«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Сарқылмас қазына

“Ата көрген – оқ жонар”, – деген рас-ау! Қазақтың ұлт­тық тұрмыстық қолөнер бұйымдарын жасау, бір жағынан наси­хаттау бағытындағы үзіліссіз ең­бек жолыма үңілсем, көз алды­ма атам елестейді. Ол кісінің ар­қасында кенжелеп қалған қол­өнермен түбегейлі айналысып, кәнігі, кәсіпқой маман болып қа­лыптастым. Атам тері илейтін, қамшы өретін, жылқының жалы мен құйрығынан арқан есетін. Әдемілеп безендірген жүген, ноқта, доға …

Сарқылмас қазына Read More »

Ата кәсіп – балаға мұра

Қазақ – ықылым заманнан бері сән-салтанатпен өмір сүр­ген халық. Алайда құс қанатына байланған заман ағымы, дәуір талғамы, солақай саясаттың салдарынан кейбір әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз қазір өзге түгілі өзімізге таңсық. Қазіргі буын қоржын, аткежім, текемет дегеннің не екенін біле бер­мейді. Ал білетіндердің ол жай­лы айтып, насихаттап жатқаны шамалы. Ел болып еңсемізді көтергелі бері өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, …

Ата кәсіп – балаға мұра Read More »

Наурыз келді!

Наурыз келдi! Қара жер семiрiп Бөгiп жатыр. Төрт түлiк малым Даламның Көлдей етегiн толтырып Төлдерiн төгiп жатыр. Өрiсiм у-шу болып Көңiлiмдi қозғап тұр. Қошақандарым Сыбызғыдай ән салып, Құлыншақтарым Күмiс қоңыраудай жар салып, Ботақандарым Иiр мойынды қобыздай Боздап тұр. Көкпеңбек мұздары Тасқа түскен шыныдай Шатырлап сынып жатыр. Жап-жасыл көктерi Жердi көктеген инедей Жапырлап шығып жатыр. Алған …

Наурыз келді! Read More »

ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ЖЫРЛАР

Қазақ ауыз әдебиетінің көр­кін келтірген эпикалық – батыр­лар жыры, ғашықтар жыры, та­рихи дастандар, қиссалар – қан­ша уақыт өтсе де өзінің рухани мәнділігін жоғалтпайтын, ұлт­тық әдебиеттің қалыптасуына, орасан зор ықпалын тигізген құн­дылықтар. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Бозжігіт”, “Еңлік-Кебек”, “Айсары-Шор­ман” сияқты қисса-жырлар шық­қан жеріне, ортасына, уақытына қарамастан қазақ даласының әр түкпірінде басқа да жыр-қисса­лардың өмірге келуіне …

ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ЖЫРЛАР Read More »

Жаңа жылмен бірге келген жыр көші

Кешегі Шал ақын, Шөже, Орын­бай, Ақан сері, Үкілі Ыбырайлар ғұ­мыр кешкен киелі мекенде жырдың көші әманда үзілмек емес. Ғасыр­лар бойы ән мен жырға бесік бол­ған Қызылжар халқының да қара өлеңге деген ықыласы ерекше. Жыл сайын өңірде өтетін аламан айтыстарда залға лық толып отыратын сөзұғар көрермен – со­ның дәлелі. Қазақтың аузы дуалы, сөзі уәлі ақындары да …

Жаңа жылмен бірге келген жыр көші Read More »

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ

Наурыз мейрамына арналған мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мерекелік іс-шаралар қаламыздағы көп­қабатты үйлердің аулаларында ұйымдас­тырылды. Тұрғындар бірігіп, ор­тақ дастарқан жайып, концерт қойды, ұлттық ойындар өткізді. Сондай мерекенің бірі – Жам­был көшесі, 80 мекенжайындағы үйдің ауласында өтті. Өңір бас­шы­сы Ғауез Нұрмұхамбетов аулаға жиналған қа­ла­лықтарды Наурыз мейрамы­мен құттықтап, бірлесе ұйымдас­ты­рылған мереке үшін алғысын білдірді. – Бес …

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

Сөздерінде жалын бар

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Наурыз мейрамына арналған “Ұлыс күні – ырыс күні” атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Сөз сайысына қатысқан өрендер қазақтың төл мейрамы жайлы әсерлі шумақтар айтып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. – Біз облыстық деңгейдегі оқу­шылар айтысын алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл – мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Білім ордасында жас ақындар үйірме­сі …

