«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ АУҚЫМЫ ТАРЫЛМАСЫН

Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері сынды дүлдүлдердің дүбірі қалған Қызылжар елі – ежелден ән мен жырдың бесігін тербеткен құтты мекен. “Алыптар ауылдан шығады” дегендей осы күні ел аузында жүрген өнер майталмандарының қай-қайсысы болсын кезінде ауыл сахнасынан түлеп ұшты емес пе? Сол талантты жандардың өнерін ұштаған ауылдағы руханият ошағы – Мәдениет үйлерінің қазіргі халі қалай? …

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ АУҚЫМЫ ТАРЫЛМАСЫН Read More »

Еркіндік үшін күресті

ХХ ғасырда елді оянуға, білім алуға, мәдениет пен ғылымға шақырып, тәуелсіз мемлекет атануға үндеген Алаш қайраткерлерінің арасында солтүстік өңірдің тумалары көп болғанын көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бәрі біледі. Атап айтқанда, олардың қатарында Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Бекмұхамед Серкебаев, Абдолла Байтасұлы сынды тұлғалар бар. Менің нағашы атам Мұхамеджан Бейсенов те белгілі ұлт зиялыларымен …

Еркіндік үшін күресті Read More »

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ: “РУХАНИЯТТАН АЛЫСТАҒАН АДАМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ”

– Таңат Ошыбайұлы, әңгімені әріден бастайық, Арқаның сал-серілерін үлгі тұтқан жасқа атақты Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті атанып, Батыс ән мектебінің мақамын меңгеру оңай болмаған болар. – Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс дәстүрлі ән мектептері барын жақсы білерсіз. Арқада тұрып, бұл жақтың ән айту стилі бойымызға сіңгендіктен Ғарифолла ағайымның дәрістері оңай тие қоймады. Әскер қатарынан келген …

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ: “РУХАНИЯТТАН АЛЫСТАҒАН АДАМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ” Read More »

СЕГІЗДІҢ ЖАРЫ ЫРЫСБИКЕ ЖАЙЫНДА

Қазақтың киелі жерлерін ара­лау, тәу ету, тағзым жа­сау мақса­тында тарих тарлан­боздары құн­дақталған киелі ме­кен Қызыл­жарға келдік. Сапар ба­рысында атақты Қожаберген жы­раудың жат­қан жеріне барып, Сегіз се­рінің ұрпақтарымен кездес­тік. Та­рихын зерделеп, тере­ңірек та­ныстық. Қанша деген­мен, кітап­тан оқыған бір бөлек те, өз көзің­мен көрген мүлдем бө­лек дүние ғой. Сезінесің, тере­ңірек ұғына тү­сесің. Сегіз сері біздің Ырысбике деген …

СЕГІЗДІҢ ЖАРЫ ЫРЫСБИКЕ ЖАЙЫНДА Read More »

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Булаев қаласындағы “Дос­тық” мәдениет және демалыс саябағының меңгерушісі Мей­рам Рыспаев ұлттық мұрамыз­ды сақтап, мәдени құндылықтардың дамуына үлес қосып жүр. Ол ауданның қоғамдық-сая­си өміріне белсенді қатысып, он жыл бойы “Мақсат” қазақ этномәдени бірлестігіне жетек­ші­лік етуде. Қоғамдық жұмыстармен өнерді де қатар ұстауда. Он саусағынан өнер тамған азамат – үздік қол­өнер шебері. “Жігітке жеті өнер де аз” де­ген …

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ Read More »

“ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ”

Ағаш жапырақтары сарғайып, күн нұрын сирек шашып, күңіреніп күз жеткенде құстардың жылы жаққа қайтатыны – табиғи заңдылық. Сол бір құбылысты сазды әуенге айналдырып, қазақ халқына өлмейтін ән сыйлаған Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар қайтып барады” әнін еңбектенген баладан еңкейген қарияға дейін айтып жүр десем, қателеспеймін. 1965 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиев “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық …

“ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ” Read More »

Естеліктер сыр шертеді

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, білім беру саласының ардагері Ғабит Қоңырбаевтың “Есіме алсам, ойыма салам” атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, автордың достары, туған-туысқандары қатысты. Алғашқы болып кітаптың жарық көруіне себепкер болған, оған өз үлесін қосқан кітаптың редакторы, заң ғылымының докторы Қайыртай Шигиров сөз сөйледі. Кітаптың таспасын жерлесіміз …

