасқынынан зардап шеккендер уақытша тұратын жаңа жатақханаға барып, тұрғындармен тілдесті. Зардап шеккендер Жұмабаев көшесіндегі жаңа жатақханаға да көшті. Екі жаңа жатақханада барлығы 440 адам тұрады. Мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Олар баспана мәселесі толық шешілгенше дейін осы жерде тұратын болады. Бүгіннің өзінде Ойқаладағы Павлов, Смирнов, Тухачевский, Перминов және …

Зардап шеккендер қолдаусыз қалмайды Read More »