Сөздерінде жалын бар Read More »

Бельгердің скрипкасы

Петропавл гуманитар­лық-техникалық колледжі жа­нындағы жазушы Ге­рольд Бель­гер атындағы музейде 120-ға жуық жәді­гер бар. Со­лардың бірі – көне скрип­ка. Музей жетекшісі Ақнұр Қаже­нованың айтуынша, аталмыш жә­дігерді білім ордасына жазушы­ның Мәскеуде тұратын қызы, акт­риса, режиссер, продюсер Ири­на Ковалева 2017 жылы табыс­тапты. – Атамыз Карл Фридрих Бель­гер көзі тірісінде бірнеше музыка­лық аспапта ойнаған. Бұл – сол кі­сінің скрипкасы. …

Бельгердің скрипкасы Read More »

Алпамыс батыр балаларға ұнады

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма теат­рында Наурыз мерекесіне орай балаларға арналған “Жақ­сылыққа жаршы болған Наурыз” атты ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. “Алпамыс батыр” жырының желісі бойынша сах­наланған қойылымда балаларға жеті қазынаның мәні, асық ату, арқан тартыс, ақсүйек ойындарының тәртібі түсіндірілді. Ойын соңында Ұмай ана кейпін­дегі актриса аластау дегеннің не екенін көрсетсе, Қыдыр ата ба­лаларға ақ батасын …

Алпамыс батыр балаларға ұнады Read More »

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…”

– Хамзат Қажымұратұлы, мұсылмандар үшін қасиетті са­налатын Рамазан айының бас­талуымен құттықтаймын! Әң­гімеміздің әлқиссасын осы та­қырып төңірегінде бастасақ. Оразаны тамақтан ғана тыйы­лу деп түсінетіндер көп. Неге? – Ораза араб тілінде “саум” деп аталады. Саум сөзінің тілдік ма­ғынасы барлық нәрседен ты­йылу деген ұғымды берсе, ша­ри­ғаттағы мағынасы – таң атқан­нан күн батқанға дейін ораза ниеті­мен ішіп-жеуден тыйылу де­генді …

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…” Read More »

Көрісу – көктемнің басы

Кеңес билігі 1926 жылдан бастап Наурыз мейра­мын тойлауға ресми түрде ты­йым салса да, ел ішінде атап өтілетін. Үлкендер жағы “Ұлыс­тың ұлы күні келді” десіп, бір-бі­рімен төс қағыстырып, көрісу рә­сімін жасайтын. “Ақ мол бол­сын, қайда жүрсең, жол болсын!” деген игі тілектер айтылып, көп­тен көріспеген ағайын құлын-тайдай шұрқырасып, арқа-жар­қа болатын. Әбден тоң болып қатқан жер-ана бусанып, жыл …

Көрісу – көктемнің басы Read More »

Ұлтын жанындай сүйген тұлға әлі күнге дейін еленбей келеді

Қазақ радиосын үзбей тың­дай­мын. Бас-аяғы жұмыр ке­зек­ті хабар республикамызды ши­рек ғасырға жуық басқарған Дін­мұхаммед Қонаевқа арна­лып­ты. Қала, көше, мектептерге есі­мі­нің берілуі әбден құптар­лық. Есіме біреуді-біреу біліп бол­майтын аласапыран, қиын-қыстау кезеңде елімізге жетекшілік еткен, қазақтан шыққан тұңғыш бірінші хатшы Жұмабай Шаях­метов оралды. Әлі күнге дейін мемлекет қайраткеріне лайық құрмет көрсетілмей, ұлықтал­мауының себеп-салдарына қан­ша үңілгенмен, шешуін таппаған …

Ұлтын жанындай сүйген тұлға әлі күнге дейін еленбей келеді Read More »

Қаһарман қыздар

Достық үйінде “Жұлдызды қыздар” көрмесі ашылды. Көр­ме білімді, еңбекқор, батыл әрі өжет әйелдерге құрмет көрсету, оларды еске алу үшін ұйымдас­тырылуда. Көрмеге суреті қойылғандардың басым бөлігі – қазақстандық әйелдер, соның ішінде “Социа­листік еңбек ері” атағына ие бол­ғандар. Қазақстанда бұл жоға­ры атаққа 1803 адам, оның ішін­де 227 әйел ие болған. Көрме сөресіне егінші­лер, мал өсірушілер, мұнайшы­лар, электровоз …

