ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ел ардақтайтын абзал мамандықтың ақ жолына қажыр-қайратын, білім-қабілетін аямай, өмірінің салмақты жылдарын, бар асыл уақытын арнаған ұстаз, соғыс және еңбек ардагері Қали Хадесовтің есімін құрметпен атаймыз. Бұл кісінің ғұмырбаянының өзі кіршіксіз ұстаздықтың үлгісіндей. Бүкіл саналы ғұмырын білім беру ісіне жұмсап, 41 жыл мектеп директоры болды. Қали …