ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Адамзатты ақыл-ойдың биігіне шығарып, өркениетке бастайтын басты құндылық – кітап. Кітапқа құмар қоғамның бүгіні баянды, болашағы жарқын болмақ. Бұл жағынан келгенде кітапханаларымыздың мүмкіндіктері де жоқ емес. Соған қарамастан мәдени орындардың есігін қағатын ағайынның азайғаны байқалады. Кітапхана сөрелеріндегі сіресіп тұрған туындыларды іздеп келіп оқушылар сиреген. Сол себептен соңғы екі жылда Мәдениет және спорт министрлігі оқырман белсенділігін …