Қаһарман қыздар Read More »

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Күннің қабағы ашылып, табиғат-ананың бауыры жібіген көктемнің жаймашуақ күнінде Қызылжар жұрты Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Бұл күннің мереке екенін жанға жайлы ауа райының өзі айтып тұрғандай. Қала көшелері қолына қызғалдақ ұстаған аруларға, жақынын құттықтауға асыққан ер адамдарға толы. Аналар мерекесі күнделікті қарбалас тіршілікті бір күнге болсын ұмыттырып, көңілге жайлылық пен қуаныш сыйлағандай. Облыс орталығындағы …

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ҚОЛ БАСТАП…

1757-1758 жылдар Абылай бас­таған қазақ әскерлерінің жоңғар қалмақтарынан азат бол­ған жерлерді қайтарып, қазақтарды қайта қоныстандыру шаралары­мен өткен еді. Бірақ шығыстағы алпауыт Қытай мемлекеті “бұл жерлер жоңғарлардың ата қоны­сы, ал жоңғарлардың түбіне жет­кен біз – қытайлар, ендеше жер де қытайдікі” деп есептеп, өздері иемденгісі келді. Бұл арада жоңғар тағына таласушылардың бірі Қалдан Сереннің жиені Әмір­сананың қылығын …

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ҚОЛ БАСТАП… Read More »

Бірлікке шақырған форум

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Қазақ халқына – мың алғыс” этностар форумы өтіп, айтулы іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Алғыс айту күніне арналды. “1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылып, Қазақстанды мекен­дейтін қазақ халқы мен өзге этнос­тарды бір шаңырақ астына топ­тас­тырып, айқын мақсаттар мен армандарға жетелеп келе жатқан бірегей құрылым ретінде таныл­ды. Бұл күні …

Бірлікке шақырған форум Read More »

Дәстүр дәріптелді

Достық үйінде Халықара­лық әйелдер күніне орай Ас­сам­блея жанынан құрылған ана­­лар кеңесінің аудандық фи­лиал­дары арасында сайыс өт­ті. Облыстық байқауға Аққа­йың, Шал ақын, Тимирязев, Ақ­жар, Жамбыл, Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­дар­­дағы аналар кеңестерінің мү­шелері қатысты. Екі кезең­нен тұратын жарыстың ал­ғаш­қы сатысында қатысушылар әр аудандағы аналар кеңесте­рі­нің жұмысымен таныстырып, жү­зе­ге асырылып жатқан жо­ба­ла­ры туралы баяндады. Екін­ші ке­зеңде қазақтың …

Дәстүр дәріптелді Read More »

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Қазақ халқы ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: “Он екі айдың сұлтаны”, – деп атаған. Берекесі мол айда ағайын-туыстар, көрші-қолаң бір-біріне жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихат­таған. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз. Қазақстан мұсылмандары …

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-ке­шенінде жазушы, публицист, облыстың құрметті азаматы Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай “Сөз зергері – Бельгер” атты еске алу кешін өткізді. “Асыл мұра” орталы­ғының мамандары, Петропавл гуманитарлық-техникалық кол­леджінің оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысқан іс-шара қаламгердің өмірінен сыр шертетін бейне­материалмен басталды. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қа­зан­да …

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ Read More »

ЕСІЛ АҒАДЫ МАҒЖАННЫҢ ЖҮЙРІК ЖЫРЫНДАЙ…

Өзіміз күнделікті ортасында жүрген, аптабымен күйдіріп, аязымен тоңдыратын, бірде арқаңнан қағып марқайтатын, қызығы да, қыжылы да көп қым-қуыт мына дүние әуен мен әуезге, сарын мен сазға тұнып тұр. Тереңінен толқып көтеріліп, бір жотаның омырауын иненің көзіндей тесіп, жылт-жылт етіп ағып жатқан ерке Есілдің сылқ-сылқ күлген сылқым сылдырына құлақ түріңізші. Одан заман мен уақыттың дүбір мен …

ЕСІЛ АҒАДЫ МАҒЖАННЫҢ ЖҮЙРІК ЖЫРЫНДАЙ… Read More »