Естеліктер сыр шертеді Read More »

Мұхаммедәлі ИСПАНОВ: “АГРОНОМ МЕН СПОРТШЫ БАСҚАРҒАН МӘДЕНИЕТ ОҢБАЙДЫ”

– Мұхаммедәлі Нұрманұлы, театр сахнасынан кетіп, қазір қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі қызметінде жүрсіз. Өнер адамы ретінде іздегеніңізді таптыңыз ба? – Көркемдік жетекші – аса бір үлкен қызмет емес. Бірақ өнерпаздардың сахнаға не алып шығатынын жоспарлау, болатын концерттің сценарийін құру, айтатын әндерді таңдау сияқты көзге көріне бермесе де, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыстары көп. Мәдениет …

Мұхаммедәлі ИСПАНОВ: “АГРОНОМ МЕН СПОРТШЫ БАСҚАРҒАН МӘДЕНИЕТ ОҢБАЙДЫ” Read More »

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

“Өткенсіз бүгін, бүгінсіз бола­шақ жоқ”, – деген сөздің тереңін­де салмақты мән-мағына жатыр. Қазақ халқы ерте заманнан баба­лар рухына тағзым етуді парыз-міндет санаған. Ата-баба ру­хына тағзым ету мақсатында Оразбай батырдың 275 жылдық мерейтойына және оның ұрпақ­тарының осы жерге қоныстанға­нына 90 жыл толуына орай Ақ­жар ауданының Май ауылында ас беріліп, батырдың басына белгі қойды. Тарихи мәліметтерге сүйен­сек, …

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ Read More »

Ғылымның жаққан шырағын

Әлкей Хақанұлы Марғұлан – археолог-тарихшы, өнертанушы және фольклоршы, қола және ерте темір дәуірі архитектуралық ескерткіштері бойынша маман, тарих ғылымдарының докторы, академик, профессор. Биыл қазақтың осындай аяулы перзентінің дүниеге келгеніне 120 жыл толып отыр. Әлкей Марғұлан Алаш арыстарымен жақын қарым-қатынаста болғанын білеміз. Оның ғылымда биік шыңға жетуі де кешегі зиялылардың өнегесін көріп, тәлімін бойына сіңіргендіктен шығар. …

Ғылымның жаққан шырағын Read More »

“САТИРА ТІЛ ДАМЫҒАН ЖЕРДЕ ҒАНА ӨРКЕНДЕЙДІ”

Тасқын кезінде құрылған “Көкбөрі” қоғамдық ұйымы­ның ұйытқы болуымен Қызылжар аудандық Мәдениет үйіне “Шаншар” әзіл-сықақ театры келіп, табиғи апат­тан зар­дап шеккен елдің еңсесін көтеру мақсатында концерт бер­гені белгілі. Жабырқаулы көңілді әдемі әзілмен кө­теруге тырысқан театрдың басшысы Уәлибек Әбді­райымовпен әңгімелесудің сәті түсті. – Уәлибек Әкімханұлы, ма­мандығыңыз бойынша фило­лог екенсіз. Өнер жо­лы­на қалай келдіңіз? – Иә, филология ғылымы …

“САТИРА ТІЛ ДАМЫҒАН ЖЕРДЕ ҒАНА ӨРКЕНДЕЙДІ” Read More »

Жазушының баспа машинкасы

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі бағалы жә­дігерлердің бірі – жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың “Olympia” бас­па машинкасы. Аталмыш жәдігер­ді жазушының қызы – Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері Алтын Иманбаева 2019 жылы та­быстаған. Қоңыр жәшікке салынған бас­па машинкасы әлі күнге жарқы­рап, сырын да, сынын да берме­ген. Музей директоры Маржан Тау­шарованың айтуынша, 1994 жылы Повозочное ауылының При­ишимка орта мектебінде З.Иман­баевтың …

Жазушының баспа машинкасы Read More »

ҚАРТ БАСЫЛЫМНЫҢ ХАЛІН БІЛДІ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларында болып, ұжым мүшелерімен кездесті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында бұқаралық ақпарат құралдары маңызды орын алады. Тілшілер қауымымен кездесуді ұйғарған облыс әкімі әр редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл орайда қарт басылым “Soltüstık Qazaqstan” газеті ұжымына да өңір басшысымен кездесудің орайы келді. Іргетасын Алаштың аяулы азаматы Мағжан ақын бір ғасыр …

