«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

Ақынның тілдік тұлғасы

Алыптардың ізін ба­сып, олар­мен бірге халық мұңын, ха­лық қуа­ны­шын жырлап, шабыт туын көтер­ген ақын-жазушы­лардың ортасын­да Ғалым Рахметұлы Малдыбаев болды. Ақын шығар­машылық өмі­рінде көркем әдебиеттің әр саласы­на араласып, туған әде­биетіміз­дің барша жанрының да­муына сеп тигізіп, атсалысқан. Атап айтқанда, алғаш әдебиетке қысқа өлеңдер­мен келген ол поэма жан­рын меңгере жүре, драмалық шы­ғар­малар жазып, сын-сықақ жан­рының қазақ әдебиетінде дамуына …

Ақынның тілдік тұлғасы Read More »

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ

Әкем Ғалым Малдыбаев – сана­лы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетіне арнаған жан. Ол өзі­нің “Өмірден ертегі” атты хикаятында туғанынан шешесінен жетім қалып, байдың есігінде күн кешіп, қозы бақ­қанын, көп қиянат көргенін баяндай­ды. Жасынан таршылық пен жоқшылық­тың зардабын тартқан әкем талапкерлігі, мақсатшылдығының арқа­сында талай жетістікке жеткені көбі­мізге аян. Молдадан сауатын шала ашса да, қолына қалам ұстап, …

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ Read More »

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

Өлкелік партия комитетінің шешімі бойынша Баянауылда “Ленин туы” атты тұңғыш рет жас газет – жаңа газет шығатын боп жатқан қуанышты кез. 1931 жылдың күзі. Редактор болып Ға­лым Малдыбаев келді. Интернатты мектепте үш жыл бойы директор бо­лып істейтін мені аудандық партия ко­митеті Ғалым редактор болып келер­ден бір ай бұрын осы “Ленин туы” га­зетінің орынбасары әрі жауапты …

СӨЗ ЗЕРГЕРІ Read More »

АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕ АЛМАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары баспасөз мәслихатын өткізді.

АТА ЗАҢНЫҢ ҮШТЕН БІР БӨЛІГІ ЖАҢАРАДЫ

Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов өңірімізге жұмыс сапармен келіп, бірқатар кездесулер өткізді. Халық қалаулысы алдымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен сұхбаттасып, 5 маусымға белгіленген бүкілхалықтық референдумның негізгі мақсаттарын түсіндіріп, Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістерге тоқталды.

“ҚУАНЫШ” — ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ МАҚТАНЫШЫ Азия чемпионына 10 млн. теңгенің сертификаты табысталды

Солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар өңір тарихында тұңғыш рет клубтар арасындағы Азия біріншілігінде топ жарғаны белгілі. Спортшылардың бұл жеңісі елеусіз қалған жоқ, “Green Park” отбасылық демалыс орталығында салтанатты жиын өтіп, облыс әкімі Құмар Ақсақалов команда мүшелерін құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Петропавлда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Сухомлинов 100 жасқа толды. Майдангердің мерейтойына орай Ұлттық ұлан Академиясының оркестрі оның ауласына барып, мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде кене шаққан 80-ге жуық бала дәрігер көмегіне жүгінген

Облыста 260 адамды кене шақты. 10 күн ішінде зиянды жәндіктен зардап шеккен солтүстікқазақстандықтардың саны 2,5 есеге, ал былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Конституциялық реформа – тарихтың жаңа парағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауында жұртшылық назарына еліміздің саяси жүйесін түбірімен өзгертуге қатысты ауқымды бағдарлама ұсынғаны белгілі. Қалың көпшілік қолдау көрсеткен бастаманың негізгі идеясы өркениетті елдерге тән және де алуан түрлі көзқарастарды тоғыстырып, демократиялық тетіктерді қалыптастыратын азаматтық қоғам құруды көздейді. Мемлекет басшысы “Amanat” партиясының кезектен тыс ХХІІІ сьезінде Қазақстанда мемлекет …

Конституциялық реформа – тарихтың жаңа парағы Read More »

Тұрақтылыққа негізделген өзгерістер

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау мақсатында барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіретін Кәсіподақтар федерациясы жанынан құрылған республикалық штаб өз жұмысын бастады.

Келесі аптада банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастайды

Мамырдың 16-сы еліміздегі банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайды. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық әйелдер зейнетке шығу жасын төмендетуді сұрайды

«AMANAT» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Парламент Мәжілісінің депутаты Дмитрий Колода Аққайың ауданы Астраханка ауылында тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Депозитке 10% өтемақы автоматты түрде аударылады

2023 жылы бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы автоматты түрде аударылады. Төлемақыны алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып әуре болудың қажеті жоқ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.