ҚАРТ БАСЫЛЫМНЫҢ ХАЛІН БІЛДІ Read More »

Шәрке сал

Киелі Қызылжар топырағында талай сал-серілер құндақталғаны баршамызға аян. Асыл мұралары бүгінгі күнге ауызша жеткеннен болар, кейбір туындылардың авторынан қателесіп жүргеніміз де белгілі. Бүгінгі мақаламыз ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты балуан, суырып салма әнші-ақындардың бірі Шәрке сал Қорабайұлының 200 жылдығына арналады. Шәрке сал 1824 жылдың наурыз айында қазіргі Мамлют ауданына қарасты Бике ауылының маңында орналасқан Манақа …

Шәрке сал Read More »

Алаш ардақтылары азапталған “АҚ ТҮРМЕ”

Еліміздің көне тарихының талай-талай қатпарын қопарған сайын танысқан табысыңа таңдана отырып, тарих сілемдерінің құпия сырына сүйсіне де, күрсіне де қарайсың. Оның өз себебі бар шығар, біздің шытырман тарихымыз әлі толық зерттеліп, шынайы ғасырлар сөресінде өз орнын таба білді ме, білмеді ме, міне гәп қайда жатыр. Заманының саяси өктемшілігін қолына алғандар немесе алғысы келгендер қолына тиген …

Алаш ардақтылары азапталған “АҚ ТҮРМЕ” Read More »

Мәдениетте мешіт ашылды

Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылында қайырымды жандардың демеушілігімен ме­шіт салынып, пайдалануға беріл­ді. Бұл қуанышты күнді ауыл тұрғындары асыға күтті. Мешіттің ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен қатар, Қа­зақстан Мұсылмандары Діни бас­қармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Хам­зат Қажымұратұлы, “Крас­ный яр” мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы, ауыл имамы Аманжол Ақайұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар …

Мәдениетте мешіт ашылды Read More »

МҰСАНЫҢ ҚОНЫСЫ

Есіл ауданының орталығы Явленка селосына барған жолаушы табаны тиген жердің бұрын Мұсаның қонысы деп аталғанын білуге тиіс. Жылғараның үлкен ұлы Мұса – ата мұрасын сақтап, бар байлықты да, билікті де иемденген адам. Әкесі барында да, ол фәни дүниеден өткеннен кейін де Мұсаның аты шығып, дәрежесі көтеріліп, ел арасына кең тарады, патша ұлықтары да онымен санасып, …

МҰСАНЫҢ ҚОНЫСЫ Read More »

Бас жүлде – біздің бишілерде

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгі­лік” би ансамблі Болгария елінде өткен халықаралық фес­тивальде бас жүлдені жеңіп алды. Витоша тауының етегінде ор­на­ласқан София қаласындағы мә­дени іс-шаралар күнтізбесі ая­сында өткен ХХVIII халықаралық фестивальде Қазақстан, Боли­вия, Үндістан, Италия, Албания, Мексика, Молдова, Грузия, Сол­түстік Македония мен Болгария елдерінің шығармашылық ұжым­да­ры бақ сынады. Хореография, кос­тюм дизайны, жұптық және ұжымдық орындау …

Бас жүлде – біздің бишілерде Read More »

ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН ҚАЗЫНА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғы­лы­ми-әмбе­бап кітапханада жерлесіміз, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың “Ортақкөл әңгімелері” кітабының тұсау­кесері өтті. Шараға Зейнел-Ғаби Иманбаевтың ба­лала­ры, туыстары, жерлестері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Кі­тап Алматыдағы “Асыл кітап” баспасында басылған. Жазушының туған жері – Шал ақын ауданында жыл ба­сынан бері қаламгерге арналып кітапхана, музей, өзге де мәде­ниет ордаларында шығармашы­лық кездесулер, …

ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН ҚАЗЫНА Read More »

БАТАЛЫ ҰЛ АРЫМАС

Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Бала күнімізде батаның сөз­де­рін тілге жүйрік, сөзге шебер, көпті көрген ойлы адамдар шы­ға­ратын. Кейінгі буын батаның сөздеріне, дұрыс берілуіне мән беріп жатыр ма? Мені қазір осы сұрақ мазалайды. Қолыма қалам алуыма “Soltüstık Qazaqstan” газетінде 2024 …

БАТАЛЫ ҰЛ АРЫМАС Read More »